Сөзге жоқ, бірақ істеген ісіне тиянақты адам туралы. ~ Мұраттың осы бір сараң сөзінде талай сыр жатыр. Артық сөйлеп, кем пішпейтін, мақтануды білмейтін, қашанда кішіпейіл, қарапайым да еңбекқор шопан өзі туралы ашылып ештеңе айтпады. Қ.Ысқ.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АРТЫНАН БАРЫП
Ең соңында, кейіннен. ~ Ал мұндай алдыменен елдік, артынан барып үлттық сана–сезімі өсетін жұрттың өз алдына халық
болып, хандық құруды тілейтіні тағы бар. Бір ұруды бір ұруға, бір ұлтты бір ұлтқа қарсы қойып елді басқа әдеттенген бай-
манап, батыр–билерге қазақтың бір халық болуы тиімсіз еді. І.Ес. ~ ШИМОЙЫН: Е, сен сорлы қатқаны сөйте қоярсың!
Алдымен өзіңді қайта пішіп, кінәңді артынан барып тексеретін шығар! Тексере қойса де! .. Қ.Ысқ.
АРТЫҚ ТУДЫ
Тумысынан асыл. ~ Сөз арасында сері бұрынғы айтқан уайымын қайталап: «әттең, қолым қысқа, әйтпесе сендей артық туған бұлбұлға он қыздың қалыңын беріп әкетер ем» деп зарлайды. С.Жүн. ~ Ол өз түлпары Шабдарды Сұлтанмұратқа қалдырды. Өйткені Сұлтанмұраттың інісі — артық туған Әжмұрат әлі кішкентай еді. Ш.Айт. ~ «Жанайдар артық туды жатырынан, Оқ тиді Жанайдардың балтырынан, Бір айла өлмес жанға бола ма деп, Аттайтын қатын іздеді ата ұлынан. І.Ес.
АРТЫНАН БАРЫП БІЛДІ
Кейіннен белгілі болды. ~ Ол кезде орыстың тіліне түсінеміз бе, шоқпармен әлгіні сілтеп өттім… Артынан барып білдім-ау;
ол байғұс менің басымның жарылғанын көріп, өлесің ғой деп аяп тұрғаны екен. Өзім сияқты қара қасқаның бірі екен,
артынан соның өзімен тамыр болып кеттім… Б.Май. ~ Көңілім кенет жүдей қалды. Ақбаян біраздан бері алғашқы күндегідей
ауруханаға келіп менімен жолығуды тілеуді қойды. Бұнысы несі? Себебін артынан барып білдім. І.Ес.~ Каникулдан
қайтқанша елегізіп, анам үйге әне-міне кіріп келетін сияқты болды да тұрды. Мұның бәрі қимас көңілдің
алдамшы елесі екенін артынан барып білдім. К.Қаз.
АРТТАН КЕЛЕР (КӨМЕК)
Ауылдағы әке-шешесінің, басқа жақындарының демеуі. ~ Арттан келер көмек жоқ. Бірі – жесір кемпірдің баласы, бірі – жетім. Т.Сәу.
АРТЫ (СОҢЫ) НАСЫРҒА ШАПТЫ
Әлдебір істің аяғы күмәнді болды, шатаққа ұласты. ~ Енді ондағы күн бар ма? Төбелестің арты насырға шапқалы тұр. Ж.Айм. ~ Машанов темен қарап, үндей алмай қалды. Істің арты насырға шабатынын сезіп, сөзге Жанұзақ араласты. Қ.Жұм. ~ Осы екі даудың арты насырға шабатын түрі бар. С.Ом. ~ «Солай да солай ойланбай iстеген iстiң соңы мынандай насырға шапты. К.Сег. ~ Ол өзі — аяқ астынан бүрк ете қалған стихиялы қозғалыс қой. Бас- аяғы екі- ақ күн… Соңы насырға шабар деп кім ойлаған… Қ.Жұм.
АРТЫ АЗАП БОЛДЫ
Әлдебір істің аяғы қиындық туғызды, іс насырға шапты. ~ Бірақ ол қуанышы да ұзаққа бармады. Сыртында «паштет» деген жазуы бар арзан қалбырды асығыс ашып, ішіне аздап ел қонғанмен оның арты азап болды. Уланған Айдын ажал аузынан қайтты… С.Дос.
АРТЫ АЗАП, АЛДЫ СОР (БҰЛДЫР)
Өмір бойы көргені азап, алда не күтіп тұрғаны да белгісіз. ~ Амал не, әкем де нақұрыс, желқом салып, басқа көзге төпелей, тепкілеп көнтулақ ететін жабыны мәпелеп басқа шығарып. ـــ Артым азап, алдым сор болса да әркімнің өз жұлдызы өзіне. Б.Жұм. ~ Арты азап, алды бұлдыр ғұмыры бар Шөкенің ертеңін ойлаған Нүркен Оқтанға қойған жалғыз талабы болды. Б.Жұм.
АРТЫ АШЫЛДЫ
Істеген жөнсіздігі әшкереленіп, ұятқа қалды. ~ Шиңшысәйдің Шинжаңдағы «әділетті алты саясатының» осы мезгілде арты ашыла бастағанын ел енді сезді. Т.Рыс. ~ Түбінде тексеріс болып көз алдаудың арты ашылып қалса, өз басыңды арашалап, қалатын амал қарастыр. Б.Тоғ.
АРТЫ ЖЕР ИІСКЕМЕДІ
Отырып, дем алуға да мұршасы келмеді. ~ Танауынан иегіне әлсін-әлі жел жіберіп, керенау сөйледі: — Ақсақал, жай сөйлесеңіз қайтеді? Ал, бақтық-қақтық, немене? Артым жер иіскемеді, түге. Бүгін бағып жүрген төрт аяқты мал емес… Таңертең өші қалғандай өңмеңдеп… күні бойы тепкіленіп, итім шықты… М.Қаб.
