АРУАҚТЫ АДАМ

~ Қой, шырағым, Балуан Шолақ — үш жүзге аты кеткен аруақты адам. Жағаласпа. Мерт боласың. С.Шай. ~ Тұқымдарыңа арқа қонған, таза жүрмесең, ауыр болады, жарығым! Түпкі аталарың Қазанда мешіт ұстаған деседі ғой. Дұға оқып, шалық тиген науқастарды жазатын аруақты адам болыпты…» Т.Сәу.

АРУАҚТЫ АДАМ Read More

АРТЫНАН ҚАРА ЕРМЕДІ

Өз белінен баласы, мұрагері болмады. ~ Артынан жеті жылдай қара ермей жүр еді, əкесіне ұқсап жалғыз болып қала ма деп
жүргенде құдайға шүкір, келіні биыл бірдеңе көтерген болды. С.Досж. ~ Найманның Матайынан өрбіген Бөрте батыр
жасы отызды орталағанымен, артынан қара ермей, жалғызілік күйін күрсіне еске алып жүретін- ді. C.См.

АРТЫНАН ҚАРА ЕРМЕДІ Read More

АРТЫН АШЫП КҮЛДІ

Мазақ қылды; күлкіге қалдырды. ~ Демежан басымен Бахалдай мен Дохалдайдың үстінен шағым айтып, Шихалдайға барса, естіген ел артын ашып күлмей ме? Қ.Жұм. ~ Мұғалім келі түйді деген не масқара. Мына жұрт көрсе, артын ашып күлер… Н.Сер. ~ Хат аяғына аты-жөніңді неге жазбадың? — Оу, Елтайжан, бүкіл ауыл күні ертең артын ашып күлмей ме? М.Қаб.

АРТЫН АШЫП КҮЛДІ Read More

АРТЫН ЖАЛАДЫ

Жағымпазданды. ~ О заманда бұ заман, қазақ бәйгеге ер салып ат қосушы ма еді. Дәстүрді бұзғаның үшін саған бәйгені бермеу керек. О, неғылғаны ей, бәйгеде де орыстардың артын жалайтыныңды көрсеткің келгені ме? К.Қаз.
~ Құдайторымен ұрып келе жатқанда, Көктерек бекетінің түбінен төрт атты шыға келсін, біреуінің асынған мылтығы бар. — Ей, Тұрғанбектің күшігі, тоқта, әлгі артын жалап жүрген қызылдарың қайда? К.Қаз.

АРТЫН ЖАЛАДЫ Read More

АРТЫН ЖАПТЫ

Кем-кетігін жасырды. ~ Е-е, Нұртаза-ай Нұрмағанбет алжушы ма еді. Ол түгілі бір аяғы жерде, бір аяғы көрде отырып мына Мәтекең де тіріге есесін жібермес. Одан да аталарына ас берем деп тыраштанып жалаңбұт қалған немелер, енді қарауылға жала жауып, артын жаппақшы десеңші… С.Жүн. ~ Қытайлар мен мықтап араласып, соларға сіңіп кеткісі келгенінің пайдасы енді тиді. Ішпей-жемей ақша жинайтын олар Құзырдың бетін жерге қаратпады. Білімді, талантты жанды құрметтегені ме? Бастығы да артын жауып қорғаштады, ешкімге сыр шашпады. Н.Абд.

АРТЫН ЖАПТЫ Read More

АРТЫН ҚЫСТЫ

Мінезі бәсең тартты, жуасып қалды. ~ Ала сиыр мен тарғыл қашардан жүдемете айрылған соң, бұрынғы еркелік, кербездік, бұрынғы ожар үміт, ер кеуде артын қысайын деді. Ж.Айм. ~ Дегенмен, сақтықты да ұмытқан жоқ – аңшыларды айналып өткен. – Коктың күні бітті,– деді Смок, Хорнерге қарап. – Дұрыс айтасың,– деді ол. – Бұдан былай ол Хэмптің алдында артын қысып жүретін болады. Дж.Лон.

АРТЫН ҚЫСТЫ Read More

АРТЫН ОЙЛАДЫ

Істер ісінің неге апарып соғарын пайымдады, алдын болжады, сақтанды. ~ Ақылды білер әр нұсқаны, Алыс пен һәм
қысқаны, He іс қылса артын ойлар, Адамзаттың данышпаны. С.Дос. ~ Артын ойлаған Ақсақ Темір бұнда да бәлендей
жомарттық көрсетпеді. І.Ес. ~ Кездейсоқ бір іске кез бола қалғанымда да артын ойлап, сабырмен толғана, кең айналатын
әдетім болушы еді. Ж.Сәм. ~ Ойпырмай, Алла, құдірет! Басыңа түсті-ау қасірет. Сұм ажалға амал не? Артын ойлап сабыр ет.
«Ақсақ құлан»

АРТЫН ОЙЛАДЫ Read More

АРТЫН ОҢҒАРСЫН

Арты қайырлы болсын, жақсылыққа бастасын. ~ «Айттырып келгендерді алдаусыратып сыпайы сөзбен сырғытып жібере беруші еді. Міне, жиырмаға да келіпті. Мұның артын оңғарсын» — дейтіндер де табылды. Б.Мом.

АРТЫН ОҢҒАРСЫН Read More