БАУ КЕСЕР

Түйін, шешім. ~ Сол күні жігіттердің Орловпен жете танысып, ендігі іске жоба сызғандағы сөздің бау кесері мынау болды: жігіттер бұдан былай бір ауыз болып, Орловтың айтқанын қылады. Байға қарсы көтеріліс жасап, жұмысын тастап шығып кетеді. І.Жанс.

БАУ КЕСЕР Read More

БАТЫРҒА ДА ЖАН КЕРЕК

Орынсыз батырлық жарға жығады д.м. ~ Батырға да жан керек деген емес пе, дәрігер дереу айтқанымды істеуге кірісті. Ә.Нұрш. ~ Батырға да жан керек. Жүрек дүрсілі ереуілдей күшейді. Әлгіндегі сабырлы шырай сәл қуқыл тартты. Кең маңдайға шып-шып тізілген тер үйірілді. С.См.

БАТЫРҒА ДА ЖАН КЕРЕК Read More

БАТЫРАШТЫҢ БАЛТАСЫ

Зұлымдық бейнесі. (Ақан серінің Құлагеріне балта жұмсаған адамның атына орай айтылып тұр). ~ Ал Асылбек не болды?-Ол Алматы жағында көрінеді. Батыраштың балтасынан аман жүрсе, бір жерден жарып шығуы тиіс еді. Бірақ о жақта да Бақакөздер жоқ деймісің?! Ү.Жлк. ~ Былтыр жазда ең алдымен ұсталған Ілияс еді. Ол байғұс не күйде жүр екен? Қалың пұшпақ, қайратты еді. Бірақ мынандай қанды қасапқа қалай төтеп берсін-ау! Өзінің «Құлагері» сияқты, Батыраштың балтасынан мерт болатын шығар. Қ.Жұм.

БАТЫРАШТЫҢ БАЛТАСЫ Read More

БАТЫЛЫ БАРМАДЫ

Бата алмады, жүрегі дауаламады; жүрексінді, тайсалды.
~ Бұл құздың оты шиманды екенін ақсақалдар білетін, бірақ малмен көшіп баруға еш уақытта батылы бармайтын. Бұл терең құзға апаратын бір ғана жол бар, жан шошырлық, қауіпті, қателі, қиын еді осы жол. Ж.Айм. ~ Жылында 20 мөлиеннен өсім кіріп жатқан Қытай еліне үш кісінің шығыны деген не? Бір түтік бақтағы балықты қара суға тікесінен түсіп, сынбай қалды. Бақ иесі түтікті судан суырып алды. Түтікті ашуға батылы бармады. Достарын ертіп, қаптаған топты соңынан шұбыртып сиқыр түтікті маңындағы мағистратқа (кеңсеге) алып барды. Ж.Айм. ~ Бұлардың арасында Қазақстаннан кім бар, кім жоғын ажырата алған жоқ. Үйткені, тасбақадай тарбаңдаған тыржалаңаш жандарға түс тоқтатып қарауға да батылы бармады.» Т.Рыс.

БАТЫЛЫ БАРМАДЫ Read More

БАТТИТЫП ЖАЗДЫ

Алыстан көрінетіндей, үлкен әріптермен жазды. ~ … төс қалтасына байлап алған көк сия қарындашын қайта-қайта аузына салып сулап, езуі мен мұртын сияға бояп, икемсіз мыртық саусағымен әр әрпін баттитып жазатын. Т.Ахт. ~ Және маңдайына баттитып жазып қойғандай мұны бірден танып қайдағы бір суық қолды, сұғанақ бастықтар өзіне үйір етіп ала қоятын. Т.Ахт.

БАТТИТЫП ЖАЗДЫ Read More

БАТПАНДАП КІРІП, МЫСҚАЛДАП ШЫқТЫ

Жаман әдеттің, жалпы жамандық атаулының жұғуы оңай, бірақ одан құтылу қиын. ~ «Сыбайлас
жемқорлық – өте күрделі құбылыс. Былай айтқанда дерт деп те айтуға болады. Батпандап кіретін,
мысқалдап шығатын кесел. Сондықтан бұл дертпен міндетті түрде бәріміз қоғам боп күресуіміз керек. Қ-Ж.Тоқ. ~ Дәрігер жаны әрі нәзік әрі қатал. Нәзік болмаса батпандап кірген ауруды мысқалдап шығара алмас еді; қатал болмаса пышақ ұстаған қолы дірілдеп, тірі денеден қан шығара алмас еді. Қ.Түм. ~ «Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады» дегендей, ол дерттен тәуелсіз қазақ елінің азаматтары жуық арада қоштаса қоюлары қиын … Г.Сейт. ~ Өз заманында Мұса пайғамбар еврей халқын 40-жыл артына ертіп, суы жоқ Сахара шөлінде көшіп-қонып өмір сүріпті, сондағы мақсаты халқын құлдық санадан арылту екен. Өйткені құлдық сана да ауру секілді «мысқалдап кіріп, батпандап шығатынға» ұқсайды. Ж.Шәк.

БАТПАНДАП КІРІП, МЫСҚАЛДАП ШЫқТЫ Read More

БАТПАҚҚА ТҰНШЫҚТЫ

Былыққа батты. ~ Мен былғансам саусағын шошайтып күлмек еді… Солардың көбі батпаққа тұншықты… пиғыл батпағына. Мен оларды елеген де жоқпын, өз ниеттері буындырып тастады. Обал. С.Әб.

БАТПАҚҚА ТҰНШЫҚТЫ Read More