Әлде бір істен аулақ болуға тырысты. ~ Өсектен ат-тонымен алыс қашса, Естісе, ұялғаннан бетін басса, Жамандық – аты өшкірге жақын жүрмей, Аяғын күндік жерден байқап басса. М.Жұм.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АТЫ АРЫП, ТОНЫ ТОЗБАЙДЫ
~ Жоқ, бәрі бекер! Қазақ «ақ көңілдің аты арып тоны тозбайды», «арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам» дегендерді бекер айтпаған. Ж.Шәк. ~ Жей алмай сіз отырсыз тұзы жоқ ас, Жағымпаз, табынғыштар тұздай болмас. Жағымпаздық істемей жаза шектім, “Адалдың аты арықтап, тоны тозбас”. БС «Кенжекей…»
АТ-ТОНЫН АЛА ҚАШТЫ
1.Азар да безер болып, бойын аулақ ұстады, жоламады. ~ … шыжыған шілдеде сексеуілдің шоғына шыжғырылып отыратын
әкесі Құлжандай болудан ат-тонын ала қашады. Ә.Кек. ~ Бір кезде басына сәлде орағанды көрсе тұла бойы тік тұрып,
анадайдан ат-тонын ала қашатындар қып-қызыл белсенділер, енді келіп, пенсияға шыққан соң райларынан қайтқансып,
сәждеге бастарын ие қалыпты-ау. О.Сәр. ~ Қызыл десе, партия десе, ат тонын ала қашатын алапестер онда да көп екен.
Ж.Шәк. ~ Мәтпұсаның кім екенін сары кемпір де, ақ құба кемпір де түсінген жоқ, әйтеуір екеуі де кенет қаптың ішінде ап
жылан жатқандай ат-тонын ала қашып, азарда-безер болып атып -атып тұрды. Қ.Ысқ.
2. Мойнына алмады, келіспеді, үзілді-кесілді бас тартты. ~ Бірақ арсыз адам ұятты қайтсін, ертеңіне мастығы тарқағасын:
«жоқ… жоқ, мен емес. Мен ондай иттікке бармаймын ғой»,- деп азар да безер боп, ат тонын ала қашты. Қолымен істегенді
АТЫ БАР ДА ЗАТЫ ЖОҚ
Сапасы, қасиеті атауына сай емес. ~ Егер кешкі мектептің бәрі осы «Жартастағыдай» болса, бұдан рақат жұмыс өтпес. Оқушылардың тізімде аты бар да, заты жоқ. Шаруадағы адамдардың сабаққа келгенінен келмегені көп. Қ.Жұм. ~ Шынын айту керек, қазақ еместердің көбі, тіпті қазақ деген аты бар да заты жоқ кейбір шолтыр– шолақтардың өзі бұл мəселенің шешілуіне қарсы, яки немқұрайды қарайды: «біреудің жоғын біреу өлең айтып жүріп іздейді» деген емес пе? З.Қаб.
АТТЫ КІСІ ТҮСІП, ЖАЯУ КІСІ ЖАТЫП ҚАРАЙТЫН
Кез-келген адам таң-тамаша боларлық. ~ … осыдан бес-алты-ақ жыл бұрын он екі, он үш жасар, тұлымы желпілдеп, шашбауы сылдырлаған Дүрия мен Гүлия, енді міне, атты кісі түсіп, жаяу кісі жатып қарайтын сұлу қыз болып бойжетіп үлгерген екен. О.Бөк. ~ Ал ол кезде Алтын Орданың Бату Сарайы мен Берке Сарайы, Ақ Орданың Сығанағы мен Сайрамы қандай еді. Атты кісі түсіп, жаяу кісі жа¬тып қарағандай, салтанатына көз тоймайтын. Т.Сәу. ~ Кент-шаһарларындағы атты кісі түсіп қарағандай, жаяу кісі жатып қарағандай мешіттердің күмбезі көкпен таласты. Т.Сәу.
АТЫ ДА (ТҮГІЛ), ИІСІ ДЕ ЖОҚ
Дәнемесі жоқ, жұқанасы да табылмайды. ~ Осы балбал тастың тарихы б.з.д.5 мыңыншы жылдан басталады. Қазақ дегеннің аты да, иісі де жоқ кез. Демек қазақтан бұрын домбыраның болғандығын көрсетеді. С.Сүг. ~ Нағыз шынын айтқан уақытта, қазақ тілінде деп бастырылған кітаптардың көбінде қазақтың иісі де жоқ. Неге десең, дені бытпырақ, бытпырақ болмағандарының ағыны теріс. С.Тор. ~ Кейбір адамдардың бойында мұсылманшылықтың аты түгілі, иісі де жоқ. Көп адам мұсылман болу керек дегенді түсінбей келеді. БАҚ
АТТЫҒА ЖОЛ, ЖАЯУҒА (АУЫЗДЫҒА) СӨЗ БЕРМЕДІ
Сөйлемпаз, даукес, кез-келген жерге килігіп кететін адам туралы. ~ Бұрын да «аттыға – жол, жаяуға сөз бермейді» дейтін Ұлпан, енді тіпті өткірленіп, үлкен демей, кіші демей, бойдағы мінін қаза беретін. С.Мұқ. ~ Үй ішіндегілер қозғалақтап кетті. Әншейінде аттыға жол, жаяуға сөз бермейтін Құдабай да сазарған күйі жақ кірісін ашпады. Ж.Шәк. ~ Қасына ана бір Шәкей дегенді салпақтатып ертіп алыпты. Ол да бір аттыға жол, жаяуға сөз бермейтін керауыздың өзі. С.Жүн. ~ Ay, айтқандай, Ақанжан, сен де шаршаған шығарсың, тамақ піскенше сен де мызғып ал, мен де бір әңгіме десе жаным кіріп, аттыға жол, жаяуға сөз бермейтін көксоққанның өзімін. Сені шаршаттым-ау деймін. С.Жүн. ~ Алыстан келе жатқан адамнан ауылда қалған бала-шағаның амандығын сұраудың орнына өзі айтып беруі керектігін аңғармай, алжасқан Шоқай өз дәуірінде аттыға
жол, ауыздыға сөз бермеген, талайға қамшысының ұшын ұстатпаған мықты да
АТЫ ЕРТТЕУЛІ ТҰР
О дүниелік болуға жақын, ажалы таяу д.м. ~ Жасың ұзақ болсын, мені ұмытпасаң, — деп сыбырлады. — Атаңның аты ерттеулі тұр. Тағдыр тартылып, талқан таусылған шығар. Мен сенің марқұм әкеңмен түйдей жастымын ғой. «Жорға мінген досынан айырылады, көп жасаған құрдасынан айырылады» деген. Рас екен: көп арпаның ішінде жалғыз бидай мен қалдым. Енді етек- жеңді жинап жатырмын. Мен олай- бұлай болып кетсем, абиырмен аттандыруға көмектес, соңғы тілегім… Ш.Мұр.
АТТЫНЫҢ АЯҒЫН, ЖАЯУДЫҢ ТАЯҒЫН АЛҒАН ҚУ
~ Ақым сол күйінде күйіп кеткені ме?Жоқ, сұрайтын күн туа ма, маған? Әй, Үсейін, енді бір тиын бермес! Аттының аяғын, жаяудың таяғын алған қу ғой… І.Жанс.
АТТЫҢ (АТ) БАУЫРЫНА АЛЫП САБАДЫ
Атпен қуып жүріп соққыға жықты, өлімші қылып ұрды.
~ Майбасар балаға ақырып, ұрысып, тұқым-тұяғынан түк қалдырмай боқтап, аттың бауырынан алып сабап жүр. М.Әу. ~ Ашаршылықтан ауылдағы ел қырылыпты. Егіннің аңызынан масақ терген аналарды аттың бауырына алып сабайды екен. Т.Рыс. ~ Жаңа қатынының: «тағы сабады-ау ананы. Аттың бауырына алып жүргенiн қарашы Майбасардың қаршадай баламды, сорлыны, соры қалың бейбақты» деп, жүгiрiп кеткенiн де Байторы үйде жатып естiген-дi. М.Әу. ~ Қалың тоғайдан шыға келген төрт қасқыр жүз қаралы қозы-лақтың талайын тамақтағанша, бұл оянбаған… Әкімбектің ат бауырына алып сабағаны есінен кетер ме?! Б.Тоғ.

