Біраздан кейін. * Бітегенеден соң көзімді ашсам – түк жоқ. Баяғы үстелім басында шынтақтап отыр
екенмін. Ж.Айт. * Бітегенеден соң, ала сақал тәсбиығын сыртылдатып, оң қолына ала жабағының ала
жібін ұстап, ерін ғана қозғалып, көмейі бүлкілдеп, «Тәлиел» оқи бастады. Ж.Айм.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
Ә ДЕГЕННЕН (Ә ДЕГЕНДЕ, Ә ДЕГЕНШЕ)
а) Бірден, салған жерден, салғаннан. ~ Екеуінің де ә дегеннен желі оңынан туа кетті.
Петербург пен Москва оқымыстылары екеуін де пышақ үстінен таратып алды. Ә.Кек. ~ Өзім
басқаратын газетте оқта– текте «О. Бөкеев» деп қол қойған очерктер жарияланады. Ә
дегеннен назар аудардым. Ш.Мұр. ~ Режиссерге ә дегеннен Әділбектің шаң қобызы
ұнамады. Қызыл қайыңнан ойып жасалған жып– жылтыр прима қобыздың дыбыс ырғағына
мән берместен, бірден қарсылық танытты. Қ.Жиен. ~ Тай терісінен жасалған он шақты талыс
ет ә дегенше туралып та бітті. Ә.Кек.
ә) О баста, шу баста. ~ Әйелін ол ә дегеннен сүйіп, жақсы көрген. Бір ғажабы, теңіз үстінде
сапарда жүріп, үйде отырған әйелі не ойласа, бір мезгілде ол да соны ойлайды екен. Ш.Айт.
~ Ендігісін қысқа қайырайын: ә дегеннен адамның ырқына көне кеткен кірекейім менен
ақылды әм айлалы екен, есін жоғалтпапты, айсыз қараңғы түнде сыбырлап қана:
«Маубасым, осылай омалып отыра бересің бе, қайрат қыл, мені шынжырдан босат,
қашайық», – деді. Д.Қуат.
ӘБЖЫЛАНДАЙ ЫЗБАР ШАШТЫ
Заһар шашып, қаһарланды. ~ Тергеушi Сапардың өңi демде қарасұрланып, ысқырынған әбжыландай ызбар шашты. Жылдам әлгiнi қақшып ап, төс қалтасына салды да: – Жақсы, – деп сыздана тiл қатып, машинадан сыртқа шыға бердi. Ә.Ыб.
ӘБІГЕР САЛДЫ
Қоқан-лоққы көрсетті, ~ Басыбар. Көрсет! Көрсетші, кәне, көзіме! Мені қуып келетін кім? Әлек пен әбігер салатын кім? Селдей басып, ауылыма ат ойнатып, қолымнан қызды тартып алатын кім? Көрін, ойбай, кезіме! Шық! Шық қарсыма! М.Әу. ~ Ізбасар елге даурығып, әбігер салып келетін. Жиналысқа да ол өзінің арнаулы адамдарынан басқаны қатыстырмайтын. Б.Мом.
ӘЖЕПТӘУІР КІСІ САНАТЫНДА ЖҮРДІ
Өзге жұрттан кемшілігі жоқ еді, жұрт қатарлы өмі~ Кешегі соғыс жылдары басыма қиын іс түссе – сол бабам түсіме еніп: «Е, балам», деп қолын жайып батасын беруші еді, желеп-жебеп жүруші еді. Ол заманның батырлары сөзі бар, соңында көзі бар, жолына садақа етіп жанын қиятын, дауыс салып жылайтын жары бар әжептеуір кісі санатында жүретін. Д.Дос.
ӘЛ КЕТТІ
Күш-қуаты сарқылды, пәрменінен айрылды. ~ Қайдар үйге басын сұққанда «енді сен бірдеме қылмасаң менен әл кетті, бір сойқан болар-ақ» дегендей боп, Дәметкен жаутаңдап Жұмакүлге қарады. Т.Сәу. ~ Осыдан барып айналымдағы доллардың көлемі артып, теңгеден әл кетті. БАҚ. ~ Негізгі пайда түсіруші саланың аяғы аспаннан келген соң, ССРО-ның тұла бойынан әл кетті. БАҚ. ~ Денем дірілдеп, аяқтан әл кетті. Есімді жисам, апамның қолынан ұстап, үйге қарай аптығып келемін. А.Шим.
ӘЗІРЕЙІЛ КӨРГЕНДЕЙ (БОЛДЫ)
Шошып кетті. ~Әлгінде ғана рақаттанып, жаны жай тапқан жерден әзірейіл көргендей кетуге асықты. Ә.Кек.
ӘЛЕКЕДЕЙ ЖАЛАНДЫ
Кез-келген жауға төтеп беруге бар; әлдебір іске қылшылдап сақадай сай тұр. ~ Түнгі жортуыл, аттың екпіні, қасындағы әлекедей жаланған қарулы кеп жолдас Қартқожаны желіктірді, қыздырды. Қайда бара жатқаны да есінен шығып кетті. Ж.Айм. ~ Дәрмен сықылды ерлері тұрғанда, Алабас сықылды таулары, гүл аңқып, масатыдай құлпырған жерлері тұрғанда, әлекедей жаланған жасөспірім жігіттері тұрғанда, қазақты ешбір жау ала алмайтындай көрді. Ж.Айм. ~ Ал бастарына ақ орамал тартып, жорға мiнген қырық-елу даяшы жiгiттер әлекедей жаланады. К.Сег. ~ Сөйтіп, міне енді базардамыз. Сататын нәрселеріміздің атын атап, қотара сатып алатын адам бар ма деп, хабарлап үлгергенімізше, әлекедей жаланған бірнешеу бізді қоршап та алды. Б.Соқп. ~ Ертеңінде қар да, бұлт та зымзия, әлекедей жаланған сары аяз ғана буып тұр. М.Қаб. ~ Өңкей әлекедей жаланған, «мен атайын, сен тұр» дейтін қарулы жігіттер жылқы ұрлаған жерден тың аттарды ауыстырып, ізге түскен. Бәрінің қабағы қатулы, ең қадірлі бабаларының асын беріп, құдай жолында ақ намазға ұйығандай болған керей жұртын басынып, малға қол сұққан белгісіз ұрыларды қуып жетсе, табан аузында жүндей түтетін ордалы қасқырлар сияқты. С.Жүн. ~ Тұмақтарының бауын жымырып байлап, ықшам киініп, шекпендерінің етегін белге қыстырып, немесе ышқырланып алған, әлекедей жаланып келген, «Іздегенге сұраған» ителгі көздің өздері болатұғын. Ат айылын төстеп тартып, анталаған қомағай
көзбен тойымсызданып, солар келіп жеткенде мұны көрген мол санды дүңгендер үдерісіп бұлардан өзгеше қимыл күткендей болысқан… Ж.Ахм. ~ Институтты жаңадан бітіріп келген, аққұбаша сұлу жүзі мен сымбатына, оймақ
ауыз, күлімкөзіне жарастырып сәнді киініп, құйрық-жалы өріліп, кекіліне үкі тағылған бәйге атынша әлекендей
жаланып, жұтынып тұрған, бәрімізге бірдей жылы қабақпен қарайтын мұғалім қыз білімді, ибалы, инабатты,
жайдары, ашықжарқын. Ш.Рах.
ӘҢГІР ТАЯҚ ОЙНАТТЫ
Қорлық көрсетті, қоқан-лоққы жасады, біреудің басына зобалаң тудырды. ~ Әлсіздерге ойнатқан әңгір таяқ, Саған да бір зауал шақ — туар заман. Тағылардың тағысы бөлексің де, Сенің қаңқаң итіме керексің бе. М.Мақ. ~ Осы тамақты «чахохбили» деп бір грузиннің алдына қойса бар ғой, аспаздың басына сөзсіз әңгір таяқ ойнататын еді. Т.Бер. ~ Ши көшенің басында тұратын Қатипаның басына көршісі Кәмалия әңгір таяқ ойнатқан екен, оның да амалы табылыпты… А.Сәб. ~ Бір кездері сойқан-сойқан солақай саясат төбемізден әңгір таяқ ойнатты ғой. Шетелде туыс-туғанымыз, жұрат-жегжатымыз болса да «қос жүрек», «іште тұрып, шетке байланған» болдық. Хат алып, хат жолдасақ та от ұстағандай болдық. Құдай көрсетті ғой оған да. Кезекті дүние деген сол. Т.Рыс.
ӘРМӘН ӘРІ
Аулақ, жақындама, әрі жүр д.м. ~ Қыдыш (тамағын кенеп, жүгініп алып). Ә, әрмән әрі, көп
шуылдақ, жынымды келтірмей! (Ақырып.) Үйтіп жіберерсің сен мені! Омай… Қайтер екен
десем ырық бермейді ғой. М.Әу. ~ Жоламастан түңілді жанның бәрі, Бай-кедей, қатын-бала,
жас пен кәрі. Молдалар шариғаттан сөз сөйл есе, — Мазамды алмай жүр, —дейді, — әрмән
әрі! М.Ж.Көп.

