АСТАР БОЛМАДЫ (БОЛМАЙ ҚАЛАДЫ; АСТАРЫНА ДА КЕЛМЕДІ)

Тең келмейді, деңгейіне жетпейді, салыстыруға да болмайды. ~ Бұл — орыстың баласы ғой. Орыс түгілі, өз күйеуінің баласын оң жақта тапқан қызды кім естіген? Одан масқара нәрсе бар ма? деп азуын шайнады. Ақбілекті тауып әкелген кездегі жиренгені, қынжылғаны — мынаған астар болмай қалды. Япырай? Бұ қызды енді қайтсе екен? Ж.Айм. ~ Оны көргенде Әмірқан аруақтанып, көтеріліп кетеді екен. Бұрынғы дауысы астар болмай қалды. Ж.Айм. ~ Дуан аузына қарап Құсбек пен Майыр қаржасып, ңырғын салмаса жарар еді? Онда бар ма, көр де түр, мына сайлау тартысы астар болмай қалады оның қасында», — деп ойын айтады. Ы.Мұс.

АСТАР БОЛМАДЫ (БОЛМАЙ ҚАЛАДЫ; АСТАРЫНА ДА КЕЛМЕДІ) Read More

АСТАРЛЫ ОЙ (СӨЗ)

Негізгі, түпкі мән-мағынасы бейнелі түрде жасырын берілген ой, сөз, мәтін. ~ «Қалың елім қазағым, қайран жұртым» деген жолда қаншама астарлы ойлар астасып, енді не айтар деген ұғымға жетектеп шығады. Ш.Сар. ~ Абайдың астарлы сөздерінің көзге көрініп тұрған үш-төрт түйткілін ғана жеңілдете тілге тиек еттік. Т.Жұр.

АСТАРЛЫ ОЙ (СӨЗ) Read More

АСТАРЫ БАР, ТЫСЫ ЖОҚ (АСТАРЫ ЖОҚ, ТЫСЫ БАР)

Өзін тым жоғары бағалайтын, бірақ қолынан дәнеме келмейтін адам туралы. ~ Өзі осалдың сені басар пысы жоқ, Ол бір сорлы, астары бар, тысы жоқ. К-М.Әли. ~ Құздан құлап, Мұз құшқан мумиямыз, қалыппыз, Астары жоқ, тысы бар, аңдағанға анықпыз. Ағын судан ақаба, Қақ қалады жаңбырдан… Айнымаған бақадан бадана көз халықпыз! И.Сап.

АСТАРЫ БАР, ТЫСЫ ЖОҚ (АСТАРЫ ЖОҚ, ТЫСЫ БАР) Read More

АСТАРЫН АШЫП, ӘДІБІН СӨКТІ

Бір нәрсенің сырына терең үңілді. ~ Ал, әкелік парызымның бәрінен кұтылдым деп айта алмаймын, – деді шал қоңырлап бастап. – Бірақ, ол кезде оңсолыңды танып, ақылың толыспаған әлі жас едің. Көп дүниенің астарын ашып, әдібін сөгіп түсіне бермедің. О.Бөк.

АСТАРЫН АШЫП, ӘДІБІН СӨКТІ Read More

АСТАУЫНАН ЖЕРІГЕН ЖЫЛҚЫДАЙ

Ниеті бұзылған, көңілі бөтенге ауған д.м. ~ Астауынан жеріген жылқыдай әйеліңнің астанадан кейін неге бұлайша некелі жар төсегіне жоламай, ана жақта ұзақ жүріп алған себебін жүрегі құрғыр сезіп те жатыр. Онан сайын ызалы дене теріге симай дір-дір… Ә.Нұрп.

АСТАУЫНАН ЖЕРІГЕН ЖЫЛҚЫДАЙ Read More

АСПАННАН ТҮСКЕНДЕЙ

1. Түк көрмегендей; ештеңе білмегендей, сезбегендей. ~ Бірінші рет бала боп ойнағысы келіп далаға шыққан. Тәмпіш сары аспаннан түскендей аңтарылып тұрып қалды. Т.Сәу. ~ Ал сен болсаң төркініңді жасырып, Түскендей боп көрінесің аспаннан. Қ-М.Әли.
2. Оқыста, кенет, күтпеген жерден. ~ Арада сүт пісірім уақыт өтті ме, өтпеді ме – қырман басына екі жирен жеккен
трашпенке аспаннан түскендей топ ете қалды. Ш.Мұр. ~ Қарсы беттен әлем-жәлем екі иығын жұлып жеп жосылып келе жатқан жау жаманы — Ата бураны көрді. Көптен үні өшкендей болған жау жаманы аспаннан түскендей иекке тақап қалыпты. C.Ел.

АСПАННАН ТҮСКЕНДЕЙ Read More

АСТЫН ҮСТІНЕ (АСТЫ-ҮСТІНЕ) ШЫҒАРДЫ (КЕЛТІРДІ, АЙНАЛДЫРДЫ))

Талқанын шығарды, ойран-топан қылды, бей-берекет етті. ~ Абай үйінде осы күн түнде қатты тінту болды. Бес кісі
жандармдар келіп, Құмаштың үйін астын үстіне шығарып, үш сағат тіміскіді. М.Әу. ~ Қапы соққан жоңғар шапқыншылығы бар
дүниенің астын үстіне шығарды. З.Шүк. ~ Екі дүркін жаһандық соғыс дүниені екі рет асты-үстіне шығарды. Ә.Кек. ~Дүниенің
астын үстіне шығаратын тағы бір зілзала қопарылыс туылғандай еді. Ғ.Біл. ~ Заман құбылмалы дейді қарттар. Құбыла келе
түрлі күйлер шығарды. Жұрттың астын үстіне келтірді, сұрапыл лайсаңда аяқ-бас, бас-аяқ болуға айналды. Б.Май. ~ Зым-зия
жоғалайын деп жоғалдым ба, мен бейбақ? Алапат соғыс шықты да, өмірдің астын үстіне келтірді, бірді бірге бытыстырды.
Б.Соқ. ~ Жылпылдақтардың күні туды, пышағын жалақтатып, көздерін алақтатып, иіс, қоңыс аңдып қанша қысып астын
үстіне айналдырса да, Омардың бит шаққандай хабарына бармады. Шашылмады. Жыпыл

АСТЫН ҮСТІНЕ (АСТЫ-ҮСТІНЕ) ШЫҒАРДЫ (КЕЛТІРДІ, АЙНАЛДЫРДЫ)) Read More

АСТЫНА АЛДЫ

Бір айтқанын қайталай берді; асықтырды. ~ Әсіресе соңғы үш айда «оқышы-оқының» астына алып жүр. Ж.Нәж. ~ Әдепкіде аузыма сөз түспей, аңтарылып отырып қалдым. Ойланып алсын дей ме, кім білсін, тергеуші бол-болдың астына ала қоймады. С.Ом.

АСТЫНА АЛДЫ Read More

АСПАННЫҢ ТҮБІ ТҮСТІ (ТЕСІЛГЕНДЕЙ)

Толассыз жауған нөсер туралы. ~ Бұл аспанның түбі түсіп кеткен бе? Жете алмай-ақ қойдым сұлу көктемге. Жапалақ қар жауады кеп, жауады, Қызғалдақтар құлпыратын көк белде. А.Асыл. ~ Бұл кезде жер жарықтықтың алып түндігі іспетті көк аспанның түбі тесіліп, самсап жұлдыздар шыққан. О.Бөк.

АСПАННЫҢ ТҮБІ ТҮСТІ (ТЕСІЛГЕНДЕЙ) Read More