БИДАЙДЫҢ БАРАР ЖЕРІ – ДИІРМЕН

Кім-кім де маңдайына жазылған тағдырдан оза алмайды д.м. мәтел сөз. * Есік көзіне барған Елтайдың ту сыртынан: — Бидайдың барар жері — диірмен, бала. Дық сақтама. Туған топырағыңа әлі-ақ ораласың. Рақметіңді сонда айт. Шындықты программамен іздеме, таптырмайды,— деді. М.Қаб.

БИДАЙДЫҢ БАРАР ЖЕРІ – ДИІРМЕН Read More

БИДАЙДАЙ ҚУЫРДЫ (ҚУЫРЫП ЖЕДІ)

Жер-жебіріне жетіп тілдеді, жерден алып жерге салды. ~ Содан соң:– Бала-шағаңды бидайдай қуыратындай не көрінді саған. Оразаңды ашпай тұрып, одыраңдайсың кеп. О.Бөк. ~ Баяғы мұның бала кезіндегі, барған жерін бидайдай қуырып, қырып кете жаздайтын нұсқаушы — өкілдерді қазір еш жерден де таппайсың. Қ.Жұм. ~ Тұрмыс қажытқан бейшара кімнің еркелігін көтерер дейсің, «таз өшін тырнадан аладының» керімен, жуып кетсең, бидайдай қуырып жеп қоя жаздайды. Көзіне түсе бермейінші деп, күндіз көбінесе үйде отырмаймын. Т.Сәу. ~ Сол жақта жүріп көне ұйғырша шала-шарпы хат танып,
шала-шарпы моңғол тілін ұққан екен, сонысына қарап бақ бастығыауылнай етіп тағайындаған еді, «тырнадан жасауыл қойсаң — басыңнан қиқу кетпейдінің» кебін киіп, мына аласапыран уақытпен қабаттасып, бір жағынан ол бидайдай қуырып, жұрттан маза кетті. Ш.Рах.

БИДАЙДАЙ ҚУЫРДЫ (ҚУЫРЫП ЖЕДІ) Read More

БИДАЙ ӨҢДІ

Қызыл шырайлы қоңырқай жүзді, ажарлы кескін туралы.
~ Қол айнасын алып, үлкен қоңыр көзінде сабыр бар, бидай өңді жүзін түндей қара шаш көмкерген, пісте мұрын әсем келіншектен көз алмай ұзақ қарады. С.Ел. * Бағана дәл осы арада бидай өңдi Күлбараммен ұшырасып қалған едi. Б.Алд. ~ Әй, дүние-ай десеңші, Үкібала бір кезде бидай өңді, қызыл шырайлының әдемісі еді ғой, қап-қара мойылдай көзі нұр шашып тұрмаушы ма еді. Енді міне, аузы опырылып, ұрты салбырап қалыпты. Ш.Айт. ~ Әкемнің қасында дворян картузын қолына ұстап ескі досы, доп-домалақ семіз помещик келе жатқан, күнқақты бидай өңді, қиықша көзінің ағындағы арыдай сап-сары дақтарына бала кезімнен таңырқай қараушы едім. И.Бун.

БИДАЙ ӨҢДІ Read More

БӘТУА СҰРАДЫ

Мұрсат беруін өтінді. ~ Бiшкекке қызыл iңiрде жетiп, тауарды төрт үйге бөлiп түсiргенше ел әбден орынға отырып қойды. Үш сауда нүктесi ақшамды қолма-қол бердi де, төртiншiсi ертеңгiлiк түске дейiн беретiн боп бәтуа сұрады. Ә.Ыб.

БӘТУА СҰРАДЫ Read More

БӘТУА ЖОҚ

Сөзінің тиянағы жоқ д.м. ~ Тыныбайдың руы — Жауғаш. Сол жағынан ептеп солқылдақтық жасайтыны бар. Бірақ бұларда бәтуа жоқ қой. Үкірдайлықтан үміттендірсеңіз, Демежаннан бір– ақ күнде тайқып шыға келуі мүмкін, — деп Шихалдай мардамси күлді. Қ.Жұм.

БӘТУА ЖОҚ Read More

БӘТУА БАЙЛАСТЫ (БАЙЛАНДЫ)

Келісімге келді, уәделесті. ~ Ізбастың жарты жыл ауылын іздемеу себебі де сол болатын. Ажар ауылын ұмыттырып жібергендей еді. «Шешең қатты науқас» деген суық хабар алып, артынан қуғыншы жеткенде ғана, шие еріннен бал татып, бірге болуға бәтуа байласып, үлгерген Ізбас жедел жолға шыққан. Ү.Жлк. ~ Уәде, – алланың есімі. Келер жылы көңіліңнен шығамын. Әзірше әйеліңе қыжым орамал тастап кетейін, бауырына басысы өзгереді, көкжалым! – Қышыған жерге тиесің– ау, қатыным қырғиқабақ еді, – деп жадырайды Бөкпенбай. – Бәтуа байланды ғой? Қаракөк құнан қолға тисе, атқа қонар, алдында тоқымқағар да жабылып қалар, – деп Ноғайқұл асығыстанды. Т.Әл.

БӘТУА БАЙЛАСТЫ (БАЙЛАНДЫ) Read More

БӘСІРЕЛЕП (БӘСІРЕ, БӘСІРЕГЕ) БЕРДІ

Біреуге атап берді. ~ Әне, сонда Қазанғап Едігеге ерулігің болсын деп үйректің балапанындай үрпиген, нәп-нәзік, әлі емшектен шықпаған шінжәу ботаға ен салып, бәсірелеп беріп еді. Сол болбыр ботадан Қаранар шықты ғой кейін. Ш.Айт. ~ Маған осы Қаранарды бота кезінде бәсіре бергеніңе өкініп жүрен жоқсың ба, бәле болып? — Қазанғап оған бір қарап, мырс етті. Едігеден мұндайды күтпеген сияқты. Ш.Айт. ~ Былтыр нағашы атам бәсіреге берген құла құнаныма жайдақ тоқым сала салып мен де кеттім. Қ.Мүб.

БӘСІРЕЛЕП (БӘСІРЕ, БӘСІРЕГЕ) БЕРДІ Read More

БӘСІРЕ ЕТТІ

Біреуге арнады, атады. ~ Біреу ботадай боздап «ой, бауырымдап» кіріп келе жатады, біреу қаралы үйдің ошағын бықсытады, келесі ақсақалдың ұлына бәсіре етіп бағып жүрген қорадағы жалғыз тоқтысын алып ұрып пышаққа жығады. Д.Дос. ~ Хан қызының арманы Алпамыстың қайда жатқанын білу еді. Әкесінен тоғыз жыл өткенше, сауық-сайран құруға рұқсат сұрады. Бәсіре етіп жүз серке беруін өтінді. Хан оған қуанып, рұқсат берді. «Алпамыс б.»

БӘСІРЕ ЕТТІ Read More

БӘСІ ЖОҒАРЫ

Мәртебесі биік. ~ Ал, ауыл мектебін бітірген баланың жоғары оқу орнына түсетін бәсі жоғары болатынын білетіндер қайта Далабай пен Таугүлдің бұл тапқырлықтарына тәнті болады. Е.Әл.

БӘСІ ЖОҒАРЫ Read More