Аштан өлмейтіндей халге жетті. ~ Тағы сол кемпірлер. Соғыстан қалған бір-бір жетімектің аузын астауға жеткізген шығар — ау, енді немерелеріне еңкілдеп ат болғанда бұлар қай ұшпаққа апарар екен?.. Қ.Ысқ.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АУЗЫ ЖАРЫМАДЫ
Қанағат таппады. ~ Ауыл-аймақта тірі жанмен аралсып, өз үйінен шыны шетін тістетіп көрген емес. Өзгені жарылқамақ түгілі өзінің аузы жарып ас ішпеді. Т.Сәу. ~ Сонау бір жылдардағы елдің зейнетақы еңбек айлығына аузы жарымай, қорадағы малдарын топырлатып сата бастағанда, жиған акшасы бар Өрікайдар әр қойдың басына екі мыңнан төлеп, жаппай сатып алған. Н.Дәу.
АУЗЫ АУЫР
Көп сөйлемейтін, томаға-тұйық адам туралы. ~ Айғанша шайды ұзақ сораптады. Іштегі құса ғана ауырта ма, көңілі сәл бөлінсе, кәдімгідей жүзіне шырай жүгіріп, өңі кіріп қалады екен, соны байқаған Қатира жайшылықтағы аузы ауырлығын ұмытып, талай әңгіме, талай өсекті айтып тастады. С.См. ~ Егер «ат аунаған жерде түк қалып» сыпсың сөз жетсе ол миығы тартып қарар еді, әлде бабаның қасиеті бәрін үрлеп, санадан өшіріп жіберді ме екен, өң-жүзінен ештеңе байқалмайды. «Әлгі менің еркегім нағыз еркек екен, аузы ауыр неме екен өзі» деп арқасын кеңге салды. Қ.Түм.
АУЗЫ ЖАРЫП АС ІШЕ АЛМАЙ, ТАҚЫМЫ ТОЛЫП ТАЙ МІНЕ АЛМАЙ
Бүкіл өмірі жоқшылықа өткен адам турасында. ~ — Ыбылжымай, мына туды шалқыта ұста. Әкең Смайыл өмірін
Әбен малшылықта өткізіп аузы жарып ас іше алмай, тақымы толып тай міне алмай кетіп еді. Бүгін атаңның
ақы адал еншісін алатын күнің, — деп біраз тықыртып алды. С.Бег.
АУЗЫ АШЫҚ (ЖЕҢІЛ)
Тым сөзуар, өсекке, алып-қашпа әңгімеге бейім адам туралы.
~ Елі құрғырлардың аузын бассаң, арғы сөйлеп тұрады ғой. Әсіресе, осы мұғалімі бар болғырлар, пәле болды. Ж.Айм.
АУЗЫ ЖАЯЛЫҚТАЙ
Аузы тым үлкен. ~ Шот маңдай, кеңсіріктігі батыңқы, бадырақ көз Байсұлтанның жаялықтай аузының екі езулігі Қуанды көргенде жайыла, құлағына қарай жоси жөнелді. М.Сүн.
АУЗЫ АШЫЛҒАН ЖАРАДАЙ (БОЛДЫ)
Шерін тарқатты, құса-қайғысын жайып салды. ~ Әңгіме көбейді. Аузы ашылған жарадай, аржағынан неше түрлі зардаптар, сарсықтар тынымсыз ағып жатқанына Асқар таң қалды. С.Мұқ.
АУЗЫ ЖЕЛДЕЙ ЕСЕДІ
Тым сөзуар, өсекке, алып-қашпа әңгімеге бейім адам туралы.
~ Елі құрғырлардың аузын бассаң, арғы сөйлеп тұрады ғой. Әсіресе, осы мұғалімі бар болғырлар, пәле болды. Ж.Айм.
АУЗЫ АШЫЛДЫ
Аң-таң болды. ~ «Болдың ба, шеріңді тарқаттың ба, қысылшаңда күтіп жүр ме едің?!» дегендей Ақанға салқын ғана көз қиығын тастап, Наурызбай мешітке қарай аяңдағанда, өңкей қара шапан киген жуан, құныс қожа-моллалар қара құзғындарша тоңқаңдап соңынан ерді. Орындарында тапжылмай, сері сөзіне аузы ашылып тұрып қалған көлденең жұрт қана. С.Жүн. ~ Мұны естігенде қаршадай бала — Бекеңнің ұйқысы шайдай ашылатын, батырлық туралы аңызды аузы ашылып тыңдаушы еді. Енді, міне, алпыстан асқанда сол шақ көрген түстей алыстан елес берді… С.Мұр. ~ Қызыл велюр көйлегін, қызыл атлас астарлы ақсұр пальтосын, ақсұр шляпасын, ақ сафиян жұқа жеңіл етігін киіп есік алдына шыққан Майсараны көргенде Балтаның аузы ашылып қалды. С.См.
АУЗЫ БАРҒАНША СӨЙЛЕП, АЯҒЫ БАРҒАНША ЖҮРДІ
Қалауынша жүріп-тұрды; дегенін істеді. ~ Өзім аш болсам да, ол ішті; өзім жалаңаш болсам да, ол киді; аузы барғанша сөйлеп, аяғы жеткенше жүрді. Енді не айыбым бар, халқым? Не жаздым, не жаңылдым, жұртым?! БАҚ.

