АСЫҚТАЙ ҮЙІРДІ

~ Ауыл секратарын асықтай үйіріп, қолына қондыра қойды. Арамзалығы ма, аңғалдығы ма, беймәлім. Т.Рыск. ~ Қазан–аяқ төңірегінде жалап–сұқтап қалған жылмаңтөс жігіт әлгіндей шаруаларды оңқай асықтай үйіріп әкетті. Ә.Кек.

АСЫҚТАЙ ҮЙІРДІ Read More

АСЫҚША ИІРДІ

Ойына келгенін істетті, билеп алды. ~ Бара бір ұл туып берсе, сол дүние сіздікі деңіз. Бəсібектің баласымен батаны бұзып, өткізген қалыңын қайтарыңыз, оны көпестің ұлы-ақ төлейді…», – деп ағайыны өзі жуас Мүсілімді асықша иірді. С.Досж.

АСЫҚША ИІРДІ Read More

АСЫЛ (АСҚАҚ) МҰРАТ

Биік мақсат, ізгілікті ой, көкейкесті арман. ~ Ақыр — аяғында ол мұның мəңгі- бақи рауандап тұрған махаббат таңы, аяулы арманы, асыл мұраты қалпында қалды да қойды. З.Қаб. ~ Туған халқымыздың асыл мұраты, ғасырлар бойы аңсаған арманы, ел-жұртымыздың қуанышы мен зар-мұңы, ұлттық психологиямыз, ұлттық дәстүріміз, қазақтың әлеуметтік тағдыры – шағын да, ұрымтал жанр – лирикада ежелден көрініс тауып, бірге жасап келеді. Ш.Сар. ~ Асқақ мұрат жолдарында астарласа, астаса, «Колоколы» Шпрингерде жарық көре бастаса, Герцен кезін көз алдыңа елестету қиындау Интеллигенттік дегеніміз – Болған тіпті басқаша. К.Мырз.

АСЫЛ (АСҚАҚ) МҰРАТ Read More

АСТЫНАН ИТ ЖҮГІРТІП, ҮСТІНЕН ҚҰС ҰШЫРДЫ

Соңына түсті, қыр соңынан қалмай қудалады; зорлық-зомбылық жасап, қорқытып-үркітті; күн көрсетпеді. ~ Коммунистік Мәскеу халқымыздың «астынан ит жүгіртті, үстінен құс ұшырды». Ел әділетке шөлдеді. БАҚ ~ «Кімде-кім Бақтығұлды көрсе, я ұстап берсін, яки хабар қылсын. Ол ұсталмаса, тыныштық болмайды. Қаладан отряд шығады. Лауымен, сойысымен сол елдің өзінің мазасын кетіреді. Оның үстіне ұрыны, қашқынды сүйедің деп жазаға ұшыратады» деп, үстінен құс, астынан ит жүгіртіп, момын елді неғылса да Бақтығұлға жау қылатын болды. М.Әу. ~ Сөйтіп жердің арғы бетіндегі ит тұмсығы өтпес ормандар мен ит іздесе таппас иен мекенде итарқа қостарын тігіп, ит жүгіртіп, құс салып жүрген бейбіт халықтың итін шығарып, итжемі етті емес пе? Д.Әш. ~ Жантас. Тізе қоса алмадық. Болмаса бұл қанішер ояз, қанішер ұлыққа әлекті салар едік.
Тәнеке. Бірінен бірі айырып әкетті. Ел-елдің болыс-биі астынан ит жүгіртіп, үсті

АСТЫНАН ИТ ЖҮГІРТІП, ҮСТІНЕН ҚҰС ҰШЫРДЫ Read More

АСЫЛ АРМАН

Өмірлік мұрат, қиялдағы қасиетті мақсат. ~ Биігіне көтерсе асыл арман, Көңілімде жайқалар жасыл орман. Көп бейбақтың бірімін бұл күндері Ойыншықтай өмірін шашып алған. Р.Нияз. ~ Ондағы ойы құйма құлақ қариялардың ақиқатқа бергісіз әңгімелерін жүйелеп кітап етіп құрастырсам деген асыл арманы болатын. Е.Бақ.

АСЫЛ АРМАН Read More

АСТЫНАН СУ ШЫҚҚАНДАЙ

Мазасы кетіп, бір орында отыра алмады, алып-ұшты. ~ Астынан су шыққандай ұшып-қонып отыр. Б.Соқ. ~ Әжесі дастархан жайып, шай мәзірін әзірледі. Жалғас жаңа піскен бауырсаққа балқаймақты қосып соғып алды да, бір кесе сүтті сіміріп салып, астынан су шыққандай тез тұрып кетті. Д.Рам

АСТЫНАН СУ ШЫҚҚАНДАЙ Read More

АСЫЛ БЕЙНЕ

Жүрекке ыстық, аяулы, қымбат бейне. ~ Сейілбек артына бір қарамай әлдеқашан өтіп кеткен жастық шағының асыл бейнесі алдына келіп тұрғандай осы бір алдамшы сезімге құлай елігіп, елжіреп отырғанда арманда кеткен ақын досы Абдолланың жастық шаққа арнаған сиқырлы жыры ойына өрши кетті. С.Ом. ~ Атақтан, құштарлықтан, өмірден жеріп, Аттаған шақта ақырғы шектен, Үнсіздік еліне, жанымды жүдеткен Асыл бейнең бірге кетеді еріп. Серв. ~ Мейлі не қылса да еркі білсін, бірақ, әке-шешемнің асыл бейнелерімен ант етейін, ол маған соқыр тиыныма шейін санап беретін болады, әйтпесе атымды басқа қойыңдар, өз ата-анамның қызы болмай-ақ кетейін! Ф.Дост.

АСЫЛ БЕЙНЕ Read More

АСПАП САЙЛАДЫ

Қаруланды. ~ «Бөжейдің қаралы көшіне шауыпты! Өлі аруақты да қорлапты!» деген хабар осы күні ана жақтың барлық ауылдарына тарады. Көштен бастап, түн бойы барлық еркек кіндікті аспап сайлап, атқа қонды. М.Әу.

АСПАП САЙЛАДЫ Read More