АНАУ АЙТСА КӨНДІ, МЫНАУ АЙТСА БОЛДЫ

Көрінгеннің жетегінде кете беретін болбыр, жуас, бос белбеу адам туралы. ~ Осы уақыт ішінде заман да бірде бүк, бірде шік түсіп дегендей, олай да, бұлай да құбылып, өзгеріп жатты. Жұрт анау айтса көнді, мынау айтса болды-ның екі арасында не дұрыс, не бұрыстың дайынын таппай далақтаудың қызығын енді көрген. Н.Айт.

АНАУ АЙТСА КӨНДІ, МЫНАУ АЙТСА БОЛДЫ Read More

АҢҚАСЫ КЕПТІ

1. Аңсары ауды, үздікті. ~ Әлденені аңқасы кеуіп аңсайтын сияқты, бірақ нені аңсайтынын түсінбейді. Д.Әш. ~ Досмағанбеттің өн бойы күйіп-жанды, анау таңсық әлемге алғаш рет аңсары қатты ауып, аңқасы кепкен. Н.Дәу. ~ Бойын құрсап, ақылын буған әзәзіл сезім шыдамының шідерін шарт үзді. Аңқасын кептіріп, ындынын құртқан аяр нәпсі әкесіндей шалдың қойнына құлатты. Ү.Жлк.
2. Шөл қысты, қатты сусады. ~ Жауын-шашын көбейген тұста, ала жаздай аңқасы кеуіп, аңызаққа ұшып кетуге айналған …О.Сәр. ~ Әкем бейшара керім тершең кісі. Аптапта аң қағып, аңқасы кеуіп күн ұзақ далада жүреді. Ү.Жлк.

АҢҚАСЫ КЕПТІ Read More

АҢ-ҚҰС ҚАҚТЫ

Аңшылықпен айналысты. ~ “Ақсақал, немене, неміс іздеп жүрсіңдір ме?” деген. “Шырағым, анда-санда аң-құс қағатынымыз бар еді, – деді атасы насыбайын атып. – Ал, әлгі немісіңмен… Құдайға шүкір, балалар есеп айырысып жатыр”. Н.Дәу.

АҢ-ҚҰС ҚАҚТЫ Read More

АНАУ-МЫНАУҒА АҚСАЙ ҚОЙМАЙДЫ

Басына түскен қиындықтарға, азды-көпті сын-сынаққа шыдас берерлік қауқары, іштей тірегі бар адам туралы. ~ Қазір жас шамасы сол пенсияға тақау жүрген мосқал кісі бұрын өзін көпті көрген, анау-мынауға ақсай қоймайтын жырынды кісілердің қатарына қосушы еді. О.Сәр.

АНАУ-МЫНАУҒА АҚСАЙ ҚОЙМАЙДЫ Read More

АҢСАҒАЙ БОЙЛЫ

Бойы биік, жауырыны кең, еңгезердей (жігіт). ~ Қазір сол Сейіт «қанішер Қорабай» деп ақырғанда, содыр сойқаннан жалтарып көрмеген аңсағай бойлы Қорабай жайдақ арбадан секіре түсіп, Сейіттің алдына ентелеп келіп, ақырып жіберді. М.Әу. ~ Сәлден соң кішкене екі бөлмеге бірдей жарық жағылды. Үйден саудырай сөйлеп, аңсағай бойлы, қылаң жүзді, қара мұрт жігіт Сәмен шықты. М.Әу.

АҢСАҒАЙ БОЙЛЫ Read More

АНДЫЗДАЙ ШАПТЫ

Қарқынын үдете, жұлқына ілгеріледі. ~ Осындай бір ретте, Шаға ауданының Киров атындағы колхозынан келген Нұрша Керімбердиев жытқыр сарымен бұлтартып, жалт-жұлт етіп, қуғыншыларды біресе олай, біресе булай дүрліктіріп келді де, кіді, кілт бұрылып, қақыраған көпшіліктің саңлау — саңлауымен андыздай шапты. Т.Әл. ~ Бірінен-бірі озғындаған сарбаздар кен, далада андыздай шауып, зулатып келеді. Он-он бес шақырымнан соң ғана Иса¬тай мен Махамбет біртіндеп алға шығып, сапты түзеді. Ә.Әл. ~ Соңдарынан жазық далада андыздай шауып Махамбеттің достары барады, құм жоталарды бетке ұстап… Ә.Әл.

АНДЫЗДАЙ ШАПТЫ Read More

АҢСАРЫ АУДЫ

Құмартты; қызықты; көңілі қош көрді. ~ Кейде көркем шығармаға аңсарым ауып, өмірім еш кеткендей көрінгенде, Ақаңның
сол сөзімен өзімді жұбатамын. Т.Жұр. ~ Тіпті жылдар өткен сайын межелі мезгіл таяғанда көңілім елегізіп, Қаратөбеге
аңсарым ауады да тұрады. Е.Зей. ~ Қанша қор ете ұйқыға берілгенмен, бір жақ миы ұйықтамағандай, санасы сайрап, анау
бұрышта бүрісіп, көрпесін қымтай түсіп ботадай ғана бұйығы жатқан жас қызға аңсары ауа берген… Ш.Құм.
~ Шыр еткен шілдеханаға зар болып жүрген ерлі– зайыпты екеуі де, қашқын дүңгендерден қарлы далада қалған кішкене
қызды бағып алуға, аңсарлары ауған. Т.Рыс.

АҢСАРЫ АУДЫ Read More

АНТ АТҚЫР

Анттан тайған адамға айтылатын, қарғысқа ұшырағыр д.м. ~ Ант атқырдың қызы, жатысы иттің жатысындай ғой мұның. Көрпені ашып тастағанын қарашы. Ауырып жатқан балаға жел тигізер.ме екен,- деп Батиманың үстіне әкесінің ескі тұлыбын жапты. Т.Әбд.

АНТ АТҚЫР Read More

АНТ ІШТІ

Уәде берді, серттесті. ~ Бойында қара судың арал бар ма, Жайылған сол аралда марал бар ма? Ант ішкен айрылмасқа қимас қалқа, Тағдырдың тәлкегіне амал бар ма?! Қара өлең. ~ Енді келгенде қонып кетуге уәде беріп, ант ішіп, кепілдікке бір «Жигули» қалдырып, әрең құтылайық. Ә.Тар.

АНТ ІШТІ Read More