Әлдекімге (әлденеге) көңілі ауды, жаны ашыды; іш тартты. ~ Қызметке адам сайласа, елге кісі жіберілсе, елден шығын жиылса, өз еліне, өз тұқымына бүйрегі бұрып отырар еді. Бірақ ол бұрғанын өмірі сездірмей, еппен іс қылар еді. Ж.Айм. ~ Бұрын түсінде де көрмеген ағайынға бүйрегі онша бұра қойған жоқ. Қ.Ысқ. ~ Осы әйелге бұл да іш тартып, әлденеге бүйрегі бұрып тұратын. О.Сәрс. ~ Жаны ашып, жақын тартты; іш тартты. ~ Бір қызығы Сәбең де араға тұп-тура бір ғасыр салып, Шоқанның сапар жолын қайталай басып өтті. Кеңестік империяның шеңберінде жүрседе қандастарына «бүйрек бұрып», Шоқанның кемтігін толтыруды іштей армандағанымен «кеңістіктен» шыға алмады. Ж.Шәк. ~ Бір қызығы Сәбең де араға тұп-тура бір ғасыр салып, Шоқанның сапар жолын қайталай басып өтті. Кеңестік империяның шеңберінде жүрседе қандастарына «бүйрек бұрып», Шоқанның кемтігін толтыруды іштей армандағанымен «кеңістіктен» шыға алмады. Ж.Шәк.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
БҮЙРЕГІ БҮЛКІЛДЕДІ
Әлдебір себеппен қобалжып, іштей толқыды, ~ Оның да адам секілді жүрегі, бауыры, бүйрегі бар. Сөз жоқ, жаны қиналады, жүрегі сыздайды, бауыры езіледі, бүйрегі бүлкілдейді. Д.Рам. ~ Қазақ көліне шомылғысы келгені сияқты қазақ үйін көргенде мызғай кеткісі келетін, сағыныштан туған еркелік әке-балалық, аға-бауырлық қимастарда көп болушы еді ғой. Ағалығын ағыл-тегіл ақтарып, ыстық құшағына тартып құшып-сүйе алмағанымен бүйрегі бүлкілдеп тұрғанын жасыра алмайды. Ж.Шәк.
БҮЙРЕГІ БҮЛК ЕТТІ
Әлдебір күдік бойын билеп алды. ~ Қыз бойын байсалды, еркін ұстады. Барлық жүйкесін жұдырығына жинап, алақанына қысып алғандай. Мұны көргенде сезімтал кемпірдің көңіліне күдік келіп, бүйрегі бүлк етті. М.Кәр. ~ Тоқай-Темір кіндігінен тараған жас ханзаданың бүйрегі бүлк етті. Д.Дос.
БҮЙРЕГІ БҮЛК ЕТКЕН ЖОҚ
Еш қайғырған жоқ, селт етпеді. ~ Өлімге үйренген Сәденнің бұған бүйрегі бүлк еткен жоқ: «атты алып жөнел!— деді ол серіктерінің біреуіне, — өзгеміз мынаны ағаштың ішіне апарып, қарға көмейік!» С.Мұқ. ~ Олардың өлгеніне бүйрегім бүлк етпеген еді. Ғ.Мүс. ~ Сендердің адамдарың өлсе құны жоқталады екен. Біздің адамдар қынадай қырылып жатса да бүйректерің бүлк етпейді. Ж.Шәк. ~ Бесқарағайлықтар мектепті жағалап, дүкенді сағалап, «орталық» деп, Шұбарағаш пен Жалқарағайға жарыла көшіп жатқанда, мұның бүйрегі де бүлк еткен жоқ. Ә.Асқ.
БҮЙРЕГІ БІТЕУ
Май басқан, семіз адам туралы. ~ Әй, сенің анау Самауыр досыңа қызмет тауып беру керек еді,- дейтіні бар, Самауыр менің Әкімге қойған атым болатын. — Қызметтің оған керегі не, онсыз да бүйрегі бітеу ғой. Қ.Ысқ.
БҮЙІШЕ ҚАДАЛДЫ
Тесіп жіберепдей шүйілді, қадалды. ~ Айбар қарағыма сәлем айтыңыз! Жолыңыз болсын! Жылы хабарды асыға күтеміз, сізде ұл, бізде қыз бар дегендей, қазан аузы жоғары деп үміттенеміз!..» Осы сөзді айтып әкім жігіт коньякті көтеріп қойды. Арыстан-екең ерін ұшын тигізді де рюмкені қызметші жігіттің қолына ұстатты. «Жақпайды, әтасына нәлет, ай, бауырыма бүйіше қадалады!» Д.Дос.
БҮЙІШЕ БҮРІСТІ
Іштен тынып, түнере қалды. ~ Үйге топты бастап кірген Тәтібала кемпір қолындағы ақ сабауына сүйене отыра беріп: — Ел басына қара күн туғызып, қамшы ойнатқанда қайратты едің, өзіңнің басыңа күн туғанда бүйіше бүрісіп қалыпсың ғой. Қалай долдансаң да халық қаһарынан құтылмасқа көзің жеткен болар. Онан да басынды көтер. Ана өрістегі малынды қотанға келтірт. Тәңірі біреу, кезек екеу деген — деп ентіге тоқтады. ~ С.Бег.
БҮЙІРІНЕ (ШАНШУДАЙ) ҚАДАЛДЫ
Оқтай тиіп, мазалай берді, ойдан кетпей қойды. * Әйткенмен ол сөз есімнен шықпады, бір бүйіріме қадалды да жүрді. Ж.Нәж. * Алмашкүлдiң қызыл күрең шәйiн iшiп, тырысқан кеуiлi жiбiгенмен, жаңа ғана жиналыста мүлт берiп алғаны Пұсырманның бiр бүйiрiнде шаншудай қадалып тұрып алды. Б.Алд.
БҮЙІРІН ҚЫЗДЫРДЫ
Еліртті, қанын қыздырды. * Арақ ішіп алған әлдекімдер айғай-сүрең салып, солдаттарға ұмтылып, онсыз да соқтығарға қара таппай ашынып аласұрған елдің бүйірін қыздыра түсті. Т.Сәу. * Қарашаштың орнын сипап қалса да, жарының өткен өмірін баяндаған кітапты қолына алғандай, оған жақындай түскендей бір тәтті сезім бүйірін қыздырып келеді. М.Қаб. * Кешке қарай мал қайтқанда жиналған жұрттың қызығы – екі бұқаның сүзіскенін тамашалау. Елдің көтермелеген қолпаш сөзі Ысқақ пен Жәми екеуінің әжептәуір бүйірін қыздырады. Т.Сәу.
БҮЙІРІ ШЫҚПАДЫ
Тұрмысы бір түзелмеді, оңалмады, өмірі тойынып көрген емес д.м. ~ Пәре үддесіне келгенде әмір бүйірі шықпайтын, назары аш сұрақшыға Мамозы «Абдолла жайын қозғамай-ақ қояйық» деп айта алған жоқ. Ж.Ахм. ~ «Ұры байымас» деген емес пе, онымен бүйірі шыққан Сақар жоқ. Қанша айтса да, әке тілін алмаған қатыгез ұлға өмір бойы байдың малын бағып, нәпақасын маңдай терімен тапқан Қарабала қатты наразы болып: «Түбі оңбассың! » – деп еді. Ү.Жәл. ~ Көзі ілбиіп, танауы қусырылып, самай шашы селдіреп, кесенің түбінен ұстап тісінен сыздықтатып қымызды жұтады да отырады. Тұздан келіп тойына алмаған түйедей өміріне бүйірі шыққан кісі емес. І.Жан. ~ Құмардың есі кіргелі бүйірі шыққан жері жоқ. Бірақ пақыр болғысы келмейтін еді. Әкесін де нақұрыс деп ойлаған емес. Намыстанып қалды. З.Шүк.

