Бәрі түкке тұрмайтын бос сөз д.м. ~ Ал, мұның бәріне жету үшін ең алдымен ақыл-парасатың мен денсаулығың болмаса – бәрі далбаса! Ә.Ысқ.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
БӘРІ БІР ЕСЕП
Айырмашылығы жоқ, бәрі бірдей. ~ «Еліңнің басына күн туғанда сенің сіңірген еңбегің қайсы, Қанат-ау? Осындай сәтсіздікке ұшырап, қатардан қала берсең, — білгенің не, білмегенің не? Бәрі бір есеп, сіңірген еңбегің жоқ. Сәтсіздікті сенің маңдайыңа — ақ жаза берген екен!..» Ғ.Сл.
БӘРІ БІР БАС
Бәрібір, айырмасы жоқ. ~ Сорлы едім бір айтқан соң мойын бұрмас, Өлім мен уағда бұзған — бәрі бір бәс. Мәжнүнге сәлемімді айт, көре қалсаң, Құрбы едім бір жыл туған түйдей құрдас. Шәк. ~ «Өлімді жерде молда семіреді» – деп, биыл осы молдалар мен халфе, хазіреттер де жалақтап кеткен екен! – Құнығып алған-ау! Жас өлімі, жалғыз өлімі, жаны аяулы жақсы өлімі, жасы жеткен кемпір, шал өлімі, бұларға бәрі бір бас. Тек қымбат жаназа болса, түсім көп тиетін жер сезсе ғана бұлар жақсы. Онда шырайланып, сыпайыланып, жібектей есіліп кетеді! – деп қала халқы сырттарынан көп сын айтады. М.Әу.
БӘЛИҒАТҚА ТОЛДЫ
Ер (бой) жетті; кәмелетке толды. ~ Ер адамдар бәлиғатқа толысымен шашынын алдыңғы жағын ғана
алдырып, арт жағына айдар өсіріп, өріп қоюға тиіс болған. Қ.Жұм. * Бала бәлиғатқа толмақ түгілі,
әртүрлі жағдаймен сәби, өскін кезеңін өткеріп алса жиырма бірдеңе жас емес, оннан асса сөлекет. М.Мағ.
Бәлиғатқа толмаса да үрген торсықтай аспан көз әдемі қызды көргенде жүрегі құрғыр лүп ете қалушы
еді. Қ.Ысқ. * Шариғат бойынша, бәлиғатқа толған еркек дінге кірсе, сүндет парыз емес деген қисын
таптық. Теріс болса, құдай күнәмізді кешіре жатар. М.Мағ.
БӘЛИҒАТҚА ТОЛДЫ
Ер (бой) жетті; кәмелетке толды. ~ Ер адамдар бәлиғатқа толысымен шашынын алдыңғы жағын ғана алдырып, арт жағына айдар өсіріп, өріп қоюға тиіс болған. Қ.Жұм. * Бала бәлиғатқа толмақ түгілі, әртүрлі жағдаймен сәби, өскін кезеңін өткеріп алса жиырма бірдеңе жас емес, оннан асса сөлекет. М.Мағ. * Бәлиғатқа толмаса да үрген торсықтай аспан көз әдемі қызды көргенде жүрегі құрғыр лүп ете қалушы еді. Қ.Ысқ. * Шариғат бойынша, бәлиғатқа толған еркек дінге кірсе, сүндет парыз емес деген қисын таптық. Теріс болса, құдай күнәмізді кешіре жатар. М.Мағ.
БӘЛЕСІНЕН АУЛАҚ
Біреудің залалы тиер деп сақтану. ~ Сірә, мұны ешкімнің де пайымдауға құлқы жоқ шығар, көбісінікі – бәлесінен аулақ. Өйткені көк желкесінен үңіліп үрей тұр. Н.Дәут. ~ «Көктемгі егіске әзірлік нашар», — деп жатыр хатшы. Қырына ілініп жүрерміз, бәлесінен аулақ. Б.Нұр. ~ Кепілдікке естияр баласын және мол ақша беріп алған Жақып досының жағдайы не болмақ?! «Қой, бәлесінен аулақ! Не көрсем де өзім көрейін. Арттағыларға ылаңым тимесін. Өлтіре қоймас, көп болса Итжеккенге айдар. Тірі жүрсем, елге бір оралармын…» Б.Тоғ.
БӘЛЕСІНЕ ҚАЛДЫ
Әлдебір залалды іске бас сұғып, басы дауға қалды; біреудің кесірі тиді. ~ Қызды зорлықпен алып қашып, бәлесіне қалған адамдай екі жігіт абдырап бір–біріне қарады. Т.Әбд. ~ Айтты, бітті, тоқтамайды. Көлденең тұрсаң, бәлесіне қаласың. Өршіп кетеді. Сол өртеніп жүріп қой, бәрінен қағылды. Әйтеуір, бұл көргелі өртеніп келеді. Өртеніп ойнады. Осы ауылда сол баяғыда төбелеспеген баласы жоқ. Н.Дәу. ~ Қатты зардап шеккен, халі мүшкіл, өң мен түстің арасындағы міскін жан. «Құрғыры, қолымда қылжиып қалып бәлесіне қалармын» деп, Нариман екі бөлменің арасында зыр жүгірді. Ә.Асқ.
БӘЛЕСІН ҚАРА!
Әлдебіреудің әпербақандығын мінеу, мысқылдау. ~ Дәнеш үндеген жоқ. «Қаршадай болып, бәлесін қара», — деп шоферіне қарап қойды. Шынында да, Берікбол қыстауы онша алыс емес екен. Қ.Жұм. ~ Өзімді-өзім тежеп біраз тұрдым. Серігім есікті ашып кіріп келді. Сондай боларын алдын ала сезген екен ғой! Жап-жас болып бәлесін қарашы… Б.Тоғ. ~ Бұлар өзі – істемпаз, әр істің қыбын табатын халық қой, бәлесін қарашы… Әуелі Бишкектің де кореец жігіттерін қосып алыпты. Базарды да өздері жиналып, бірігіп ашыпты. З.Нұр.
БӘЛЕН ЖЕРДЕ БАҚЫР БАР, БАРСАҢ ЖАУЫРША ДА ЖОҚ
Оңай олжа еш жерде жоқ д.м. * «Пәлен жерде бақыр бар, барсаң жауырша да жоқ» дегеннің кебін киіп, бала-шағаның обалын арқалап, көз жасына қалатын болсақ, қоялық түге. Ғ.Біләл
БӘЛЕЛІ ЖЕР
Қауіпті, кесепатты жер. ~ Бәлелі жерге бармағыңды сұқпа, бармағыңды сұқсаң тырнағың қалар. М.-М. ~ Шабуыл жасағанды қойып, бәлелі жерден аулақ кетуге ниеті ауған Ақтөстің енді бұрыла бергені сол еді жер-әлемді дүңк еткізіп, мылтық атылсын. С.Кәд.

