БІР САРЫНМЕН

Бір қалыпта. ~ Кешкі күн жалқау сырғып, теңіз толқынын алау-жалау өрттей жалтылдатып, ұясына құлап барады. Қаракөк Каспийдің бір сарынмен ғана дем алған ауыр ыңыранысы естіле бастады. Ғ.Мүс. ~ Теңіз айдынында толқынменойнағансансыз ақкөбікжалдардымыңқұбылтыпжалтырата жайнап қақ төбеде күн жарқырап тұр. Бір сарынмен жел еседі. Ш.Айт.

БІР САРЫНМЕН Read More

БІР САБАҚ (САБАҚТЫ) ЖІП АЛМАДЫ

Ештеңеге тимеді, зәредей зат алған жоқ; біреудікіне көз алартпады. ~ Қалайы бар… Қызығын қарап қой сен әуелі. Сабақ жіп алмапты. Екі жәшік арақты жерге соғып қиратыпты да, тайып отырыпты. М.Қаб. ~ Сонда-ау… Бекзат үйсіз қалмай ма. Жоқ, ол болмайды. Бекзат барда ол үйден бір сабақ жіп алмайды. Н.Дәу. ~ Ол курорттан келгеннен кейін Жәмиламен біржолата айырылған. Үйін, дүние-мүлкін бір сабақ жібін алмай, Жәмила мен балаларына қалдырған. І.Ес.~ Үйінен сабақты жіп алмапты, «бәрі серінің өзі барындағыдай тұрсын» депті десер еді, ауылдағылар. Б.Қыд.

БІР САБАҚ (САБАҚТЫ) ЖІП АЛМАДЫ Read More

БІР ПҰШПАҒЫНДА

Бір шетінде, бір басында. ~ Қазақстанның бір пұшпағында түтін түтеткен бұл совхоздың жері алтай тауларымен жарыса, жағаласа барып, сонау Таулы алтай өлкесінің аймағымен шектелетін. О.Бөк. ~ Қазақстанның бір пұшпағында түтін түтеткен бұл совхоздың жері алтай тауларымен жарыса, жағаласа барып, сонау Таулы алтай өлкесінің аймағымен шектелетін. О.Бөк. ~ Тым болмаса туған елдiң бiр пұшпағында жүру, тiлдес, дiндес өз жұртымның ортасына оралу елден келгеннен бергi үш-төрт жылдың мәулетiнде ұйықтасақ – түстен, оянсақ – естен кетпес түпкi мақсатқа айналып, қол жетпес армандай алыстан ғана шақырушы едi. К.Сег.

БІР ПҰШПАҒЫНДА Read More

БІР ПҰШПАҒЫН ҰСТАТТЫ

Ортақ іске жұмылдырды д.м. ~ Ал қыл тұзаққа шыдай алған көнтерілерін бір–бірлеп іштеріне тартады. Оқытады, үйретеді, өздері илейтін терінің бір пұшпағын ұстатып, бұдан былай бөгдемін, басқамын деп ойлайтын бұралқы ұғымнан біржола бездіреді. Ә.Кек.

БІР ПҰШПАҒЫН ҰСТАТТЫ Read More

БІР ПӘСТІК

Қысқа ғана; бір сәттік. ~ Адамдар, сірә, құмға түскен із бе екен?.. Кісіге бір пәстік қана ғұмыр берілген, сол қас қағымдай сәттің өзін таусылмастай көріп, неге бірін-бірі әурелеп жегідей жеп әуре. Д.Досж.

БІР ПӘСТІК Read More

БІР ПӘС

Сәл ғана, бір мезет. * Үш бас түйісіп, әлденеге үңілгендей бір пәс қимылсыз қалды да, іле үшеуі үш жаққа серпілді. Т.Сәук. * Алевтина Павловна қан сорпасы шығып келе жатыр екен, шыдай алмай менде бір пәс Вовка командирді арқаластым. Т.Ахт. * Жинағымның жайы не болды? – деді Мағжан. – Бр пәс бөлмеңе кіріп сөйлесейік те. Басымды сыйламасаң да, құдіреті күшті поэзияны сыйласаңшы. Өлең сөздің солдаты емеспісің! Д.Досж. ~ Ақсүмбінің асуынан асқан соң үш салт атты арттарына бұрылып, төменде жатқан Қаратаудың көгілдір тартқан тас шатқалдарына қарап, бір пәс кідірген. З.Нұрт. ~ Ілкідегі өкпе–назы бір пәсте ыдырап үлгерді ме, көмейден іркіліссіз төгілген әсем дауыс бөлме ішін кернеп сала берді. Күмістей сыңғырлайды. Ж.Шағ.

БІР ПӘС Read More

БІР ПӘЛЕНІҢ ШЕТІН ШЫҒАРДЫ

Әлдебір залалды жағдайдан хабар берді. ~ Жұрт болғанда, бұл жолғы Тобықты тобын Оразекең бастап отыр! – деп, Абайдың ызасына тиетіндей, әдейі бір пәленің шетін шығара сөйлеп кетті. М.Әу. ~ Ойлағаны рас, Базаралының шын тағы бір айтпағы бар екен. Тары да Ырғызбайдың сотқарлары бұл жолы Шұбарды, Әзімбайды бір араға қосып және бір пәленің шетін шығарыпты. М.Әу. ~ Үкімет пен партия алдында Үлкен Кісіні тағы да ұятқа қалдырғалы отырсыңдар деп зіркілдеді де, сөзінің соңында басқармаға қатты шүйлікті. Осыдан жоспар орындалмаса, ісіңді бюрода қаратам деп бір пәленің шетін шығарып қойды. Басқарма үндемеді. Ә.Нұрп.

БІР ПӘЛЕНІҢ ШЕТІН ШЫҒАРДЫ Read More

БІР ПӘЛЕ БАР

Әлдебір құпия сыр бар д.м. ~ Кім біледі, өмірде небір күтпеген жайлар бола береді. Әңгімесінің бәрін өткен шақпен айтуына қарағанда, бір пәле бар сияқты. Не де болса өзі терең қайғының адамы. К.Қаз. ~ Өзінін көзінде бір пәле бар. Ылғи ұйқысы әбден қанып, төсектен жаңа тұрған адамның кезі секілді жып–жылы боп жалтылдайды да тұрады. М.Қаб. ~ Байқаймын, Алмагүл мен Мәмбеттің арасында бір пәле бар. Оны іштей сезем. Ш.Айт.

БІР ПӘЛЕ БАР Read More

БІР ПЕРЗЕНТКЕ ЗАР БОЛДЫ

Бел баласы болуын арман қылды. ~ Көбеген кемпірінің үйреншікті сөзіне назар аудармайды. Мұртын сылап, сақалын сипап қойып желдірте жөнеледі. – … Баяғыда бір бай бопты, төрт түлігі сай бопты, бір перзентке зар бопты… М.Мағ. ~ «Жазмыштан озмыш жоқ» деген рас қой, күні кешелер Сарыбай да бір перзентке зар болып, көзінің жасы көл болып, Байбөрімен мұң-сырын ортақтастырушы еді. А.Сей.

БІР ПЕРЗЕНТКЕ ЗАР БОЛДЫ Read More