Ішіп алған адамның сөзіне мән берудің керегі жоқ. ~ Ағалар,- деді,- қазір бір ауыз сөзден бас кететін заман. Ыңғай өзіміз болғандықтан бейпіл кетіп бара жатқан шығармыз. Үй артында кісі бар дегендейін… — Оның да жөн. Бірақ, «бозадағы сөз боққа тұрмайды», шырағым,- деп Жұмабек қамсыз- қапырықсыз күлсе де, өзгелері тас тыйылған. Т.Рыск.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
БОЗ ТҰМСЫҚ
Сүмелек, сұмпайы. ~ Әй, боз тұмсық Қалыбектің қызы көкиіп кетіпсің ғой! — деді тағы Сарының дауысы. С.Сей.
БОЗ ӨКПЕ
Жігерсіз, жасық, болбырақ. ~ Күнәні әкесі емес, өзі істегендей, Қоңырқұлжаның бетіне қарай алмады, басы төмен салбырап кеткен. «Бәсе, нағашыңа тартқан боз өкпе боларсың деуші едім, дауыс көтеруге жарар түрің жоқ қой. Күмістің де енді маңайынан жүрмессің»,— деді ішінен аға сұлтан. І.Ес. * Хат иесін шамалаған шығарсың. Баяғы боз өкпе Биғалиларың. Бұл күнде облыс орталығындағы ветлабораториядамын. М.Қаб. * Мынанікі не жылпыл? Несіне мәз? Қай қызық, қай рақатты көрді, бұл боз өкпе? Н.Дәу. * Ағасының үлкейіп келе жатқанын, інісінің боз өкпелігін аңғара ма, кейінгі кезде аяқ астынан ширақтық бітіп, күйек сақалын көсей төсеп бұрын сөйлеуге, көстеңдеп бұрын жүріп, бұрын отыруға ұмтылатынды шығарыпты. Ә.Кек. * Енді болмағанда, екі аяғымыз көктен келе ме деп жүргенде, соқаларын сүйретіп әлгі бір боз өкпелер келе қалды. Құдайдың өзі жіберген ырзық болды. Ш.Айт.
БОЗ МҰНАР
Көк жиекте бозарған сағым көрінісі. ~ Жүрек жырдан лапылдап, көз – құмардан, Өте шыққан сол ғажап кез бір арман. …Айлы қырды кезсем-ақ, боз көйлекпен Қалқып шыға келесің боз мұнардан. С.Нұрж. ~ Сәл қарап жатайын. Анау боз мұнар асты — менің келін боп түскен жерім. Балам, байым қалған жер… Сеземісің, қызым, желі келді — ау! . С.См. ~ Шөбі шабылған қырат-қырқалар, сабаны шашылған мая, күні кеше жыртылған қара пар — бәр-бәрін шаңғытқан мұнар тұмшалап тұр. Аспан да, жер де сол бір сүреңсіз боз мұнарды ауырлап шаршаған, торыққан кейіпте еді. С.Мұр.
БОЗ ҚАСҚАНЫҢ ҚАНЫМЕН АНТТАСТЫ
Көне дәстүр бойынша екі (бірнеше) адамның серттесуі, әлдебір іске бел буып, анттасуы. ~ Ең ақырында боз қасқаның қанымен анттасып, Жәмеңке албанның Райымбек, Саурық бастатқан қадірлі ұлы аруақтарының бәрін атап тұрып, «солардың оң сапарын бер» деп, мойнына бұршағын салып тұрып, тілек қылып, бір әкенің баласындай бір ниетке тас түйін болып буылған елге ақ батасын берді. М.Әу. * Алаштың азаматтары болып, халқымыздың ақ туын жеке көтереміз деп боз қасқаның қанымен анттасқан күндер қайда? О.Бөк.
БОЗ ҚАСҚА АЙТТЫ (СОЙДЫ, ШАЛДЫ)
Құдайы айтты, құрмалдық (тасаттық) берді. ~ Кеңкілдеген дауыс: — Я аруақ!.. Я бабам!., тұқымыңды шынымен құртқаның ба?.. Ақ сарбас… Я Ғаусыл ағзам!.. Боз қасқа!.. Қыршын жастарды… бәлеңнен, қазаңнан қағас қыла гөр… қолдай гөр!.. Ж.Айм. ~ Біресе бұл жарлық әншейін қазақты шошытуға, тәубесін есіне түсіруге, ұйқысын ашуға жіберген «құдайдың сыны» шығар, ел боз қасқасын айтса, құрмалдығын берсе, мойнына бұршақ салып еңіреп жыласа, «Өзінен» тілесе, көздің жасын иетіндей, жарылқайтындай көрінді. Ж.Айм. ~ Бірекең Үсік тасқа құдасының аулынан аттанып еді. Әлденеден жүрегі лүпілдей берген соң, ішінен боз қасқа құдайы айтады. Т.Әл. ~ Смағұлдың тұла бойы шымырлап, кезінен жас шығып кетті. Ол: «Жеті күлше құдайы!» деді. «Боз қасқа құдайы!» деуге шаруасы шағын болғандықтан аузы бармады. Т.Әл. ~ Боз қасқа қойын сойғызып, Үлкенге басын қойғызып, Ақтұяққа ер салды, Азығына малта алды… Ж.Жаб. ~ Үйлер тігіліп болған соң, боз қасқа шалып, Тәңірге «тасаттық» береді. Т.Сәу.
БОЗ ІНГЕНДЕЙ БОЗДАҒАН
Бір сарынмен, күңіренген, зар илеген. ~ Екінші жолы бозінгендей боздаған қалың әйелді бір-ақ сөзбен ауыздарын жапты да, жамандықты қолымен аластап, қайтарып жіберді. Ә.Асқ. ~ Ақ сәлдесі басында, Боз інгендей боздаған, Қайтіп сабақ береді, Айтқаны ішке қонбаған. Ж.Жаб. ~ Буырқанып-бұрқанып келіп қасқа арғымақты офицердің денесін өз қылышымен турап шықты. Боз інгендей боздап келіп араша тілеген анасының өтіл-тілегін де тыңдаған, естіген жоқ. Ғ.Біл. ~ Ойнат, ата-бабаларыңнан қалған қыл қобызды! Дүрілдетіп өт бұл дүниеден! Қорқыт, Ықылас күйлерін тарт осылай боз інгендей боздатып! Ғ.Біл.
БОЗ ЖІГІТ
Жігіттікке енді-енді бой ұрып келе жатқан балаң жігіт, бозбала. ~ Ол бәйтерекке бір қолымен сүйеніп, Лида жақтан көзін алмады. Жанындағы жігітті анық көрді. Көзінде көзілдірігі бар, әдеміше келген жіңішке боз жігіт екен. Б.Бұл.~ Ақ сүт мұнардың арасынан шыға келген боз шекпенді боз жігіт: «Ала қойыңдар!» — дегендей тісін ақситып ыржия күлді. Ә.Кек.
БОЗ ЖАҢБЫР
Үзбей, бір қалыппен толастамай ұзақ жауатын жаңбыр. ~ Сүзектей созылған күздің боз жаңбырында қос ат жеккен тарантаспен ауылдың батпақты тар көшесін қақырата жыртып осы Сиғат келе қалды. Қ.Ысқ.
БОЗ ДАЛА
Бозғыл түсті оты мол, кең шалқар дала. * Қалаға ауып ауылдар, Жұртқа тастап, Боздатқаны бұл қалай боз даласын?! Р.Нияз.

