Құр әурешілік, мағына-мәнсіз әрекет. ~ Дегенмен неге ұзақ хикая? Соның сырын ашса, осы үй ғана аша алады. Тағы бір дауыс оның бос далбаса. Қайтсең де қаралы қалған, өзің жәбірлеген Әспетті тап. Аяғына жығыл. С.Шай. ~ … бір күндік қу тамақ үшін алысып-жұлысып, ағайын мен ағайын ренжісіп, ұрсысып жүргендері құр далбаса… Ш.Мұр.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
БОРША БОЛҒЫР
Қарғыс. * Сорлы шал-ай, сорлап қала жаздаған екен ғой?! Сол борша болғырды баяғыда-ақ етке өткіз деп едім, тыңдай ма… Ғ.Қаб.
БОРША-БОРШАСЫ ШЫҚТЫ (БОРША-БОРШАСЫН ШЫҒАРДЫ)
Әбден берекесі кетті, үл-паршасы шықты. ~ Оған көмекші керек болмаса, мына Мағираға керек. Иә, бет-аузы жарылып, борша- боршасы шыққан осының қолын босатқан жөн… Д.Әш. ~ Сіздердей өңкей досты бөлек шақырғанда айтпағым бар еді. Кеше мен не көріп қайттым? Жау бомбасынан борша-борша шыққан сәбилерді көрдім. Жоқ, ойын емес, шын екен! Ғ.Сл.
Әбден берекесі кетті, үл-паршасы шықты. ~ Оған көмекші керек болмаса, мына Мағираға керек. Иә, бет-аузы жарылып, борша- боршасы шыққан осының қолын босатқан жөн… Д.Әш. ~ Сіздердей өңкей досты бөлек шақырғанда айтпағым бар еді. Кеше мен не көріп қайттым? Жау бомбасынан борша-борша шыққан сәбилерді көрдім. Жоқ, ойын емес, шын екен! Ғ.Сл.
БОРША-БОРША БОЛДЫ
Әбден күйі кетті, сау-тамтығы қалмады. * Айғыр да арыған, атта арса-арса болған. Жүні-түгі жайын малдай жалпылдап кетіп, өздері іш тастаған, әбден жүдеген сақа биелер де борша-борша болған. М.Әу. * Бәйтен қызара терлеп және өзінің терлеп отырғанын сезген сайын, одан жаман борша-борша болып, әйтеуір, қоржынын тауып алып, жақындап келіп, орындыққа отырған. Т.Әбд.
БОРША-БОРША (БОЛЫП) ТЕРЛЕДІ
Малмандай болып терледі, қара терге түсті, иті шықты.
~ Қозбағар борша-борша терледі. Күліп жүр. Көзі байлаулы, түк көрмейді. С.Елу. * Ойпырым-ай, жайша ма? — деп Қалаған борша-борша болып терлеген қайнысының бетіне қайта-қайта қарай берді. Т.Әбд.~ Хош, сол жатқаннан ертеңгі түс әлетінде бір- ақ ояндым. Борша — борша терлегенімді, ана дүниеге кетіп барып, қайтып келгенімді онсыз да біліп отырсыз ғой, несіне қайталай беремін. Қ.Жиен.
БОРСЫҚША ТЫРСИЫП (БЫРТИЫП) СЕМІРДІ
Бүкіл денесін май басты.~ Текті кісінің тұқымымын деп, байлығыма мықыны серпімді сұлулардың соңына түсіпті, ақша мен малды аямай шашыпты. «Мырза» деген сөзге борсықша тырсиып семіріпті. Уай, пәлі–ай! Д.Дос. ~ Жәй, әншейін… борсықша быртиып семіріп барасың. Осындай бой жетіп тұрған шағыңда біреуінің етегінен алмаймысың дегенім ғой… Қ.Ысқ.
БОРСЫҚША СОРДЫ
Аяусыз қанады. * Ондай шіренген балаларды сыртқа теппей, ішіне жабысып, борсықша сора беруге қулығың жетпеді. С.Жүн. ~ Комсомол хатшысы, аға. Қоғабай дейтін бір қу жақ. Өлтіргенің жақсы болды. «Қара таяқ… оқымысты… Борсықша сорып отырған қанаушы… Ақметшелерді жер аударған күні қосшы кедейлер «уһ!» деп бір кеудесін кере дем алады» деп әнеугүнгі жиналыста өңменін соза сөйлеген шешендердің ең бір өшпендісі еді… Х.Ес.
БОРПЫ АЯҚ
Аяғы қысқа әрі жуан. * Жол тақтақ, шананың табаны май жаққандай сырғып тұр. Бiрақ борпы аяқ күрең биенiң жүрiсi өнер емес. Т.Сәу.
БОРДАЙ ҮГІТІЛДІ (ҮГІЛДІ)
Егіле қайғырды; көңілі құлазып, уайым тартты, жүнжіп кетті. ~ Елісханәкесінің өлі денесін құшақтап бір еңіресе, екі шешесінің, әйелінің, балаларының мүрдесін көріп ет-бауыры езіліп, бордай үгітілді. Ж.Шәк. ~ «Бордай үгітіліп соншалық кім маған? Наурызымның садағасы… Тек жалғыз ғой деп аяймын…» М.Сүн. ~ Жыламашы, апа, мықты едiң ғой, не болды бордай үгiлiп. Уақыт өтiп барады, ел-жұрттың амандығын айтсаңшы одан да. Т.Сәу. ~ Жаратқан жалғыздың жарылқаймын десе, құдіретінде шек жоқ қой. Күдерімізді үзбейік, бордай үгіліп жаси бергенмен, ештеңе өнбес. А.Сей.
БОРДАЙ ТОЗДЫ
Береке-бірліктен айрылып, тоз-тозы шықты. ~ Несін жасырайын қайран шал-ау! Біз өкпелей алмайтын, тек кеудесі кекке толы мейірімсіз ұрпақпыз. Қауқарсыз құр ашуды бойға жинап болдырған, бордай тозып бара жатқан буынбыз. Ы.Дәб. ~ Бала бағып өсірдім деп қуанып, мақтанып жүрсем бәле асырап жүр екенмін ғой, рахмет, бәріңе де рахмет. Болмай кетіңдер, бордай тозыңдар — деп бетін сипады да атына қарай жүре берді. К.Өтж. ~ Малымызды неге тартып әкелмейміз? – деген сосын бордай тозып, босап отырған шал-шауқанды селк еткізіп. Бәрі жамырай Досмағанбетке қарады. Н.Дәут.

