БЕЙІЛ ТАНЫТТЫ

Көңіл білдірді, ықылас қойды, жылы шырай көрсетті. ~ Оған ыстық ықылас білдірмеген және ол не тілесе соны орындауға бейіл танытпаған бикеш бар ма еді? М. Серв. ~ Ер адамдар ығысып, Еркешке дастархан мәзіріне жақын орынға отыруға шақырды. Бірақ ол оған ыңғай көрсетпеді. Дем алатын бейілін таныта, жоғарыдағы жатын орнына қайтып көтерілді. К.Өтж.

БЕЙІЛ ТАНЫТТЫ Read More

БЕЙІЛ САЛДЫ

Назар аударды, ынта қойды. ~ Келген қаба қытай, құба қалмақ, марғау машындар мұның пошымына қайран қалып, бейнесіне бейіл салып отырды. Б.Қыд. ~ Егер біздің тұқымның маңдайына қойшылық жазылған болса, онда немерем кішкентайынан сол іске бейіл салып, бейім өссін. Жер жағдайын, мал жағдайын, ауа райының құбылысын оған езім үйретем. Ә.Әл.

БЕЙІЛ САЛДЫ Read More

БЕЙІЛ ҚЫЛДЫ

Көңіл аударды, ықылас салды. ~ Әлқисса, Қаншайым бұл сөзді айтып жылап жатты. Ендігі сөзді Шаншар хан патшадан естіңіз. Шаншар хан бір күн тұрып қылды бейіл. «Мұңлық-Зарлық».

БЕЙІЛ ҚЫЛДЫ Read More

БЕЙІЛ ҚОЙДЫ

Ықыласын салды, ынта қойды, көңіл аударды. ~ Қадірбек қабақ астынан Маргаритаға қарады. Маргарита Сережаға бейіл қойып бас изеп отыр еді. Қадірбек орнынан көтерілді. С.См. ~ Қария үніндегі ғажайып кең тынысқа екі өкпеден қысып бара жатқан кеселі тұсау салып, емін- еркіндікке жібермейді. Сол халін қапысыз сезген Аршагүл одан сайын емірене бейіл қойды. Т.Әл.

БЕЙІЛ ҚОЙДЫ Read More

БЕЙІЛ КӨРСЕТТІ

Оң қабақ танытты, ықыласы түсті. ~ Ішіңіздер! Ішіңіздер… Аз іштіңіз! Жеп ішіңдер! — деп, анық үй иесіндей бейіл көрсеткен. М.Әу. ~ Рафих иен Мырзаштан қызғанып, күйіп-жанып кетерлік қандай серт байласып ек? Білгің келсе, олар осы күнге шейін хат жазып тұрады. Және ешуақытта сен секілденіп өзімшіл бейіл көрсеткен емес… Т.Әл.

БЕЙІЛ КӨРСЕТТІ Read More

БЕЙІЛ БҰРДЫ

Әлдебір іске, бағытқа бетін бұрды, ден қойды. ~ Мен де армандаймын, Алланың жүзін көрсем деп. Сөйтсем, мұным бекер екен. Бекер екендігіне сопылық ілім-білімге бейіл бұрғанда барып көзім жетті. И.Сап. ~ Сауысқанның салтындай ала қанат, Бір-біріңді жатасың жағадан ап. Берекең жоқ болған соң бейіл бұрар, Ел екен деп кім сені бағаламақ? И.Сап.

БЕЙІЛ БҰРДЫ Read More

БЕЙІЛ БОЛДЫ

Ықыласты, ынталы болды. ~ Сосын бір жаманшылықтың орнын бір жақсылықпен, бір обалдың орнын бір сауаппен, бір қиянаттың орнын бір қайырымдылықпен толтыруға ылғи да бейіл болсаң, жуылмайтын не күнә бар? Д.Әш.

БЕЙІЛ БОЛДЫ Read More

БЕЙІЛ БІЛДІРДІ

Шын жүректен қарсы алып, иман жүз танытты. ~ Бес ұлдың анасы томашадай сары кемпір, қолы ашық кісіге ұқсады. Қонаққа бейіл білдіріп, жалбырақтап жатыр. З.Шүк. ~ Солай деңіз… Пәтеріңіздің нөмірі қандай? — деп ықыластана бейіл білдірді. С.См.

БЕЙІЛ БІЛДІРДІ Read More

БЕЙІЛ БЕРМЕДІ

Ықылас қоймады, оң қабақ танытпады. ~ Қарындас енді еркелегендей, Қанаттың иығына басын салып: — Көңіл ашар жай болмай, зерігіп кеттім, ағатай! — деді, — ауылда да бейіл бермей қалдыңыз ғой. Ғ.Слан. ~ Өзіңіз ана Шауқарға әбден сендіңіз бе. Алғаш мен айтқанда тиянақсыздау көріп, аса бейіл бермеген едіңіз, — деген сөзін сыпайы ғана айтып тоқтады. С.Бег.

БЕЙІЛ БЕРМЕДІ Read More

БЕЙІЛ БЕРДІ

Жылы шырай танытты, ықылас қойды. ~ Шын бейіл берген адамына ыстық көрінетін қошеметін де мол төгіп отырады. Үлкен, ауыр, алып денесі бейіл берген қонағын күтуде соншалық тез қозғалады. М.Әу. ~ Ән — «Ғашығым». Салдың өз әуені. Домбыра күмбірі тұтаса есіліп, буырқана көтерілгенде жанарынан ұшқын ойнаған әнші басын изей түсіп, үнсіз мақұлдап бейіл берген-ді. С.См. ~ Бұны дағдылы крестьян начальнигі мен ояздарға тігетін үйлерден мүлде басқаша етіп, ынта салып, тырысып тіккен бейілдер байқалады. Анығында қалың елдің қан жайлауының ортасына орнаған «санақ» төрелеріне бұл жолы басқаша бір бейіл берген осы жайлау байларының ынтымағы бар-ды. М.Әу.

БЕЙІЛ БЕРДІ Read More