АТЫНЫҢ БАСЫН ТАРТТЫ

Сақтанды, батылы бармады, кері қайтты. ~ Майра шетінеген соң, үйге келсе үнсіз тоңырайып, Ақтотыға да сараң тіл қатып жүрді. Көбінше күндіз– түні жылқының соңында кетеді. Оның көңіл– күйінің ығына жығылып, құрбы– құрдастары да оған албаты әзіл– қалжың айтуға аттарының басын тартқан. Т.Рыс. ~ Онсыз да алағызып жатқан келіншек есігін жедел ашып, жылы төсегінен орын тебетін. – Сен енді атыңның басын тартсаңшы! Әйелің бар, балалы болдың. Қара дәу де сезіп жүр. Ол сыр бермейді. Ішінде.. – деген Айсұлу. Т.Рыс.

АТЫНЫҢ БАСЫН ТАРТТЫ Read More

АТЫНЫҢ САУЫРЫН АҚ КӨБІККЕ БЫЛҒАДЫ

Әбден шаршатып, терге малындырды. ~ Хан сөйтіп өз ойымен өзі пұшайман болып жүрген-ді. Бір күні сары бесінде атының сауырын ақ көбікке былғап, екі езуі екі құлағына жетіп, тама Есеттің шабарманы келсін. Ә.Кек.

АТЫНЫҢ САУЫРЫН АҚ КӨБІККЕ БЫЛҒАДЫ Read More

АУА ЖАЙЫЛДЫ

Тоқтау көрмей, беталды кетті. ~ Бұрынғы бейбастақтық жоқ па? Мелитсе құрық әкетпей пе? — Жоқ. Заңға бағынатын болып келеді. Кейде жалғыз-жарым ауа жайылатындар болады. Қазақ-орысқа бағынып, ұлыққа жағынып жаман үйреніп қалған ел ғой. Ж.Айм. ~ Олардың айтуынша колхозшылар арасында ауа жайылушылық байқалса, соның демеушісі осы есепшілер тобы сияқты. С.Шай. ~ Якупов келгелі облыс көлемінде тәртіп түзеліп, ауа жайылған, жұмысқа немқұрайлы қарайтын керенау, селқостар азая бастады. З.Шаш. ~ Алдында жүрген азын-аулақ малға иелік ете алмай, шетке шыққан торпақ, баспақ ауа жайылып әлденеше рет колхоздың жайқалып өсіп тұрған жүгерілігін жайқап кетті. О.Сәр. ~ Білімсіз аралассам да совет адамшылығы, дегенді жүрегім жақсы сезсе керек, ауа жайылған жерім болған жоқ. Ғ.Мұс.

АУА ЖАЙЫЛДЫ Read More

АУА КӨШТІ

Біржола көшіп кетті. ~ Осы жаққа ауа көшiп келген көне жолымыз бәрi қалың қазақты қақ жарып өтер. К.Сег. ~ «Әне құлайды, міне құлайды» деген өкіметтің жыл асқан сайын буыны бекіп, қабырғасы қатая бастағанын көзімен көріп отырған Әкімбектің ойы әр саққа жүгіреді. Өзінің күні кешегі жалшылармен жыландай арбасып, иттей ырылдасқанша алыс бір жаққа ауа көшкісі келеді. Б.Тоғ. ~ Қазақтың бұл алауыздығын жоғарғы ұлықтар білсе де білмеген болады. Қайта, реті келсе: «Өкіметке шын берілген, нағыз отаншыл, сенімді ру сендерсіңдер. Өйткені сендер басқалар сияқты ешқайда ауа көшкен жоқсыңдар» деп біреулерінің қолтықтарына дым бүркіп, еліртіп қояды екен. Ж.Шәк.

АУА КӨШТІ Read More

АУАДАЙ ҚАЖЕТ

Аса керек, өте бағалы, құны жоғары. ~ Алайда, Ленинград болып қайта құрылып жатқан зиялы қалаға керек Саттар қазақ әдебиетімен өнеріне де ауадай қажет еді. Қ.Ерг. ~ Сізді Академияға қалдыру оп-оңай. Бірақ сіз сияқты байырғы коммунистер дәл қазір республиканың өзіне де ауадай қажет емес пе?! Қ.Жұм. ~ Жас кадрлар. Дипломды мамандар. Институтты бітіріп келе жатқан ерлі-зайыпты екі құрылысшы-инженерлер. Біздің бірлестікке олар ауадай қажет екенін өзің де білесің, солай ғой, ә? Ғ.Қаб.

АУАДАЙ ҚАЖЕТ Read More

АУҒАН КӨШІН ТҮЗЕДІ

Қатесін түзеді. ~ Алшағыр ауған көшін түзеген тәрізді. Ең қысталаң тар жол, тайғақ кешуін артқа тастапты М.Қаб. ~ Ары бұрыла беріп:— Өз денсаулығына да өстіп көңіл бөлсе…— деп, қожыраңқырап барып, — Дом советтеріне өте бер, Елтайжан. Түскі ас әзір, мақтап жүреді екенсің, жақсы келдің,— деп, ауған көшін түпкілікті түзеді М.Қаб.

АУҒАН КӨШІН ТҮЗЕДІ Read More

АУДАРА ҚАРАП, АҚТАРА ТЕКСЕРДІ

Мұқият, ұзақ, түгін қалдырмай тексерді. ~ Тіпті солардың не деп жала жапқандарын, не айып тағатынын осы күнге шейін ныспы білмейді. Аудара қарап, ақтара тексеріп, ақты – қарасын неге ашпайды екен? С.Ом. ~ Нәрестенің атын не деп қойсақ екен деп көп ойландым. Дүниедегі жақсы есімдердің бәрін аудара қарап, ақтара тексердім. Елдің көңілі толар есім іздедім. М.Әбд.

АУДАРА ҚАРАП, АҚТАРА ТЕКСЕРДІ Read More