АТ АЙЫЛЫН ТАРТЫП МІНДІ

Ер жетті, азамат болды. ~ Бала күнінде «Советтік менің өз елімді» көз жұмып жаттағаны есінде, есейе келе малдәрігерлік оқуға түсіп, ат айылын тартып мініп, ел басқару әдебиет пен өнер деген әлемді екінші кезекке қойды. Қ.Түм.

АТ АЙЫЛЫН ТАРТЫП МІНДІ Read More

АТ БАСЫН ІРІКТІ

Тізгін тартып, тоқтады. ~ Тіпті, бірер мыңын тізіп берсек те екі-үш томдық кітап болып шығар еді. Оған шама келме йді. Амал жоқ, ат басын іркеміз. М.Мағ.

АТ БАСЫН ІРІКТІ Read More

АТ АЛСАҢ АУЫЛЫҢМЕН

Кез-келген жауапты істе қасыңда жанашырың болсын. ~ Құдалық сөйлесілді. Бітімін есіттің. Енді ауылыңа барып қайт, —
деді Таңсыққожа. — Сен де туыстарыңның алдынан өтуің керек қой. Ат алсаң ауылыңмен… З.Шүк. ~ Мүмсіннің көңіліне
қарап, айтпай шықтым. Өзімнің де құлқым жоқ. Шал болмайды. Көріктіні көріп ал деген ғой. Құламанның ауылы Кішіқұмда көрінеді. Жылқы іздеген адам болып барамын. Жанқожа Сегізге қолқа салды. — Ел аралаған сыншы болады дейді атамыз. Ат алсаң ауылыңмен. Сізді ертіп барғым келеді. З.Шүк.

АТ АЛСАҢ АУЫЛЫҢМЕН Read More

АТ БАСЫНДАЙ (АЛТЫН)

1. Өте үлкен, көлемді, қымбат заттың мөлшерін бейнелейді. Дәстүрлі өлшем атауы. ~ Бай жалмауыз кемпірге: — Ат басындай алтын берейін, қоя бер, — дейді. Жалмауыз кемпір жібермейді. ҚЕ.
2. Үлкен олжа дегенді білдіретін метафоралық образдық теңеу. ~ Өйткені, Қажығұмар Шабданұлы да нақ солардай ат басындай алтын жүректі арыс жазушымыз еді, қазақтың қайсар рухының қапысыз көрінісі еді. БАҚ

АТ БАСЫНДАЙ (АЛТЫН) Read More

АТ АРҚАСЫНА МІНДІ

Есейді, жігіт болды; атқа мінді. ~ Дат өсіп бір тәуір әйелге үйленеді, одан Сырым туады. Сырым өсіп ат арқасына мініп, ағайын аралап Байбақтының Сасай дейтін атасының аулына келеді. «Шешендік сөздер».

АТ АРҚАСЫНА МІНДІ Read More

АТ БАУЫРЛАДЫ

Ауырлықтан аттың белі бүгілді. ~ Әйтеуір, парлап жегілген қос қара көк етінің семіздігімен ғана сыр бермей, ат бауырлап қалатын қалың қасатты малтытып жүріп зорға тіліп өтеді. Қ.Жұм.

АТ БАУЫРЛАДЫ Read More

АТ АРЫП (АРЫТЫП), ТОН ТОЗДЫРДЫ

Шаршап-шалдықты, азып-тозды. ~ Бүгінгі қазақ поэзиясының биігіне көз жібергенде «ақынмын» деп ат арып, тон тоздырып жүргендер аз емес. Ал, солардың тобынан оқ бойы оза қарасаңыз елім деп, жерім деп еміреніп, ет жүрегінің әмірін өлеңмен орындап жүрген, кешегі жыраулар сарқытын ішкен, Абай мектебінің ақ уызымен марқайған, Мұқағалимен мұңдас үнді арқалы ақындарды да көп көреміз. Ж.Шәк. ~ Ал, 62 қоңырды зерттейтін арнайы кең¬селердің құрылуы, ат арытып, тон тоздырып, жоқты бар қыламыз деуі күлкіңізді келтіреді. Ж.Шәк.

АТ АРЫП (АРЫТЫП), ТОН ТОЗДЫРДЫ Read More

АТ АРЫП ТУЛАҚ БОЛДЫ, ЕР АРЫП ӘРУАҚ БОЛДЫ

Үлкен сапардан, ұлы майданнан азып-тозып, жүдеп-жадап қайтты. ~ Аты болса, о да тері тарамысына ілініп, жүз рет болдырып, зорға жеткен. Сөйтіп, ат арып тулақ болған, ер арып әруақ болған кезді көріп отырмын. Барғаны мен қайтқанында тек қана қара нан, қара суды талшық етіпті. М.Әу.

АТ АРЫП ТУЛАҚ БОЛДЫ, ЕР АРЫП ӘРУАҚ БОЛДЫ Read More

АТ АРЫТЫП, ТОН ТОЗДЫРДЫ

~ Қазақта қоңыр әуен, қоңыр үн, майда қоңыр секілді қоңырлық ұғымдардың көп екені шын. Оны 62-ге бөлген тарихи еңбек немесе жазба дерек ешқайдан кезікпейді. Мүмкін, олай бөлу керек болса 62-ден де көп шығар. Ал, 62 қоңырды зерттейтін арнайы кең-селердің құрылуы, ат арытып, тон тоздырып, жоқты бар қыламыз деуі күлкіңізді келтіреді. Ж.Шәк.

АТ АРЫТЫП, ТОН ТОЗДЫРДЫ Read More

АТ АТАНДЫРЫП, СҮЙЕК СЫНДЫРДЫ

Жаман атаққа қалдырды. ~ Өзіңді ойламасаң да, жалғыз әкеңді, ата-бабаңды сыйласаң еді. Кім бар бұл Арқада менің аруағымды аттап, бетіме келген. Сен ғана ат атандырып, сүйек сындырып отырған … С.Жүн. ~ Бірақ, Хақ Тағаланың ақ өлімі келмеген соң, ат атандырып, сүйек сындырып, қарадай пышаққа түсе алмайсың. Тосасың. Ғ.Біл. ~ Кім бар бұл Арқада менің аруағымды аттап, бетіме келген. Сен ғана ат атандырып, сүйек сындырып отырған,— дегенде төрдегі ағасы Шәлтік бай, оның үлкен баласы Сапа, ауылдың екі-үш ақсақалы Жалмұқанға көзінің астымен үнсіз түйілді. І.Жанс.

АТ АТАНДЫРЫП, СҮЙЕК СЫНДЫРДЫ Read More