АҢЫСЫН АҢДЫДЫ

Артын тосты, не боларын күтті, сабыр сақтады. ~ Десе де,айласын асырғысы келген қытай ұлығы Әліпті бірден қабылдай қоймады. Бір-екі күн қонақүйге қондырып,аңысын аңдады. Ж.Шәк. ~ Аңысын аңдып, бағдарлап көрші… Алла- ау, аумайды- ау, аумайды. Ындыны жуас деп жүрген Айжанымның бір өзі жыл он екі айда мінезінен сыр бермеген күні кәне? М.Сүн. ~ Әзіл қамшы болды ма әлде менімен жүріп алғанына күйініп кетті ме; манадан аңысын аңдап, артық қимыл жасамай жүрген палуан аяқ астынан бұзылып, жұлқа жөнеді. Ү.Жлк.

АҢЫСЫН АҢДЫДЫ Read More

АҢҒАЛ КӨЗДІ (КӨЗ)

Аңқау, алаңғасар, аңқылдақ. ~ Е, шырағым- ай, неге алды дерің бар ма? Аңғал көзді, аңқау халықпыз ғой! .. Не көрмей келеміз? Ай, шіркін- ай! — деді бүкір шал, төмен қарап ауыр күрciнiп. М.Дәу. ~ Анықта, аңғал көзім байқаңқыра, Жоқ, өзі түсі жылы, пенде бұ да… «Сенікі сонау ірге!- деді ханыша,- Орын ал, жайлан дағы тарт домбыра!» І.Жан.

АҢҒАЛ КӨЗДІ (КӨЗ) Read More

АҢҒАЛ КӨҢІЛ

Албырт, арамдығы жоқ, сенімпаз. ~Тұяғын тас қақпаған, буыны шорланбаған аңғал жас көңілдің есе-теңдік үшін алысып, тістесіп жүріп өлуді, өлерінде өштескеннің алқымынан ала жығылуды даңқ, мұрат етіп елестететін. Ғ.Біл. ~ Әшір күліп жіберді. Шын да аңғал көңілден шыққан риясыз күлкі емес, домбыраның ішегіндей дыңылдап керіліп тұрған ызалы күлкі. М.Қаб.

АҢҒАЛ КӨҢІЛ Read More

АҢДЫСЫН (АҢЫСЫН) АҢДАДЫ

Істің ақырын бақты, сақтанды. ~ Қаршыға сол аққан бойында өзеннiң арғы бетiне шығып ап, көк шөп арасында бiраз жыбырлап, иреңдей барып, аңшылар көзiнен жоғалыңқырап кеттi. Бұның аңдысын аңдап, үндемей сiлейiп тұрып қалған аңшылардың айтысқан бiр-бiр-ақ сөздерi: «тұрғыға кеттi, тұрғыға кеттi» деу болды. М.Әу. ~ Нұршаның үнін естіген соң Елеусіздің жүрегі орнына түсейін деді. Орынсыз елегізуден тиылып, Мырзаштың аңдысын аңдай бастады. Т.Әл. ~ Мұндайда бірден иліге салмай, сәл–пәл шіреніп көрсе, қайтер еді?! Кеуде тұсынан шаншу ұстаған керік қатындай кекжие қарап, кергіп сөйлеп, аңысын аңдап көр… Бірақ, тым қатты шалқайып кетпе! Ә.Кек.

АҢДЫСЫН (АҢЫСЫН) АҢДАДЫ Read More

АНАУ АЙТСА КӨНДІ, МЫНАУ АЙТСА БОЛДЫ

Көрінгеннің жетегінде кете беретін болбыр, жуас, бос белбеу адам туралы. ~ Осы уақыт ішінде заман да бірде бүк, бірде шік түсіп дегендей, олай да, бұлай да құбылып, өзгеріп жатты. Жұрт анау айтса көнді, мынау айтса болды-ның екі арасында не дұрыс, не бұрыстың дайынын таппай далақтаудың қызығын енді көрген. Н.Айт.

АНАУ АЙТСА КӨНДІ, МЫНАУ АЙТСА БОЛДЫ Read More

АҢҚАСЫ КЕПТІ

1. Аңсары ауды, үздікті. ~ Әлденені аңқасы кеуіп аңсайтын сияқты, бірақ нені аңсайтынын түсінбейді. Д.Әш. ~ Досмағанбеттің өн бойы күйіп-жанды, анау таңсық әлемге алғаш рет аңсары қатты ауып, аңқасы кепкен. Н.Дәу. ~ Бойын құрсап, ақылын буған әзәзіл сезім шыдамының шідерін шарт үзді. Аңқасын кептіріп, ындынын құртқан аяр нәпсі әкесіндей шалдың қойнына құлатты. Ү.Жлк.
2. Шөл қысты, қатты сусады. ~ Жауын-шашын көбейген тұста, ала жаздай аңқасы кеуіп, аңызаққа ұшып кетуге айналған …О.Сәр. ~ Әкем бейшара керім тершең кісі. Аптапта аң қағып, аңқасы кеуіп күн ұзақ далада жүреді. Ү.Жлк.

АҢҚАСЫ КЕПТІ Read More

АҢ-ҚҰС ҚАҚТЫ

Аңшылықпен айналысты. ~ “Ақсақал, немене, неміс іздеп жүрсіңдір ме?” деген. “Шырағым, анда-санда аң-құс қағатынымыз бар еді, – деді атасы насыбайын атып. – Ал, әлгі немісіңмен… Құдайға шүкір, балалар есеп айырысып жатыр”. Н.Дәу.

АҢ-ҚҰС ҚАҚТЫ Read More

АНАУ-МЫНАУҒА АҚСАЙ ҚОЙМАЙДЫ

Басына түскен қиындықтарға, азды-көпті сын-сынаққа шыдас берерлік қауқары, іштей тірегі бар адам туралы. ~ Қазір жас шамасы сол пенсияға тақау жүрген мосқал кісі бұрын өзін көпті көрген, анау-мынауға ақсай қоймайтын жырынды кісілердің қатарына қосушы еді. О.Сәр.

АНАУ-МЫНАУҒА АҚСАЙ ҚОЙМАЙДЫ Read More