АУЗЫ ДУАСЫЗ

Айтқан сөзінің берекесі жоқ. ~ … той қамына әлден кiрiсiп, кеше қаладан сатып алған бiр буат матасына көз салды.Оны жөндеп жатып, аузы дуасыз, жырқылдақ Төребайға бiр рет барлай қарады. Б.Алд.

АУЗЫ ДУАСЫЗ Read More

АУЖАЛ БОЛДЫ

Ермек болды. ~ Олар жұрттың бəрін таниды. Киімі əнтек өзгерген адамды да қылп еткізбей көре қояды. Болар-болмас нəрсе əңгімеге аужал бола кетеді. Біреу ат сатып алса да, барлық қала оны сөз қылады. Ж.Айм.

АУЖАЛ БОЛДЫ Read More

АУЖАЛ ҚЫЛДЫ (ЕТТІ)

Қорек етті. ~ Асырап сақтайтын бай жоқ, сүйенер кісің жоқ, бұл жерде отырып күн көре алмайсың ғой, деп төркіні қатынды
азғырып жүретін. Төркіні қызын екі- үш қараға сатып аужал қылмақ болатын. Ж.Айм. ~ Мейірбан ана батар күннің соңғы
сәулесі мол төгіліп тұрған төрт бөлме ішіндегі дөңгелек үстелге дастарқан жайып, Меңтай екеуміздің алдымызға ас қойды. —
Осыны аужал қыла тұрыңдар, қарақтарым. Мен қазір тез сиыр сауып, ыстық ас жасап беремін. Ә.Нұрш. ~ Байдың үйінің өзі
болса да, «қысқа әлсіз болар-ау» деген кәрі-құртанды сояды немесе көбең тойыны бар, еті ояз малды сирек сойып, әр
нәрсені аужал етеді. М.Әу. ~ Алғаш қасында жүрген шалдың кемпірі берген екі жарма құртты аужал еткен еді, ол да түгеді.
Б.Жұм. ~ Ал, Тоғұрылдың қайтқан жолы тым ауыр болған көрінеді, бұл жөнінде жоғарыда көрсетіп өткен мұсылман, қытай
және моңғол деректері «жолда азығы таусылып ешкінің сүтін, түйенің

АУЖАЛ ҚЫЛДЫ (ЕТТІ) Read More

АУЗЫ АСҚА ЖАРЫМАДЫ

Тойып тамақ ішпеді, аш құрсақ жүрді. ~ Ауыл-аймақта тірі жанмен аралсып, өз үйінен шыны шетін тістетіп көрген емес. Өзгені жарылқамақ түгілі өзінің аузы жарып ас ішпеді. Т.Сәу. ~ Мыңды айдаған байдың баласы болса да, аузы асқа жарымай тулаққа шашылған бидайды жүннің арасынан теріп жеумен күні өткен сорлының құлқыннан басқа қайғысы жоқ еді. Т.Сәу.

АУЗЫ АСҚА ЖАРЫМАДЫ Read More

АУЖАЛ ТҰТПАДЫ

Қанағат қылмады. ~ Бірталайдан бері жас әйелдің сұлу тәніне көз суарғаны осы еді. Өзінен сәл ғана кіші бәйбішесінің сыны
да, сыры да кетіп болған. Оны аужал тұтпай, бертінге дейін «ер азығын» жолдан тауып жүруші еді, кейінгі кезде ол да
қожырап кетті. Қ.Жұм.

АУЖАЛ ТҰТПАДЫ Read More

АУЗЫ АСҚА, АУЫ АТҚА ЖАРЫМАДЫ

Қолы еш нәрсеге жетпеді; үрерге иті, сығарға биті жоқ кедейшілік күн кешті. ~ Жасым отыз бесте. Әкем Тойбазар, өзім
Мұқаш болғалы, аузым асқа, ауым атқа жарыған емес. Ж.Айм. ~ Малды бағып-қақпай жалқаулыққа, маскүнемдікке
салынғандардың аузы асқа, ауы атқа жарымаса өз обалы өзіне. Ғ.Біл.

АУЗЫ АСҚА, АУЫ АТҚА ЖАРЫМАДЫ Read More

АУЖАЛ ТҰТТЫ

Көңіліне медет қылды. ~ Егер орыс консулы шындап араласса, Матен- амбының оны тыңдамасқа шамасы қайсы деп, жігіттер соны көңілдеріне көп аужал тұтады екен. Қ.Жұм. ~ Бірталайдан бері жас әйелдің сұлу тәніне көз суарғаны осы еді. Өзінен сәл ғана кіші бәйбішесінің сыны да, сыры да кетіп болған. Оны аужал тұтпай, бертінге дейін «ер азығын» жолдан тауып жүруші еді, кейінгі кезде ол да қожырап кетті. Қ.Жұм.

АУЖАЛ ТҰТТЫ Read More

АУЗЫ АСҚА, ИІНІ КИІМГЕ ЖАРЫДЫ

Өлместің күнін көрді. ~ Алтын тұғыр қойса да қаз қаңқылдап қона алмас, — деген осы екен ғой. Ауызың асқа, иінің киімге жарып есіркегенді қоймай, біреудің аузындағысына таласқан нақ қортық сен емес пе, — деді Бөке де әр сөзін тістене сөйлеп. Б.Жұм.

АУЗЫ АСҚА, ИІНІ КИІМГЕ ЖАРЫДЫ Read More

АУЖАР БОЛМАДЫ

~ Біреудің құдығын аршыдым, біреудің қорасын тазарттым, бір ноғайдың сарайын жаптым… Бірақ оның барлығы да аужар болмады. Күнде тапқанымды күнде тақ-тұқ өткізіп жеп қоям. І.Жанс.

АУЖАР БОЛМАДЫ Read More