АРТЫНАН (СОҢЫНАН) ТОПЫРАҚ ШАШТЫ

Кеткеніңнен қайтып оралма д. м. қарғыс ырымы. ~ Орыстардың дыбысы өшкенше: «Құтқарғаның шын ба, жасаған!» дегендей, арттарынан топырақ шашып, қарасы өшкен соң: «Үүһ!» деп демін бір алып, төңірегіне көз салды. Ж.Айм. ~ Есі бар ел болса, күлмеу де керек, табаламау да керек. Есі бар басшы болса, колхоздан бір адам емес, тұтас бір үй көшіп бара жатқанда, етінен ет кесіп алғандай болмай ма? Кетпе, көмектесеміз, асыраймыз, өлтірмейміз демей ме? Ондай басшы табылмайды. Қайта «кеткеніңнен келме, жатқаныңнан тұрма» деп артымыздан топырақ шашты. Ш.Мұр. ~ Кемпірдің әрі жалғызы, әрі жалмауызы. Жыл бұрын келіншегі соңынан топырақ шашып, үйінен тырқыратып қуып шыққан. М.Қаб.

АРТЫНАН (СОҢЫНАН) ТОПЫРАҚ ШАШТЫ Read More

АРТЫҚ СӨЙЛЕП, КЕМ ПІШПЕЙДІ

Сөзге жоқ, бірақ істеген ісіне тиянақты адам туралы. ~ Мұраттың осы бір сараң сөзінде талай сыр жатыр. Артық сөйлеп, кем пішпейтін, мақтануды білмейтін, қашанда кішіпейіл, қарапайым да еңбекқор шопан өзі туралы ашылып ештеңе айтпады. Қ.Ысқ.

АРТЫҚ СӨЙЛЕП, КЕМ ПІШПЕЙДІ Read More

АРТЫНАН БАРЫП

Ең соңында, кейіннен. ~ Ал мұндай алдыменен елдік, артынан барып үлттық сана–сезімі өсетін жұрттың өз алдына халық
болып, хандық құруды тілейтіні тағы бар. Бір ұруды бір ұруға, бір ұлтты бір ұлтқа қарсы қойып елді басқа әдеттенген бай-
манап, батыр–билерге қазақтың бір халық болуы тиімсіз еді. І.Ес. ~ ШИМОЙЫН: Е, сен сорлы қатқаны сөйте қоярсың!
Алдымен өзіңді қайта пішіп, кінәңді артынан барып тексеретін шығар! Тексере қойса де! .. Қ.Ысқ.

АРТЫНАН БАРЫП Read More

АРТЫҚ ТУДЫ

Тумысынан асыл. ~ Сөз арасында сері бұрынғы айтқан уайымын қайталап: «әттең, қолым қысқа, әйтпесе сендей артық туған бұлбұлға он қыздың қалыңын беріп әкетер ем» деп зарлайды. С.Жүн. ~ Ол өз түлпары Шабдарды Сұлтанмұратқа қалдырды. Өйткені Сұлтанмұраттың інісі — артық туған Әжмұрат әлі кішкентай еді. Ш.Айт. ~ «Жанайдар артық туды жатырынан, Оқ тиді Жанайдардың балтырынан, Бір айла өлмес жанға бола ма деп, Аттайтын қатын іздеді ата ұлынан. І.Ес.

АРТЫҚ ТУДЫ Read More

АРТЫНАН БАРЫП БІЛДІ

Кейіннен белгілі болды. ~ Ол кезде орыстың тіліне түсінеміз бе, шоқпармен әлгіні сілтеп өттім… Артынан барып білдім-ау;
ол байғұс менің басымның жарылғанын көріп, өлесің ғой деп аяп тұрғаны екен. Өзім сияқты қара қасқаның бірі екен,
артынан соның өзімен тамыр болып кеттім… Б.Май. ~ Көңілім кенет жүдей қалды. Ақбаян біраздан бері алғашқы күндегідей
ауруханаға келіп менімен жолығуды тілеуді қойды. Бұнысы несі? Себебін артынан барып білдім. І.Ес.~ Каникулдан
қайтқанша елегізіп, анам үйге әне-міне кіріп келетін сияқты болды да тұрды. Мұның бәрі қимас көңілдің
алдамшы елесі екенін артынан барып білдім. К.Қаз.

АРТЫНАН БАРЫП БІЛДІ Read More

АРТЫҚ-АУЫЗ СӨЗГЕ БАРМАДЫ

Көп сөйлеген жоқ, қысқа қайырды; тікелей іске көшті. ~ Біреу көзін бақырайтып қойып сеньора Дульсинеяны даттап жатқанда Дон Кихот қарап тұратын ба еді, сондықтан шолақ найзасын алды да, артық-ауыз сөзге бармастан Санчоны соғып-соғып жіберді… Серв. ~ Жас ледидің қылығы бұл турасындағы күдіктің бәрін сейілтіп жіберді. Қыз каминнен аяғын алып, орындығын жылжытты да, артық-ауыз сөз айтпастан түн айтары жоқ суық қой деп, Феджинге ошаққа таман отыруды ұсынды. Ч.Дик. ~ … бұл үшін қорлаудың ең айуандығын көрсеткеннен кейін түрме бастығына арыз жазған. Артық-ауыз сөзге барған жоқ. Н.Дәу.

АРТЫҚ-АУЫЗ СӨЗГЕ БАРМАДЫ Read More

АРТЫНАН ЕРГЕН

Өзін аға, қамқоршы, көсем тұтқан жақыны, халқы туралы. ~ Ақынның екпініне қарсы қара дауыл шықты. Атқан оғы тасқа тиді. Қол бастаған ер болсын, артынан ерген ел болсын барлығының да тауы шағылды. От сөнуге айналды. М.Әу. ~ Артымнан ерген жалғыз қайным еді, ағасының сиқы анау. О.Сәр. ~ Мен сенің бақытыңды жандыра алмадым ғой… Артыңнан еретін тұяқтың қамын ойла, — дегенде Бибінің үні қалтырап кетті. Қ.Жұм.

АРТЫНАН ЕРГЕН Read More

АРТЫҚҚА БАРМАДЫ

Белгілі бір межеден аспады, щектен шықпады. ~ Жапырып тастайын деген адамша, ыңғайланып, қожырайып, осының кесірі тиіп отыр дегендей боп, көйлегінің жеңін білекке шейін түріп, мойнын бүгіп ұмтылса да, бір-екі жолдан артыққа бармай, тұрып қалады. Б.Май. ~ Сәлима маған қол беріп амандасты. Мен де одан артыққа бармадым. Ә.Нұрш. ~ Жалғыз бұлар емес-ау, көпке тиісті нәрсені әкелуге адам сайланатын болса, ауылнайдың аузына Әжігерей мен Молдаш түседі. Жұрт құр кіжінуден артыққа бара алмай қала береді. Б.Май. ~ Осы күннен бастап, Ноян мен Құралай арасында махаббат оты өрши түсті. Қыз жігітті қанша жақсы көрсе де қызыл ернінен сүйгізуден артыққа бармады. І.Ес.

АРТЫҚҚА БАРМАДЫ Read More

АРТЫН АШЫП КҮЛДІ

Мазақ қылды; күлкіге қалдырды. ~ Демежан басымен Бахалдай мен Дохалдайдың үстінен шағым айтып, Шихалдайға барса, естіген ел артын ашып күлмей ме? Қ.Жұм. ~ Мұғалім келі түйді деген не масқара. Мына жұрт көрсе, артын ашып күлер… Н.Сер. ~ Хат аяғына аты-жөніңді неге жазбадың? — Оу, Елтайжан, бүкіл ауыл күні ертең артын ашып күлмей ме? М.Қаб.

АРТЫН АШЫП КҮЛДІ Read More

АРТЫН ЖАЛАДЫ

Жағымпазданды. ~ О заманда бұ заман, қазақ бәйгеге ер салып ат қосушы ма еді. Дәстүрді бұзғаның үшін саған бәйгені бермеу керек. О, неғылғаны ей, бәйгеде де орыстардың артын жалайтыныңды көрсеткің келгені ме? К.Қаз.
~ Құдайторымен ұрып келе жатқанда, Көктерек бекетінің түбінен төрт атты шыға келсін, біреуінің асынған мылтығы бар. — Ей, Тұрғанбектің күшігі, тоқта, әлгі артын жалап жүрген қызылдарың қайда? К.Қаз.

АРТЫН ЖАЛАДЫ Read More