Атқа азық беріп, суарып, күтті. ~ Ішке ат жайлаған бала келіп кірді. Аузы жаялықтай, тәмпіш қара бала маған қысық көзі жылтыңдап жымың — жымың етеді. Н.Сер. ~ Ол ат жайлап болып, кәрі шешесіне болысты. Самауырынға су құйып, оны тұтатып, ұсақтап ағаш жарып тезірек шай қайнатудың қамына кірісті. Х.Ес.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АТ АЯҒЫ ЖЕТЕР ЖЕР
Маңайдағы хабар жететіндей аумақтағы ел. ~ Сонысымен айналасына қолөнері мәлім болып, ат аяғы жетер жер тегіс құлақтанған кезде, қалап әкетушілер де табыла бастаған. Ү.Жлк. ~ Маусымды жұмысқа адам жалдау, шұрайлы пішендік жерлерді арзан бағамен молырақ қамтып алу мақсатымен Бойков қатарлас әккі қулар ат аяғы жетер жердегі қазақ ауылдарына барып, ерте бастан сөйлесіп жатқан көрінеді. С.Ом. ~ Ауыл арасын алыс демей, ағайын– туғандары, Қаратайдың ат аяғы жетер жердегі ақсақал, қарасақалдары мен жорық дәмін бірге татқан көңілдес жігіттер түгелдей кеп көңіл сұраған. О.Бөк.
АТ БАЙЛАР
1. Барған жеріңде ат басын тірейтін шаңырақ. ~ Азған емей немене, биыл мұнайлы Ембінің сексен жылдығын тойлай қалсақ,
ат байлар алтын бағанамыз Доссор секілді осы араның тұла бойы тұңғышын, тірі тарихын əлдекімдер быт– шыт қып құртып,
құлазытқан да қойған. З.Қаб. ~ Роман ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басқы мезілдерінде өмір сүрген Алтайдағы төрт
би және төрелер төңірегінде сыр шертеді. Қасиетті төрт орынның күлтөгері, ат байлары болған кейінгі мұрагерлері жайында
сөз қозғап, соның қасиетін Өміртай Нәштенұлынан іздейді. Ж.Шәк. ~ Түбі біздің ат байларымыздың бірі – Шынжаң қазақ
әдебиеті боларында дау жоқ. Ж.Шәк.
2. Үй сыртындағы келген қонақтар атын байлайтын бағана, мама ағаш. ~ Сүйтсе де аттарымызды айдап тамның ат
байларының ық жағына келіп түсіп, аттарымызды байлап тастап, тамның бұзылыңқыраған есігінен ішіне кіріп-кіріп келіп,
тамның оң жағына шығып барып, бір-бір тіземізді
АТ БАСЫН АЛА ҚАШТЫ
Бойын аулақ салды. ~ «Тозақтың мұнан да үрейлі орындары бар ма? О дүниеде мұндай сұмдықтың болатынын білгенде, нәпсіден тыйылып, күнә істеуден ат басын ала қашатын едім- ау! Өтер іс өтті. Жалған дүние келмеске кетті ғой… Т.Рыс.
АТ БАСЫН БҰРДЫ
Бұрылды, бетке алды, бір жерге арнайы соғып кету үшін бағытын өзгертті. ~ Ат басын шұғыл бұрып, тайып тұрды,
Қарт тастап — нелер сұмдық сырды бойға. М.Мақ.~ Орыс деревнясы мен табиғатын тебірене жырлап өткен халықтық ақынға ат басын бұрмай, азды-көпті сырласпай кеткен әріптестері некен-саяқ шығар. Қ.Баян. ~ «Ырғытпаұлы Сырғытпаны көп уақыттан бері білем. Студент сәтінен бастап сын ауылына ат басын бұрды. Кейінде қаламы қарымды сыншыға айналды. Ғ.Қаб. ~ Сол себепті осы елді аралайық, жақсы адамдармен дәмдес болайық, танысайық деп ат басын бұрдық. Б.Тоғ.
АТ БАСЫН КЕРІ БҰРДЫ
Кейін қайтты. ~ Ойлап отырсақ, ол күнгінің үлкендері сөзге тұратын әулие екен-ау, демде қанына қарайып, қылышпен шауып тастағалы оқталса, артынша ашуын ақылға жеңдіреді. Ат басын кері бұрып өзге қуғыншыларды соңынан ілестіреді. Д.Дос.
АТ БАСЫН ТАРТПАДЫ
Тайсалмады; өзін тежемеді, алған бетінен қайтпады. ~ Қарабек енді өз басын, Мың сан қолға шаптады. Көп екен деп сескеніп, Атының басын тартпады. БС. «Қарабек б.»
АТ БАСЫН ТІРЕДІ
Бір жерге келіп тоқтады. ~ Ал, атажұртқа ат басын тірегендерге келсек, соңғы жылдарда арғы беттен келгендердің ішінде не көп «Қытай мемлекеттік сыйлығының иегері» көп, не көп «жазушы, ғалым» көп. Оның қайсысы шынайы еңбек иесі, қайсысы «көз бояған пысықтар» оны таразылап жатқан ешкім жоқ. Ж.Шәк. ~ Елін атамекеніне жеткізген Ер Жәнібек ендігі жерде Чиң патшалығымен елдесу үшін хан тұқымынан
Көгедайды алдырып, Бейжіңге жібереді. Керей ұлысы шұрайлы алқапқа ат басын тіреп, батырда қартайып, 1792 жылы
көз жұмады. Ж.Шәк. ~ Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Ақтөбеге ат басын тіреді. БАҚ
АТ АЙЫЛЫН ТАРТЫП МІНДІ
Ер жетті, азамат болды. ~ Бала күнінде «Советтік менің өз елімді» көз жұмып жаттағаны есінде, есейе келе малдәрігерлік оқуға түсіп, ат айылын тартып мініп, ел басқару әдебиет пен өнер деген әлемді екінші кезекке қойды. Қ.Түм.
АТ БАСЫН ІРІКТІ
Тізгін тартып, тоқтады. ~ Тіпті, бірер мыңын тізіп берсек те екі-үш томдық кітап болып шығар еді. Оған шама келме йді. Амал жоқ, ат басын іркеміз. М.Мағ.
