Аузы ашылып, аң-таң болды; алданып қалды. ~ Өмірі мұндай қораға кіріп көрмеген Ұлтарақтың көзі бажырайып, аузы аңқиып қалды. Толып жатқан есіктің қайсысына кірерін білмей, аңырып тұрғанда, бір есіктен оңтайлы аттай даяршы жігіт шыға келіп, сәлем беріп, қонақ үйге бастады. Ж.Айм. ~ Ерғазы ма? Ол бір ашық ауыз ғой. Алматыда қолына ұстатқан мынадай қыздан аузы аңқайып, айырылып қалған одан не сұрайсың. Жүр ауылда әлі күнге дейін әйел ала алмай. Ә.Нұрш. ~ Не дұрыс, не дұрыс емес – жоғарының бұйрығын талқылауға правом жоқ. Сіздерге айтуға маған бұйырылған, бұдан былай естеріңізде болсын: ол зират жойылуға жатады. – Ана-Бейіт пе?– деп Ұзынтұра Еділбай аузы аңқайып қалды. Ш.Айт.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АУЗЫ АППАҚ БОЛДЫ
Алданып қалды; жер соғып қалды; қара жерге отырды; барынан айрылды. ~ Сөйтіп, ол айла-тәсілін асырып, өткір қырғышпен мемлекет қазанының түбін қыра бастады. Нұғыманов заңсыздықты алдымен өздеріне айтты. Адалдың аузы аппақ болды. Көп ұзамай қызметтен де қуылды. Төрт ай қызметсіз жүрді. Б.Қыд.
АУЖАЛ БОЛДЫ
Ермек болды. ~ Олар жұрттың бəрін таниды. Киімі əнтек өзгерген адамды да қылп еткізбей көре қояды. Болар-болмас нəрсе əңгімеге аужал бола кетеді. Біреу ат сатып алса да, барлық қала оны сөз қылады. Ж.Айм.
АУЗЫ АРАНДАЙ
Аузы үңірейген үлкен, обырдай. ~ Кемпірдің аузы арандай, мұрны көрдей, Бетінде тіпті қан жоқ қара жердей. «Нұрғазарын».
АУЖАЛ ҚЫЛДЫ (ЕТТІ)
Қорек етті. ~ Асырап сақтайтын бай жоқ, сүйенер кісің жоқ, бұл жерде отырып күн көре алмайсың ғой, деп төркіні қатынды
азғырып жүретін. Төркіні қызын екі- үш қараға сатып аужал қылмақ болатын. Ж.Айм. ~ Мейірбан ана батар күннің соңғы
сәулесі мол төгіліп тұрған төрт бөлме ішіндегі дөңгелек үстелге дастарқан жайып, Меңтай екеуміздің алдымызға ас қойды. —
Осыны аужал қыла тұрыңдар, қарақтарым. Мен қазір тез сиыр сауып, ыстық ас жасап беремін. Ә.Нұрш. ~ Байдың үйінің өзі
болса да, «қысқа әлсіз болар-ау» деген кәрі-құртанды сояды немесе көбең тойыны бар, еті ояз малды сирек сойып, әр
нәрсені аужал етеді. М.Әу. ~ Алғаш қасында жүрген шалдың кемпірі берген екі жарма құртты аужал еткен еді, ол да түгеді.
Б.Жұм. ~ Ал, Тоғұрылдың қайтқан жолы тым ауыр болған көрінеді, бұл жөнінде жоғарыда көрсетіп өткен мұсылман, қытай
және моңғол деректері «жолда азығы таусылып ешкінің сүтін, түйенің
АУЗЫ АСҚА ЖАРЫМАДЫ
Тойып тамақ ішпеді, аш құрсақ жүрді. ~ Ауыл-аймақта тірі жанмен аралсып, өз үйінен шыны шетін тістетіп көрген емес. Өзгені жарылқамақ түгілі өзінің аузы жарып ас ішпеді. Т.Сәу. ~ Мыңды айдаған байдың баласы болса да, аузы асқа жарымай тулаққа шашылған бидайды жүннің арасынан теріп жеумен күні өткен сорлының құлқыннан басқа қайғысы жоқ еді. Т.Сәу.
АУЖАЛ ТҰТПАДЫ
Қанағат қылмады. ~ Бірталайдан бері жас әйелдің сұлу тәніне көз суарғаны осы еді. Өзінен сәл ғана кіші бәйбішесінің сыны
да, сыры да кетіп болған. Оны аужал тұтпай, бертінге дейін «ер азығын» жолдан тауып жүруші еді, кейінгі кезде ол да
қожырап кетті. Қ.Жұм.
АУЗЫ АСҚА, АУЫ АТҚА ЖАРЫМАДЫ
Қолы еш нәрсеге жетпеді; үрерге иті, сығарға биті жоқ кедейшілік күн кешті. ~ Жасым отыз бесте. Әкем Тойбазар, өзім
Мұқаш болғалы, аузым асқа, ауым атқа жарыған емес. Ж.Айм. ~ Малды бағып-қақпай жалқаулыққа, маскүнемдікке
салынғандардың аузы асқа, ауы атқа жарымаса өз обалы өзіне. Ғ.Біл.
АУЖАЛ ТҰТТЫ
Көңіліне медет қылды. ~ Егер орыс консулы шындап араласса, Матен- амбының оны тыңдамасқа шамасы қайсы деп, жігіттер соны көңілдеріне көп аужал тұтады екен. Қ.Жұм. ~ Бірталайдан бері жас әйелдің сұлу тәніне көз суарғаны осы еді. Өзінен сәл ғана кіші бәйбішесінің сыны да, сыры да кетіп болған. Оны аужал тұтпай, бертінге дейін «ер азығын» жолдан тауып жүруші еді, кейінгі кезде ол да қожырап кетті. Қ.Жұм.
АУЗЫ АСҚА, ИІНІ КИІМГЕ ЖАРЫДЫ
Өлместің күнін көрді. ~ Алтын тұғыр қойса да қаз қаңқылдап қона алмас, — деген осы екен ғой. Ауызың асқа, иінің киімге жарып есіркегенді қоймай, біреудің аузындағысына таласқан нақ қортық сен емес пе, — деді Бөке де әр сөзін тістене сөйлеп. Б.Жұм.

