БЕЛ КЕТТІ

Қауқардан айрылды, кәрілік жеңді. ~ «Қара нap жүк көтермес бел кеткен соң, кең жайлау құлазиды ел көшкен соң, аз күнде бауыр басқан, қарағым- ай, өртенем күйігіңе сен кеткен соң! » — деп бір басылса, бір сарқылса. Ә.Тар.

БЕЛ КЕТТІ Read More

БЕЛ ЖАЗДЫ

Тыныс алды. ~ Бәйгелер бүгiн жетiп, таң атқанша сонда тыныстап бел жазады. К.Сег. ~ … жұмыстан келген беті болса керек, ебіл- дебіл кең көйлегінің етегін жиып, тапал орындыққа отырып бел жазды. Қ.Түм.

БЕЛ ЖАЗДЫ Read More

БЕЛ ЖАЗБАДЫ

Бас көтермей жұмыс істеді, тыным таппады. ~ Барымды салдым. Ертеден қара кешке дейін бел жазбадым. Қ.Жиен. ~ «Кəмөнес» деген атына кір келтірмеу үшін бір сəт бел жазбады, ауру əйеліне де қарамады. С.Досж.

БЕЛ ЖАЗБАДЫ Read More

БЕЛ БУДЫ

Әлдебір шешімге келді, тәуекел етті. ~ Бекен мектепке баратын жылдың жазында Әлімбай ауылдан көшуге бел буды. С.Әб. ~ Соған қарамастан, дәл осы сәтте Асқар қарт шопанмен сөз таластыруға бел буды. Ә.Әл.

БЕЛ БУДЫ Read More

БЕЛ БОСАТТЫ

Дем алды, тынықты. ~ Осы тұста бастаушымыз Әжібек тағы бір бел босата тұрып, барлығымызға барлай қарап шықты да: − Ал, көксоққандар! — деді өктем үнмен.– Енді, дабай, тобылғы шабуға кірісеміз. С.Мұр.

БЕЛ БОСАТТЫ Read More

БЕЛ БОЛДЫ

Демеу болды, дем берді. ~ Өзі жалақор, арызқұмар Құсайынға мына заң бастығының кейінгі сөзі мүлдем бел болып егдейіп үйіне келді. С.Бег. ~ Осылардан басқа арызға бел болғандай тағы бір ерекше жай, «Мамозы салған ойраннан шошынған екі қабат әйел бала тастады. Ж. Ахм. ~ Асанның отрядына бел болған жағдай, біріншіден – Қызыл Армияның жақындап қалуы болса, екіншіден – құлақ естір жерде: орыстан да, қазақтан да, басқа ұлттардан да осы сияқты отрядтардың көп құрылуы. С.Мұқ.

БЕЛ БОЛДЫ Read More

БЕЛ БЕРМЕДІ

Тізе бүкпеді, төтеп берді. ~ «Кәне, қайсың барсың?!» дегендей бұлшық етін ойнатып, айналасына айбат шегіп, шабына қарады. Қарсы жақ шошынғанмен бел бермеді. Т.Сәу.

БЕЛ БЕРМЕДІ Read More

БЕЛ БАЛАСЫ

Туған баласы, өз кіндігінен, басқалардан гөрі жақынырақ д.м. ~ Мен – қазақпын, жан Отан, бел балаңмын. Махаббаты сенікі жер – даламның. Ж.Мол. ~ Сол кезде бір сілкініп, бір оянып Қалады, бір ойланып бел баласы. Уақыт — екі ғасыр Өліарасы, Дау-дамай қаңқу толы ел арасы. К.Мырз. ~ Іле-Балқаш жайында да аз жазылып жатқан жоқ. Өзі сол өлкенің бел баласы бола тұра үн-түнсіз жүре бермек пе? Б.Тоғ.

БЕЛ БАЛАСЫ Read More

БЕЛ БАЙЛАУ ҚЫЛДЫ

Демеу қылды, арқау етті. ~ Әкесі үйдегі көтеремдерге қораның жамылышын, көр-жерді қағыстырып әперіп, бір мезгіл бел байлау қылсын деп, сиырларға қар астынан қара құмақ аршиды. Ж.Айм.

БЕЛ БАЙЛАУ ҚЫЛДЫ Read More

БЕЛ БАЙЛАДЫ

Әлдебір іске тәуекел етті, білек сыбана кірісуге шешім қабылдады. ~ Қатыным! Пайғамбардың сүнәті ғой, сен де рұқсат бер, ағайыным, сіздер осы жұмысты қолға алыңдар, міне, біраз қанағат бар ғой. Мен енді бел байладым, — деп ақырғы сөзін мағлұм етті. М.Дул. ~ Жанары жарқ-жұрқ етiп тiлерсектен қан кешуге бел байлаған батырларша ашынған сұлудың қазiргi түрi екi жүздi қанжарды көз алдына ерiксiз көлденең тартып тұрғандай едi. Р.Рай. ~ Өзін-өзі өлтіруге бел байлаған адамның ұсқыныңдай түнеріңкі селқостық оның маңдайына құбақан, бозғыл он бітіріп, сүлделеніп ауырғандай қуартып жіберіпті… О.Бальз.

БЕЛ БАЙЛАДЫ Read More