АТЫ АРЫП, ТОНЫ ТОЗБАЙДЫ

~ Жоқ, бәрі бекер! Қазақ «ақ көңілдің аты арып тоны тозбайды», «арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам» дегендерді бекер айтпаған. Ж.Шәк. ~ Жей алмай сіз отырсыз тұзы жоқ ас, Жағымпаз, табынғыштар тұздай болмас. Жағымпаздық істемей жаза шектім, “Адалдың аты арықтап, тоны тозбас”. БС «Кенжекей…»

АТЫ АРЫП, ТОНЫ ТОЗБАЙДЫ Read More

АТПАС ТАҢҒА ҚАЛДЫ

Жағдайы мүшкіл болды; басына пәле үйірілді. ~ Мүгедектердің бәрі бүйте берсе, ойбай-ау, атпас таңға қалмаймыз ба! О.Сәр. ~ Айналайын, шырағым!.. Осындай бір атпас таңға қалдық… Амалың көп деуші еді… Осы пәледен бізді есебін тауып құтқарсаң пәлендей дүние берер едік, – деп зар жыласыпты. ҚЕ.

АТПАС ТАҢҒА ҚАЛДЫ Read More

АТТАҒАН (ӘР) ҚАДАМЫ САНАУЛЫ (ЕСЕПТЕУЛІ)

~ Апамның көзінше-ақ берейін. Аттаған қадамы санаулы біз бейбақтың қолынан бұдан басқа еш нәрсе келмеді. К.Қаз. ~ Әжемнің айтуынша, Серкебай көкемді матап ұстайтын көрінеді. Әр қадамы санаулы екен. Б.Мом. ~ Дос болмақ түгіл, сабырлы, салқын қанды, әр қадамы санаулы Иса мен бірде от, бірде су, кейде қыршаңқы, кейде ақ көңіл Әшір екеуі бір-бірін іштей жақтырмайды. М.Қаб. ~ Кәкіштің содан кейінгі әр қадамы — есептеулі содан кейін, Кәкіш құлпырып, жайнап сала береді, қызыл көрген қырандай «өз биігінде» самғай бастайды.. Ә.Тар.

АТТАҒАН (ӘР) ҚАДАМЫ САНАУЛЫ (ЕСЕПТЕУЛІ) Read More

АТТАЙ ҚАЛАДЫ

Жалынып-жалбарынып сұрады, қолқа салды. ~ Meн Павлодар облысына баратын болдым. Әдейі аттай қалап, сұрап алдым. Өйткені, онда Жанаржаным бар. Б.Соқ. ~ Кемелханнан осыны аттай қалап, атандай сұрап алған, тіпті, өзім едім-ау. Сөйтсем, басыма пәле болу үшін алған екенмін ғой. Б.Соқ.

АТТАЙ ҚАЛАДЫ Read More

АТТАМАЙ ЖАТЫП СҮРІНДІ

Ә дегеннен жаңылысты, қате жіберді. ~ Мана кабина ішінен қыстауға көз салғанда-ақ қайтар-қайтқанша біраз қатеге ұрынатынын іші сезген. Әйтсе де сол қателік бүйтіп тез басталады, аттамай жатып сүрінемін деп ойламаған. М.Қаб.

АТТАМАЙ ЖАТЫП СҮРІНДІ Read More

АТТАН ЖЫҒЫЛДЫ

Ат үстінен қлап түсті. ~ Ат үркіп, арыстаннан, жығып кетті, Құдайдың құдіретін көр, не қылады?! Жығылып аттан патша
жерге түсті, Қырық жігіт қашып кетті, зәресі ұшты. Патша аттан жығылып түскенінде, Арыстан жағаласып бірге түсті.
«Гүлшат-Шеризат. ~ Тұра шабысты. Шимойын жеткізбей кетті. Азғана жерде арқан бойы озған. Ал қайтарда… қуып жете
берген Қайла қыз қамшы көтерген сәтінде аттан жығылып еді. М.Мағ.

АТТАН ЖЫҒЫЛДЫ Read More

АТТАН ОЗДЫ БАЙТАЛЫМ

Әйел баласының еркектен асып кеткенін меңзейтін тіркес. ~ Жақаулар Тайландқа бара жатыр… «Аттан озды байталым» дегендей, қатынының мұрны аспанда… Сонда барып байға шығатындай қылымсып кетіпті… — деді танауы қусырылып. Е.Абд.

АТТАН ОЗДЫ БАЙТАЛЫМ Read More

АТТАН САЛДЫ

Ұран тастады, дабыл қақты. ~ Рахмет, жауынгерлер! — деді командир. — Қазіргі сағаттан бастап, бәрің де майдандамыз деп есептеңдер өздеріңді. Бізге ұшыраспай соғыс кете алмайды. Отан бәрімізді майданға шақырып отыр. Отан ұлы қоңырауын қағып, аттан салды. Ғ.Мүс. ~ … кәрілер жағы Малжан аулын қарғап-сілесе, жастар жағы кінәлі адамды тауып алып, жазалау керек деп аяғынан тік тұрып аттан салды. С.Жүн.

АТТАН САЛДЫ Read More