Қамсыз, алаңсыз, беймарал, тоқшылық уақыт. ~ Ал сөйткен халық, өз тізгіні өз қолына түгендейтін кезде, төрт құбыласын енді түгендейтін кезде, мынадай бейқұт заманда «қазақ» деген сөзді қарап отырып Ата заңнан сызып тастау керек пе?! Д.Мәс.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
БЕЙҚАМ ӨМІР
Тыныш, алаңсыз, арқаны кеңге салған беймарал тірлік. ~ Иә, қазір тыныш… Бірақ осынау тыныштық, бейқам өмір Дарханның мазасын алып, жанын жегідей жеп бітті. О.Бөк.
БЕЙҚАМ КӨҢІЛ
Алаңсыз, қаннен-қаперсіз, жайбарақат көңіл-күй. ~ Мына қыздың ештеңе күтпеген бейқам көңілі, қаперсіз ажары Ержанның ыстың сезімін салқындатып тастады. Т.Ахт. ~ Соғыс Ержанның балалық қабығын піспей жатып сыдырып, ауыртып аршыған. Бейқам көңіл күтпеген жерден тұңғиық ойға тірелген. Т.Ахт.
БЕЙІСКЕ БЕРГІСІЗ
Ғажайып, керемет. ~ Бейіске бергісіз ата жұртының кәусар ауасын жұтып, ыстық нұрына риясыз шомылып отыр. С.Ел.
БЕЙІМ ТҰРДЫ
Әлдебір іске іштей дайын д.м. ~ Мұндайда жан- жақтан науалап құйылған қияли түсініктер де кеудені әп-сәтте «жаулап алуға» бейім тұрады білем. Қ.Жиен. ~ Соңғы жылдары, әсіресе балалы болғаннан бері, Ырысқан мінезіне бір асқақтық, менмендік ене бастаған. Көп жағдайда Бибіні елең қылмай, өз бетінше әрекет етуге бейім тұрушы еді. Қ.Жұм.
БЕЙІЛІҢЕ ҚҰЛДЫҚ (РАХМЕТ)
Оң көңіліне, ықыласына, мәрттігіне алғыс білдіру. ~ Қызыл лента мен қайшы, оркестр керек емес пе? – деді Әскер тұрып. – Ниетің түзік болса, бейіліңе құлдық. Бірақ дарылдақ салтанатқа ежелден жаным қас. К.Хам. ~ Алпысқа жеткенше ат мінбесем, енді қартайғанда қай ұшпаққа шығармын. Рақмет бейіліңе, онан да қашан қайтасың, соныңды айт? С.Смат. ~ Шағын да болса, шәрілі жерміз, шайымыз қара, сауын сиыр болмайды бізде, кешірерсіздер! Қай жақтан келесіздер, ағалар? – Бейіліңе рахмет, ауыл жақтан келеміз. – Ел іші аман ба? Ғ.Біл.
БЕЙІМ ТҰРДЫ
Әлдебір іске іштей дайын д.м. ~ Мұндайда жан- жақтан науалап құйылған қияли түсініктер де кеудені әп- сәтте «жаулап алуға» бейім тұрады білем. Қ.Жиен. ~ Соңғы жылдары, әсіресе балалы болғаннан бері, Ырысқан мінезіне бір асқақтық, менмендік ене бастаған. Көп жағдайда Бибіні елең қылмай, өз бетінше әрекет етуге бейім тұрушы еді. Қ.Жұм.
БЕЙІЛІҢЕ ҚҰЛДЫҚ (РАХМЕТ)
Оң көңіліне, ықыласына, мәрттігіне алғыс білдіру. ~ Қызыл лента мен қайшы, оркестр керек емес пе? – деді Әскер тұрып. – Ниетің түзік болса, бейіліңе құлдық. Бірақ дарылдақ салтанатқа ежелден жаным қас. К.Хам. ~ Алпысқа жеткенше ат мінбесем, енді қартайғанда қай ұшпаққа шығармын. Рақмет бейіліңе, онан да қашан қайтасың, соныңды айт? С.Смат. ~ Шағын да болса, шәрілі жерміз, шайымыз қара, сауын сиыр болмайды бізде, кешірерсіздер! Қай жақтан келесіздер, ағалар? – Бейіліңе рахмет, ауыл жақтан келеміз. – Ел іші аман ба? Ғ.Біл.
БЕЙІЛІН (КЕҢГЕ) САЛДЫ
Жомарттық танытты, кеңдік жасады. ~ ~ Үй оңаша болса да, суға барса да кездескен келіншекті құшақтап, арсалақтап қалады. Марданға бұл бір мұрат. Сақытайға қолы тисе тар дүниесі кеңіп сала береді. Келіншек те Марданға бейілін салып жіберген. І.Жанс.. ~ … сөз әлпеттеріне қарағанда, Сатыбалдының үйі бұндайда бейілін кеңге салып, қонақтан қалған-құтқан тамақты олардан аямайтын сияқты… С.Мұқ.
БЕЙІЛІ ТҮСТІ
Ықыласы ауды, жақсы көріп қалды, оң көзбен қарады. ~ Күш- қайраты толысқасын жылқыға шықты. Жылқысын шашау шығармай, жақсы баққасын байдың бейілі түсіп, бір жарлы- жақыбай жамағайынның жесіріне қосқан. Ү.Жлк. ~ Үнсіз қалған топтың ешқайсысына көңіл бөлмей өз- өзінен қатты толқып, қаршадай қызға бейілі түскен би, әлденеден ойы уланып, дәрменін билеп ап кеткен ерік бермес өзгеше бір батаны шұбырта жөнелді. С.Смат.

