БАР МӘЗІР, ЖОҚ МӘЗІРІ (ЖАЙЫ)

Қолында барын аямады, щамасы жеткенше сыйлады д.м. ~ Алғашында бұл істі сұмдықтай кергенімен, аяғында есті қыздарын мұратына жеткізіп тілегін берген жақсы ата-анаға ырзалық көз жасын төгіп, Қарымсақтың бар мәзір, жоқ мәзірін ғана әпергізіп, жалпақ елге аңыз болып ұзатылған. Ж.Ахм. ~ Ал, жолдастар, жан– жақтан әдейі жиналып келген екенсіздер. Біздің де бар мәзір, жоқ. мәзірімізді көріңіздер, — деп, қонақтарын қораға қарай бастады. Қ.Жұм. ~ Ол сөзді Дәмежан тез жөнге салды. – Қысылатын дәнеңем жоқ, Абай аға. Бар мәзір, жоқ жайымыз сіз келгенде дастарқан үстінде болады. Келген соң ендігісін өзіме беріңіз! – деді. М.Әу.

БАР МӘЗІР, ЖОҚ МӘЗІРІ (ЖАЙЫ) Read More

БАРМАҒЫН ҚАНҒА МАТЫРДЫ

Қанды қылмыс жасады. ~ Өзі ілә таппай, балақтағы бит басқа шықты-ау деп Оралдан қашып келіп, елге сыймай, пысып жүрген Тойбай бидастың сорпа бетіне шығарларын жинап Есперді өлтірмек болады. Қара қой сойып бармақтарын қанға матырысады. Бармақты қанға матыру бір адамды өлтіретінде істелетін уәде болса керек-ті. Б.Қыд.

БАРМАҒЫН ҚАНҒА МАТЫРДЫ Read More

БАРЫН ЖОҒЫНА ЖАМАП, ТЕСІГІН ТОЛТЫРДЫ

Небір қитүрқы тірлікпен жанын сақтап, күнін көрді. ~ Бай қатындарының некелі байларымен қатар, жасырын байлары, ойнастары болады. Оның көбі әлгі бойдақ кедейден шығады. Сөйтіп, дүние шіркіннің өзі барын жоғына жамап, тесігін толтырып келе жатқан жоқ па? І.Жанс.

БАРЫН ЖОҒЫНА ЖАМАП, ТЕСІГІН ТОЛТЫРДЫ Read More

БАС БЕРМЕДІ

Ырыққа көнбеді. ~ Оллаһи, осы келгенде бәрi өре түрегеле жан-жақтан қолдап, қолпаштап, тiптi, ауыздықпен алысып бас бермей кететiндерi де табылар-ау деп ойлаған. Т.Сәу. ~ Қураған шөп қайта- қайта сырғып түсіп, сүйреткіге тоқтамай қойды. Бөгелек буған Үркек те тепкіленіп, бас бермей жүр. Қ.Ысқ.

БАС БЕРМЕДІ Read More

БАС БИЛІГІ ЖОҚ

Өз еркі жоқ; біреуге қарап қалған; тәуелді. ~ Келесі жазда демалыс алып елге барамын. Сонда жатып «семпония» жазамын деді. Шал пәсейіп қалды. – Келесі жылы де…– Одан бері де келіп қалар. Жіберсе… – Өзінде бас билігі жоқ десейші. Д.Дос.

БАС БИЛІГІ ЖОҚ Read More

БАСҚА НОҚТА, АЯҚҚА КІСЕН

Құлдыққа салыну~ Бірақ дәл сол қалау — қазір басқа ноқта, аяққа кісен боп түсіп, жоңғарға өзімізді өзіміз оққа байлап береміз бе деп қорқам, — деп Бөгенбай шақшасын шығарды. С.Смат. ~ Елді ел ету қолынан келмеген хан — басқа түскен ноқта, аяққа түскен кісен болар. С.Смат.

БАСҚА НОҚТА, АЯҚҚА КІСЕН Read More

БЕС ҚАРУЛЫ

Басынан аяғына шейін қаруланған, жауға қарсы шабуға айын д.м. . ~ Шынымен, бөтен ешкім жоқ па?.. Естеріңізде болсын, жағада бізді бес қарулы түгел отряд күтіп отыр! Б.Тоғ. ~ Бұл сөзге Тұрсын сенерін-сенбесін білмеді. ― Шынымен, бөтен ешкім жоқ па?.. Естеріңізде болсын, жағада бізді бес қарулы түгел
отряд күтіп отыр! — Е, оларды көрдік қой… Б.Тоғ.

БЕС ҚАРУЛЫ Read More

БІР АНАДАН (ЕГІЗ) ТУҒАНДАЙ

Жақын, бауыр. ~ Қанат енді өз пиғылын тез білдіруге асыққан еді: — Қарындасым!.. Жассың, жастығыңның босқа өтіп жатқаны да рас… Бірақ біз Қалаулы екеуміз бір анадан туғандай жақын дос едік. Сондықтан… Я, сондықтан, көңіл ашуды ойласаңыз басқа адам да бар шығар. Ғ.Сл. ~ Досымбек екеуміз ылғи бір жатып, бір тұрамыз, бір үзім нанға шейін бөліп жейміз. Бір анадан егіз туғандаймыз. «Дос болса осылардай болсын»,- дейді жұрт. М.Әбд.

БІР АНАДАН (ЕГІЗ) ТУҒАНДАЙ Read More