Біреудің діңкесін құртып, титықтатты; жұртқа жексұрын болды. ~ «Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас» деп, әдірам қалғыр, Күрең жұрт өзінен бизар болып еді, кешегі жылдар, енді мына жаман боқмұрыннан көрдік пе көресіні…— деп түтігіп түсі қарауытып кетті. С.Елу. ~ Ақылы кіре бастағасын- ақ қой соңында салпақтаудан қашқалақтай бастаған. Әр жерде ұйықтап қалып, қойдың бөлініп кеткенін білмей, бөріге талатып, елді бизар қылды. Ү.Жәл.~ «Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас» деп, әдірам қалғыр, Күрең жұрт өзінен бизар болып еді, кешегі жылдар, енді мына жаман боқмұрыннан көрдік пе көресіні…— деп түтігіп түсі қарауытып кетті. С.Ел. ~ Қаланың сасық иесінен, дәретханасынан кешеден бері әбден бизар зәрезап болған Хансұлуға мынау станса тар қапас дозақ тура. С.Ел.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
БИЕНІ ТҮГІМЕН (БҮГІМЕН), ТҮЙЕНІ ЖҮГІМЕН (ТҮГІМЕН)
Асқан жебірлік, тойымсыздық.~ Одан кейін де арызға тыным болған жоқ. Сонда, жұрт Шыңғысқа пәле жабайын деген жоқ. Ол, бір ақынның: Замана – ақыр биінің Сөзі арылмас жаладан, Аузы арылмас парадан, – деген жырының кебін киіп, ел ішінен арылмайтын дау-шарды бітіргендер, жеңген жағынан «биені – түгімен, түйені – жүгімен» жұтты да отырды. С.Мұқ. ~ Сен, өзің білетін жігітсің, қазір қаралатын іс көп, ала қозыны қойып, ұрылардың түйенің табанын кесіп алып жатқанына не дейсің, жұмысымыз қарбалас, десе де ала қозының жұмысын сөзсіз бітіреміз, бұл оңбағандар бүгін қозы жымқырса, ертең түйені түгімен, биені бүгімен жұтады. Ж.Шәк.
БИЕ ТОҚТАТТЫ
Биені айғырдан шығарды. ~ Жылқының екіншісі — көкқасқа айғыр, кәдімгі Күржік еді. Сүмбіледе бие тоқтатқалы бері екеуі жұбын жазбайды. Тіптен үйірсек. Емберген енді Күржікке қарады. «Сенен туған құлын тегін болмас. Нағыз жүйрік буданнан шығады!». Т.Әл.
БИЕ САУЫМ
Уақыт мөлшері, шамамен бір жарым сағат. * Бірақ мен тоқтамадым. Ілбіген қалпымда алға жылжи бергем. Бие сауым, ет асым уақыттан соң ғана аз-маз аял жасап, аттарымның аяғын суыттым. М.Мағ. * Бие сауымнан соң аула сыртына машина пыс етіп тоқтады. Көкесі! М.Қаб. * Ертеде ата-бабаларымыз уақыт өлшеміне келгенде бай тәжірибе жинақтаған. Мысалы, қонаққа келе жатса (сол әңгімеге мысал ретінде айтып отырмын ғой) «пәленше, мен етпісірім уақытта келемін немесе бие сауымда келемін» дей салады. Бұл үлкен жауапкершілікті білдіріп тұр. Бұл жердегі етпісірім – екі-үш сағат, ал бие сауым – бір жарым сағат. Қас-қағым сәт – бір секунд. Сүтпісірім – бес-он минут. Ж.Баб.
БИЕ БАУЫНДАЙ ЖЕР
Таяу тұрған, жап-жақын жер. ~ Жүргіншілер кеп түскенде де бұларды аңғарып, қастарына келген кісі жоқ. Абай бие бауындай жерде өремен жайылып жүрген екі атты көрді. Біреуі Ерболдың ала аяқ қоңыр аты тәрізді. М.Әу.
БИЕ БАЙЛАР
Бие сауу науқанының алдында көршілерге дастархан жаюкәдесі. ~ Шөптің нәрі толған шақта, ерте көктемде туған құлындар жетіліп, ноқтаға бас білдірген шағында бие байлайды. Сол күні “Бие байлар, желі майлар” дәстүрімен, қариялар батасын беріп, желінің қазығын майлайды. А.Уайс.
БИЕ БАЙЛАДЫ
Қымыз ашыту үшін желіге құлынды байлап, бие сауу. * Екі ауылнай елдің жайлауы Саумал-көлге жағалай ауылдар қонып, былтырғы жүрттарына үй тігіп, көпұзамай бие де байлады. М.Дул. * Ту бие, ту сиыр, құйрығы қазандай- қазандай құнан қойларды алдын ала сойғызып, қақаған қыс ішінде бие байлатып, қымыз ашытты. Т.Рыск. ~ Ел қайтады Егіз көлді әр жыл жайлап, Үй тігеді көк шалғынға бие байлап. Жайлауы
жанға рахат Сыр бойының, Таусылмас тамашасы жаз болса, айлап. «Мақпал-Сегіз». ~ Қылыш ұстағандар ұлы кәмпескеде қолының қышуын бір қандырды — ау, әрине, бес бие байлаған «ірі» байлардың, шолақ байтал
мінген құлақтардың тұқымын тұздай құрту керек болды. Қ.Ысқ.
БИЕ АҒЫТАРДА
Күзгі уақытта. ~ …Қу тауынан шығатын екі бұлақтың арасын бұрып осы ойпатқа құйғызыпты. Сөйтіп қол жасатқан екен. Осы көлдің басына көктемде бие байларда, күзде бие ағытарда келіп қонады екен. C.Бег.
БИЕ АҒЫТАР УАҚЫТ (МЕЗГІЛ)
Кешкілік уақыт. ~ Бір күні бие ағытар уақытта, ауылдың сыртындағы бір төбешікте құпия сөйлесіп үш кісі отыр еді. М.Дул. ~ Күн еңістеп, бие ағытар мезгіл еді. Ж.Ауп.
БИДАЙЫҚТАЙ ҚУЫРДЫ
Жерден алып, жерге салып ұрысты. ~ Ат бермеймін деуге енді жұрттың дәті бармады. Ырғайты елінің атын Баян қаласына жинатып алысты. Ат алғанның ішінде Кәрім тілмаш, Кенебай жасауыл, Жұмағазы деген мал докторлары болып, елді бидайықтай қуырды. І.Жанс. ~ Сол сұр аттың орайына ана Бөрілі елінен әкелген жылқының суық жолымен келгенін айтқан адамды іздеп, бізді бидайықтай қуырды, — деп ана жылғы Тәтім үйінің басынан кешкен сол бір сергелдең уақиғаның соқыр сорабын бір шолып тастады. C.Бег.

