БОЗ БИЕНІҢ СҮТІНЕ ШОМЫЛДЫРДЫ

Ерекше құрмет көрсетті. * Тентегі мен телісін Түзетіп, жөнге салады. Атасы мен анасын Боз биенің сүтіне Шомылдырып алады. «Алпамыс б.» * «Сабалақтың» кім екенін білген, қылығына риза болған қазақтар, оны боз биенің сүтіне шомылдырып, боз айғырды құрмалдыққа шалып, Бурабай келінін, желкесіндегі «Хан» аталып кеткен шалқар көлдің жағасында, боз кигізге салып хан көтереді. С.Мұқ. * Жесір мен кесірді айтсаң, Дербісалыны айт! Бұ Дербісалыдан өзгең боз биенің сүтіне шомылып жүрсің бе, осы?! Ж.Ахм.

БОЗ БИЕНІҢ СҮТІНЕ ШОМЫЛДЫРДЫ Read More

БОЗ БАС

Балаң жігіт. ~ Мықынын қысып қалсақ: – Өй, қағынды! – Қойшы! – деп еркеленер, бұраң етер. Ордабайдың ауылы – өңшең боз бас. Қолы бос, делебесі неге қозбас? Ж.Айм. ~ Сұрамай тағдырымнан өзге асылды, Иемін табиғатқа боз басымды. Сәулесі шағылысып жұлдыздардың, Кептірген сүйіп жұлдыз көз жасымды. Қ.Бұғ.

БОЗ БАС Read More

БОЗ БАЛА

Өрімдей жас жігіт. ~ Бұл – көрегендік те, кісімсігендік те емес, сөз өнерінің дертіне ұшыраған боз баланың қиялы жетелеген талпыныстың қорытындысы болатын. Т.Жұрт.

БОЗ БАЛА Read More

БОЗ АУЫЗ

Әлжуаз, біреудің айдауына жүре беретін ынжық. * Амантайдың сырт естуі – Тұяқ балаларының ішіндегі иіс алмасы осы Темірбек еді. «Онша боз ауыз емес екен» деп ойлады Амантай. С.Мұқ.

БОЗ АУЫЗ Read More

БОДАУЫН ҚАЙТАРДЫ

Төлемін қайтарды, қарызын өтеді. ~ Жаны қысылған адамға жасалған жақсылықтың қайтарымы болады дегенге сенбейтін жанмын. Сенің жақсылығыңның, жаман Құрдасың үшін жаныңды шүберекке түйіп, ерлік жасағаныңның бодауын қайтара алмаспын. К.Сег.

БОДАУЫН ҚАЙТАРДЫ Read More

БОҒЫНАН БОТАЛЫ ТҮЙЕ ЖАСАДЫ

Боққа тұрмайтын бұйымын бұлдады, қымбатқа өткізді. ~ … әркімнің бір сыншысы бар, бір-біріне бет жыртыспай әбден бауыр басып кеткен, сыншы автордың боғынан боталы түйе жасайды да автор оның айтқанын алтынға бағалайды. Қ.Ысқ. ~ Шүкіршілік, аштан өліп, көштен қалғамыз жоқ… Қайта жаманымыз жақсарып, қысқамыз ұзарды, боғымыздан боталы түйе жасап байып алдық. Ә.Асқ.

БОҒЫНАН БОТАЛЫ ТҮЙЕ ЖАСАДЫ Read More

БОҒЫН ПЫШАҚТАДЫ

Кіжінді, зәрін төкті. ~ Үйдің ішін олай бір, бұлай бір шарқ ұрып іздеді. Күнікей ұшты-күйлі жоқ. Тұяқ тамсанып, таңдайын қағып, боғын пышақтап іздей тұрсын, біз Күнікейдің ізіне түсейік. Ж.Айм. ~ Рас айтпағанда. Ана қайның ба, қайнағаң ба, Биекелеріңді айтам, боғын пышақтап отыр. Кеңес өкіметі орнамай тұрғанда бұл қаншықтың көзін неге құртпадым дейді. К.Қазыб. ~ Өй, зәнталақ, зер қараймай зылқыны таудан қуып түшкенің қалай? — деп тәлтие қалғаны. — Прабляющи боғын пышақтап жатыр! Қ.Ысқ.

БОҒЫН ПЫШАҚТАДЫ Read More

БОҒЫН ЖЕДІ

Былшылдап, бос сөйледі. * Анау білген боғын жеп, бірдеңені түртіп ап, ертеңіне өзімен бірге ертіп кетті. Қ.Түм.

БОҒЫН ЖЕДІ Read More

БОҒЫН БОТАЛЫ ТҮЙЕГЕ ПҰЛДАДЫ

Түкке тұрғысыз нәрсесіне шамадан тыс жоғары баға сұрады. ~ Осында жайғас. Туалеттен жырақ, жақсы орын… Шай мен қантқа үш сом төлейсiң. Төсек-орынға – бiр сом. «Боғын боталы түйеге пұлдап», өңешiн кең ашып тұрса да саудаласқан жоқ, «ләббәй, тақсыр!» деп сұрағанын ұстатқан. Т.Сәу. ~ Петрович бір мың болғыр адам. Боғын боталы түйеге пұлдап, ақша-ақша деп қылқылдап тұратын саудагердің сортынан емес. Т.Сәу.

БОҒЫН БОТАЛЫ ТҮЙЕГЕ ПҰЛДАДЫ Read More

БОҒЫМЕН ЖАСТЫ

Өзінен әлдеқайда кіші. ~ Балалары үшін дейсің бе! – шаңқ етті анау. – Оу, оныңа кім сенеді! Оу, кешір, боғымен жасты балалар үшін кім жазып, бас қатырады! Ш.Айт. ~ Ит екеш иттің бір есалаң аусарсоғы болмаса «боғымен жасты» кішкене күшіктерге жүгіріп қарадай күш көрсетіп таламайтыны мәлім … Ғ.Біл. ~ Қысы — жазғы шаруасына қолқанат керек болды ма, кім білсін, енді соның қырсығынан боғымен жасты балалармен бір партада отырып жүр. Қ.Ысқ.

БОҒЫМЕН ЖАСТЫ Read More