БАСЫ ШАТАҚҚА ІЛІНДІ

Әлдебір ауыр жағдайға тап болды, қырсық шалды; істі болды. ~ Мына сайлауға екі ай, коп болса екі жарым ай қалды. Әділдің өзі жалғыз болғанмен, рулы елі бар, ағайыны бар, әншейінде біздік болғанмен, Әділдің басы шатаққа ілінсе, қапы қызбай тұра ма? Шәк.

БАСЫ ШАТАҚҚА ІЛІНДІ Read More

БАСЫ ТҮЙІСТІ

Бір тұста кездесе кетті; жолығысты; тоғысты. ~ Аузы жеңілдеу Сәлима сияқтылар сол жең ұшынан, не селтеңқұлақ жеңгейлерге бір көшенің қалтарысында басы түйісіп қалса: «тәкаппар ғой»,— деп сыбыр ететіні бар. М.Сүн. ~ Елу жыл бойы төсекте басы түйісіп жататын, жанының жартысындай болып кеткен жары Жәмила құмшекер қосқан бір дорба талқанын арқалап, жаяу- жалпылап Борандының түрмесіне жетіп, шалымен жолығуға рұқсат сұрамай ма. Ш.Мұрт. ~ Рахметәлінің көздеп жүрген көңі Шалқошқардікі еді. Екі тентектің басы түйісті. З.Шүк. ~ Бұл қалай үйден шықса, солай әлгі ымы-жымы бір қатындар дереу бұны ымдап, басы түйісіп пыш-пыштасып жатқаны. Ә.Нұрп.

БАСЫ ТҮЙІСТІ Read More

БАСЫ ТӘТТІ, АЯҒЫ ҚАТТЫ

Қиындықтан басталған істің ақыры қайырлы болады д.м. ~ Бірақ қуанған шақтарымыз да болды, азапты ісіміз нәтижесіз, абыройсыз болған жоқ. «Басы қатты болса, аяғы тәтті болады» демеуші ме еді қазақ? Г. Бел. ~ Солай, тірі кісінің тіршілік жолы – бұралаң, тағдыр торы – шырғалаң. Əрі қызық, əрі қиын. Басы тəтті, аяғы қатты. Кейде керісінше! З.Қаб.

БАСЫ ТӘТТІ, АЯҒЫ ҚАТТЫ Read More

БАСЫ ТАСҚА ТИДІ

Оқыс кедергіге тап болып, тығырыққа тірелді. ~ Пәуескеде селкілдеп, тербеліп келе жатқан Саурықта үн жоқ. «Басымның тасқа тиген жері осы ма? Қойшы-қолаңнан жеңіліп, Саурық, саған не болды? Ә.Шәр. ~ Өмірдегі – басын тау–тасқа ұрып, тіршіліктің көбігін қалқып, күнәға белшеден батып пашпырты біткен Мырқы мүсәпір. Қазір ғой басы тасқа тиген бекіре балыққа ұқсап, теңселе түсіп, күрсінгенде көкірегі көкке жетті. Д.Дос.

БАСЫ ТАСҚА ТИДІ Read More

БАСЫ СЫНДЫ

Бас (жүйке) ауруының бір көрінісі. ~ Тәуелсіздігіміздің бес жылдығына кешірім жасалып‚ түрме босап қалды дегенді естіген. Босаса‚ толтырып жатырмыз ғой». Езуіне күлкі үйірілгенмен бір күн бұрын араққа жығылған адамдай басы сынып әкетіп барады. Қ.Түм. ~ … Арыстың басы сынып барады. Түндегі ішкен ішкіліктен тас төбесі шаншып, аңыратып келе жатқан поездың шақылдаған доңғалақ ұрысы миын шағады. Әлде кім шекесін екі жағынан бұрғылап жатқандай. Н.Сер.

БАСЫ СЫНДЫ Read More

БАСЫ СӘЖДЕГЕ ТИМЕГЕН

Намаз оқып көрмеген, дінге бет бұрмаған адам туралы. ~ Бұл өзі жеті атасынан бері уызы арылмаған, бағы таймаған, қолынан ұры кетпеген, бір жақсылық етпеген, басы сәждеге тимеген, жамандықтан басқаны сүймеген, бірді-бірге атыстырып, елін қан жылатумен шынжыр балақ, шұбар төс, қанды ауыз атанған бір жауыз еді. С.Торы. ~ Бейсекей өмірінде басы сәждеге тиген адам емес қой. Онымен құдайды жек көрмейді. Ораза ұстайтын, ғұсыл құйынатын, кейде «құдай бір, пайғамбар ақ лаилаһа иллалла, мұхамбеден рәсулалла» дегенде барлық күнәдан тазарғандай болып, осыны үйреткен Тәшекең хазіреттің аруағына бірді бағыштап жіберетін. Ғ.Мұст. ~ Иә, несін айтасың, Керімбай баласынын бағы асып тұр екен, — деді Тыныбай қызғанышымен бірге сүйінішін де жасырмай. — Өмірі басы сәждеге тимеген кесіксіз Шихалдайдың өзі бата оқырға келіп отырса, ар жағын сөз етіп керегі не? Қ.Жұм.

БАСЫ СӘЖДЕГЕ ТИМЕГЕН Read More

БАСЫ САНДАЛДЫ

Не істеп, не қоярын білмей миы шатысты, адасты, алданды, босқа әбігер болды. ~ Шет жерде жалғыз басым сандалыппын, Сағымды мөлдір су деп малданыппын. Бағасыз саф алтын деп мысқа ұмтылып, Жасықты асыл көріп, алданыппын. М.Жұм. ~ Ел аңдып сені, Сен аңдып оны, Қылт еткізбей бағып көр. Ойнасшы қатын болса қар, Аңдыған ерде қала ма ар?! Көмексіз көзің, Бір жалғыз өзің Баға алмай, басың сандалар. Абай.

БАСЫ САНДАЛДЫ Read More

БАСЫ САЛБЫРАДЫ

Еңсесі түсті, көңілі жүдеді. ~ Басы салбырап, иығы түсіп, денесі былқ-сылқ етіп кетті. Ж.Айм. ~ Аяжанның алдында Адам тектес топ– толық бірдеңе өзіне қарай аузын ашып келе жатқандай көрінді де, мұнтаздай бөлменің мысы басып, басы салбырап кетті. Қ.Түм.

БАСЫ САЛБЫРАДЫ Read More

БАСЫ ПӘЛЕГЕ ҚАЛДЫ

Әлдебір жамандыққа ұрынды, қиын жағдайға тап болды. ~ Абайға тиген арам қамшы арсыз қазақтың қолында шошаңдап әлi жүр. Олжасты да еңсе көтертпей төмпештеумен келедi. «АЗ и Я»-дай ұлы кiтап жазып, басы пәлеге қалды. Т.Сәу. ~ Ал егер, тыңдауға зауқың болмаса, е, онда басың пәлеге қалды дей бер. Ә.Нұрп. ~ Желкесі күжірейген дәу төбетпен кездейсоқ ұшырасты да, басының анық пәлеге қалғандығын бірер айдан соң бір-ақ білді… Қ.Жиен.

БАСЫ ПӘЛЕГЕ ҚАЛДЫ Read More

БАСЫ ОЗЫҚ

Кемеңгер, үздік. ~ Мағжан — мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның тегінен асқандай. Сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай, бірақ түбінде әдебиет таратушылары газетпен қосақталып, күндегі өмірінің тереңін терген ақын болмайды, заманынан басы озық, ілгерілеп кеткен ақын болады. М.Әу. ~ Заманынан басы озық ақын, сұңғыла жыр сұлтаны Сұлтанмахмұт Торайғыров – өзі өмір сүрген уақыттың ғана емес, келер замандардың да сөзін кемеңгерлікпен кең толғай кеткен бір кемел. БАҚ. ~ Қолымыздағы жинакқа кірген авторлар: Эрих Фромм, Дайсетцу Судзуки, Мирча Элиаде, Батыстың интеллектуалдық элитасының барлық басы озық окілдері сияқты, адамзат ұрынып отырған жүйкелік дағдарыс жайында күйзеле жазған. Ш.Нұрп. ~ Даралық пен тұлпарлық егіз ұғым емес. Нағыз тұлпар басқа бәйге аттарынан, құрығанда, басы озық жүргенін қалайды. Д.Ізтілеу.

БАСЫ ОЗЫҚ Read More