Ниеті бұзылған, көңілі бөтенге ауған д.м. ~ Астауынан жеріген жылқыдай әйеліңнің астанадан кейін неге бұлайша некелі жар төсегіне жоламай, ана жақта ұзақ жүріп алған себебін жүрегі құрғыр сезіп те жатыр. Онан сайын ызалы дене теріге симай дір-дір… Ә.Нұрп.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АСПАННАН ТҮСКЕНДЕЙ
1. Түк көрмегендей; ештеңе білмегендей, сезбегендей. ~ Бірінші рет бала боп ойнағысы келіп далаға шыққан. Тәмпіш сары аспаннан түскендей аңтарылып тұрып қалды. Т.Сәу. ~ Ал сен болсаң төркініңді жасырып, Түскендей боп көрінесің аспаннан. Қ-М.Әли.
2. Оқыста, кенет, күтпеген жерден. ~ Арада сүт пісірім уақыт өтті ме, өтпеді ме – қырман басына екі жирен жеккен
трашпенке аспаннан түскендей топ ете қалды. Ш.Мұр. ~ Қарсы беттен әлем-жәлем екі иығын жұлып жеп жосылып келе жатқан жау жаманы — Ата бураны көрді. Көптен үні өшкендей болған жау жаманы аспаннан түскендей иекке тақап қалыпты. C.Ел.
АСТЫН ҮСТІНЕ (АСТЫ-ҮСТІНЕ) ШЫҒАРДЫ (КЕЛТІРДІ, АЙНАЛДЫРДЫ))
Талқанын шығарды, ойран-топан қылды, бей-берекет етті. ~ Абай үйінде осы күн түнде қатты тінту болды. Бес кісі
жандармдар келіп, Құмаштың үйін астын үстіне шығарып, үш сағат тіміскіді. М.Әу. ~ Қапы соққан жоңғар шапқыншылығы бар
дүниенің астын үстіне шығарды. З.Шүк. ~ Екі дүркін жаһандық соғыс дүниені екі рет асты-үстіне шығарды. Ә.Кек. ~Дүниенің
астын үстіне шығаратын тағы бір зілзала қопарылыс туылғандай еді. Ғ.Біл. ~ Заман құбылмалы дейді қарттар. Құбыла келе
түрлі күйлер шығарды. Жұрттың астын үстіне келтірді, сұрапыл лайсаңда аяқ-бас, бас-аяқ болуға айналды. Б.Май. ~ Зым-зия
жоғалайын деп жоғалдым ба, мен бейбақ? Алапат соғыс шықты да, өмірдің астын үстіне келтірді, бірді бірге бытыстырды.
Б.Соқ. ~ Жылпылдақтардың күні туды, пышағын жалақтатып, көздерін алақтатып, иіс, қоңыс аңдып қанша қысып астын
үстіне айналдырса да, Омардың бит шаққандай хабарына бармады. Шашылмады. Жыпыл
АСПАННЫҢ АСТЫ, ЖЕРДІҢ ҮСТІ
Бүкіл жер бетінде. ~ Әйтеуiр, аспанның асты, жердiң үстiнде бiр тамшы су қалған жоқ. Өсiмдiк атаулы қурап, сола бастады, жан-жануар атаулының таңдайлары кеуiп, ауыздарын бақадай ашты. М.Қан.
АСТЫНА АЛДЫ
Бір айтқанын қайталай берді; асықтырды. ~ Әсіресе соңғы үш айда «оқышы-оқының» астына алып жүр. Ж.Нәж. ~ Әдепкіде аузыма сөз түспей, аңтарылып отырып қалдым. Ойланып алсын дей ме, кім білсін, тергеуші бол-болдың астына ала қоймады. С.Ом.
АСПАННЫҢ ТҮБІ ТҮСТІ (ТЕСІЛГЕНДЕЙ)
Толассыз жауған нөсер туралы. ~ Бұл аспанның түбі түсіп кеткен бе? Жете алмай-ақ қойдым сұлу көктемге. Жапалақ қар жауады кеп, жауады, Қызғалдақтар құлпыратын көк белде. А.Асыл. ~ Бұл кезде жер жарықтықтың алып түндігі іспетті көк аспанның түбі тесіліп, самсап жұлдыздар шыққан. О.Бөк.
АСТЫНА СУ ЖҮГІРТТІ (ЖІБЕРДІ)
Әлдебір айып тағып, қудалады, жала тақты. ~ Талай жемқорлардың астына су жүгіртіп, зәре-құтын қашырған. О.Сәр. ~ Жыл жарым істеді ме, істемеді ме, жардай болып семірген қасқа бас орыс Бас дәрігері аяқ астынан кінә іздеп мұның астына су жіберуге айналды. Астыртын естуінше, бұл көкеңді «қазақ ұлтшылы… білімі шала–шарпы… қазақ медбикелеріне іш тартады…» деп астыртын компромат жинап, мұның орнына ашына келіншегін қоюды ойлап жүріпті. Д.Дос.
АСПАНЫ АШЫЛДЫ
Жолы ашылды; сәтті күндер басталды. ~ Ел экономикасы түзелді, Азат елдің аспаны ашылды. БАҚ
АСТЫНАН ИТ ЖҮГІРТТІ
Қоқан-лоққы жасады, зорлық көрсетті. ~ … шыдамның да шегі болады ғой, қашанғы оның жүндеуіне көне бермек?.. Кейінгі кезде бұл Айтекең де осы байламға бекініп, тастай қатып, таспадай түйініп алған. Әттең, деп армандайтын Айтқали, сол сұмырайдың астынан ит жүгіртетіндей бірде есе тисе екен! Ә.Асқ.
АСПАНЫН БҰЛТ ТОРЛАДЫ
Басына қайғы үйірілді. ~ Оның бар тілегі: мынау қоңыр-төбел тірлігінің бұзылмауы, аспанын бұлт торламауы, бейбіт болуы, тапқаны жұтқанына жетуі, ешкімге көз алартпай, ешкімнің көз алартқанын да көрмей екі ұлын екі үй ғып шығарып, жарық дүниенің маңдайға жазған ырыс- несібесін теріп жеу еді. С.См.
