БҮЙІРІ СӨГІЛДІ

Қиналды, жанына батты. * Бәрің де тістің суындай, көздің қарашығындай, жаңа пісіп келе жатқан көк өрім азаматсыңдар, баламызсыңдар, інімізсіңдер. Сендер кетсең қабырғамыз қайысады, бүйіріміз сөгіледі… оны көрмей-білмей отырған жұрт бар ма?.. Ж.Айм.

БҮЙІРІ СӨГІЛДІ Read More

БҮЙІРІ ҚЫЗДЫ

Әлденеге қызығып кетті, желікті; намысқа шапты. ~ Бір күні балалардың ойнағанына бүйірім қызып, төңбекшіп ұйқым келмей, не де болса, құдайдың салғанын керермін деп, тұра сала ойынға мен де бардым. Ж.Айм. ~ Бүйір қыздыратын түрлі-түрлі алыпқашпа әңгімелерден кейін С.Мұқановтың «Адасқандар» романының ізіне түсіп байқаған едік. Қ.Ерг. ~ Олардың ішінде бүйірі қызып отыра алмаған, орта жасты қусырып тастаған еркектер де жүр. Ә.Шәр. ~ Олар ел ішіне тараған Сәкеннің өлеңін айтып шықты. Өлең кімдікі екенін білмейтін тәрізді. Білмесе білмесін, Сәкеннің кәдімгідей бүйірі қызды. Т.Әл.

БҮЙІРІ ҚЫЗДЫ Read More

БҮЙІРІ ҚЫЗБАДЫ

Қызықпады, еліге қоймады. ~ Жаңа жыл түгіл он мереке қабатынан келсе де бүйірі қызбайтын, сәнденіп бой түзеуді еш елемейтін. Қандай той — томалақ, кештерге де күнделік үйреншікті киімімен бара беретін. Б.Соқ.

БҮЙІРІ ҚЫЗБАДЫ Read More

БҮЙІДЕЙ ТИДІ

Шатақ шығарды, апшысын қуырды, қыра жаздады. ~ — Сіз де «жалаңаш төс кедеймін» деп Одақ кезінде бастықтарға бүйідей тиюші едіңіз ғой?- деп Ырымбайдың құйын білетін Дарқан қитығына тиді. Т.Рыс. ~ Ол келе жергілікті кадрге бүйідей тиіп: «Бұлардың қолынан жөнді іс келмейді, әбден бойы үйреніп алған, «ауыстыру керек» деген … З.Шаш. ~ Жазалаушы жасақшылар бейбіт ауылға бүйідей тиді. Бір- екі жігітті дізерлетіп тұрғызып: — Қашқындар қалай қарай кетті?! — деп жауап алды Баймағамбет. Б.Тоғ. ~ Көрінгенге бүйідей тиіп, үлкен-кішімен тасыраңдап ойнап, әңгүдік мінезімен ауыл-үйді әбден ығыр етті. А.Сей.

БҮЙІДЕЙ ТИДІ Read More

БҮЙІ ШАҚҚАНДАЙ

Бүкіл денесі тітіркеніп кетті. * Жүрегі алқымына тығылып, аттай тулайды. Саурық бейнесі көз алдына елестесе бүйі шаққандай денесі дір етеді. Ә.Шәр. * Есенбек бүйі шағып алғандай орнынан ұшып тұрады. З.Қаб.

БҮЙІ ШАҚҚАНДАЙ Read More

БҮЙІ ТИГЕНДЕЙ ҚЫЛДЫ (БҮЛДІРДІ, БҮЛІНДІ)

Астан-кестенін шығарды, шат-шәлекей қылды. * Байдың бұрынғыдай реті болса, о қыздың маңынан жүре алар ма еді. Сөз бірдеме шығып ұрғашыға бүйі тигендей қылған жоқ па? Ж.Айм. * Ақтың әскері басқан жерге шегіртке жайлағандай, бүйі тигендей болды. Шауып кеткен, басып кеткен, атып кеткен кезден шоласыз. Желтау маңында бір ауылды қалпымен қырып кетіпті. Ж.Айм. * Орал губерниясы, Ақтөбе маңайы Жанша Досмұқамбетұлын «хан» дейтін болды. Ханның милиция, әскері жүрген жерін бүйі тигендей қылды. С.Сей. * Біздің Мыңбұлақтың бастығын түлен түртіп, елдің ішін бүйі тигендей бүлдірді. Бірің қалмай, жаппай жаңа қонысқа көшесіңдер, – деді. Ш.Мұрт. ~ Біреуден біреудің артық-кемі жоқ, жұртшылық аспа-төкке малынып, қой үстіне боз торғай жұмыртқаламаса да күнделікті тапқан-таянғанын ішіп-жеп көйлек көк, тамақ тоқ жайбырақат жатқан мамыражай күй бүйі тигендей бүліне жөнелді. Ш.Рах.

БҮЙІ ТИГЕНДЕЙ ҚЫЛДЫ (БҮЛДІРДІ, БҮЛІНДІ) Read More

БҮЙЕНІ МАЙЛЫ

Ауқатты, күпті, жағдайы жақсы. ~ Үйбай, Қайреке, о не дегеніңіз! Айтқаныңыз болсын! – деді директор қипақтап. – Менікі әншейін депутаттың бүйені майлы, күйі жайлы ма дегенім ғой… Кең үйде көңіл жараса ма деп… Ә.Асқ.

БҮЙЕНІ МАЙЛЫ Read More

БҮЙЕН ЖЕГЕН

Ашыққан, құныққан. ~ Ол мына үш директорға совхозда жұмыртқаның 35 тиынға түскенін, құстан жарым миллион сом табыс алғанын айтыпты. Содан бүйен жеген мергендер құс сорпасын сұраған екен, «Таранов» совхозының директоры қысқасын бір-ақ айтыпты: Б.Қыд. ~ Әй бюрократ тауықтар-ай! Семіз ет пен уызды жұмыртқаның дәмі таңдайдан кетпейтінін қалай-ақ түсінбейді екен. Қайран дәмді ет, қымбат жұмыртқа. Я, айтып-айтпай немене, жұмыртқа қымбат! Бүйен жеген байқұстарға ол ұстата қоя ма?! Б.Қыд.

БҮЙЕН ЖЕГЕН Read More

БҮГІНГІ (БҰЛ) ТАҢДА

Осы уақытта, бүгін, ~ Бүгінгі таңда көптеген жастар махаббатты сезімдік таным деңгейінде ғана түсініп, ақылға жеңдірмей, тұрмысқа араластырады. Н.Абдыр. ~ Өкініштісі бұл ән бүгінгі таңда қазақ радиосының алтын қорында «Назым-ай» болып әр уақыт қайталанып беріліп келеді. Ж.Шәк. ~ Бұл таңда сөзін сатып, жан бағатын мамандық иелерінің көбейіп келе жатуы да қоғам қажетінен туған. Н.Абдыр.

БҮГІНГІ (БҰЛ) ТАҢДА Read More