БОРДАЙ СЫЗДЫ

Түнгі аспанда ақ ізін қалдырып, ағып түскен жұлдыздар туралы. ~ Анандайда, түннiң қара тақтасын бордай сызып үздiк-создық екi жарық жаңағы өзi келген жаққа қарай ағып барады – тағы да Алаңға барғандарды тоғытып әкеле жатқан шығар. Т.Сәу. ~ Iргедегi үңiрейген тауға басын сүйеп қалғыған қара түн күрсiне мұңайды. Қалтыраған суық аспанның қара тақтасын бордай сызып, жұлдыз ақты. Т.Сәу. ~ Мың-сан шырағы жарқыраған тылсым түннің не сиқыры бар? Әне, аспанның көк шынысын бордай сызып бір жұлдыз ағып түсті. Т.Сәу.

БОРДАЙ СЫЗДЫ Read More

БОРДАЙ ЕЗДІ (ЕЗІЛДІ)

Билеп-төстеді, жаншыды. * Бодандықта үш жүз жыл бордай езді Аузы түкті сол кәпір жаулап алып! Е.Дүй.

Қайғыдан еңсесі түсіп, қиналды, жылап-сықтады, күйінді. ~ Сүлкейдің бордай езіле берген жан дүниесі қатайып, тоңази қалды. С.Елу. ~ Кездескен кедергіні тағдыр тепкісіне баласақ азаматпын деген жігерің қайда қалмақ. Болмашы нәрсеге, бордай езілудің пайдасы бар ма? Ә.Ысқ. ~ Қош, бабам! Қош! Қош! — деп көз жасын сыға отырып ахун аятын аяқтағанда, бордай езіліп отырған жұрт енселерін көтере алмай бірауық қыбырсыз қалды. С.Ел.

БОРДАЙ ЕЗДІ (ЕЗІЛДІ) Read More

БОРДАЙ ЕГІЛДІ

Қатты күйзеліп, қайғырды, егіле жылады. ~ Кісіге көріне алмай бұл күйінде, Шығарды төр үйінен ас үйіне. Егіліп бордай болып ол жыласа, Күледі Жаңыл іштен сүйіне-сүйіне. С.Тор. ~ Е, балам, «шешенің судай төгілген, тыңдаушың бордай егілген» дегендей, сөйлеуді де, тыңдауды да сүйген ел — ел-дағы. М.Әу. ~ Есінен айрылған елдің көшерін жел, қонарын сай білетін, айхай, қу тағдыр-ай! Боранқұл бордай босап егілді. Ғ.Біл. * Қарттың салыңқы қабағын, дірілдей, қыстыға айқайлағанын көргенде, әлденеге түсінгендей еді; кемпірінің жанында бордай егіліп күйзелмейін деп кеткен ғой деп ойлады ол. М.Сүн.

БОРДАЙ ЕГІЛДІ Read More

БОРДАЙ БОСАП ЕГІЛДІ (БОСАДЫ)

Қайғыға беріліп, жылап-сықтады, егілді. ~ … адам баласының сай-сүйегін сырқыратар зар дауыспен шырқырап шырылдағанда көзжасына ие бола алмай бордай босап егілген аталар мен аналар салқын суға жылап көрісті. Ғ.Біл. ~ Есінен айрылған елдің көшерін жел, қонарын сай білетін, айхай, қу тағдыр-ай! Боранқұл бордай босап егілді. Таған түсе бастаған қос жанардың жасымен сақалын жуды. Ғ.Біл ~ Әйелдер қайтадан өксіп, шалдар еңкілдеп, үйде отырғандар тегіс бордай босап кетті. Ә.Нұрш. .

БОРДАЙ БОСАП ЕГІЛДІ (БОСАДЫ) Read More

БОЛЫМЫ ЖОҚ

Болбыр, жігерсіз, епсіз, қолынан іс келмейтін адам туралы.
~ Бас аяғыңды жылдам! — деді Мамай. — Әй, аруағыңнан айналайын Бақтияр бабам: «Болымы жоқ бозбала бейнеттен қашар бұлтақтап», — деуші еді- ау. Дәл сол ғой мына бала. Қ.Ысқ.

БОЛЫМЫ ЖОҚ Read More

БОЛСЫН ДЕМЕЙДІ

Біреуге жақсылық тілемейді. * Кеше Көптiлеужаңа тұрмысты құрысты. Қалқозға енбегi сiңдi. Бiрақ ол соңғы кезде тым өзгерiп бара жатыр. Өзiнен басқаға болсын демейдi. Б.Алд. * Қазақ қалжыңының түрі осы. Болсын демейді, бүлдіргіге құмар. Қисая сөйлеп, қиялап тарта беретіні бесенеден белгілі мінез. Өйткені қазақпыз ғой… Ж.Жұмат-Әлмашұлы.

БОЛСЫН ДЕМЕЙДІ Read More

БОЛМАСҚА (БОЛМАЙТЫН ІСКЕ) БОРДАЙ ЕГІЛДІ (ЕЗІЛДІ)

Бекер қайғырды, қобалжыды, уайым қылды. ~ … бәйтеректің түбірінен жас өскін көктепті, соның тілеуін тілейін, болмасқа бордай езіліп қайтеміз, жаратқан ием жас ғұмырды жарылқағай; қош, ғасырлар куәсі бәйтерек, қош! О.Бөк. ~ «Болмайтын іске бордай егілмей, болаттай берік болу» ғана қалыпты. Ұшар құсты темір торға қамап, алақаныңмен басып отыра алмайды екенсің. О.Бөк.

БОЛМАСҚА (БОЛМАЙТЫН ІСКЕ) БОРДАЙ ЕГІЛДІ (ЕЗІЛДІ) Read More