БАСЫ ЕКЕУ ЕМЕС

Көзсіз батырлыққа баратындай ессіз есер емес д.м. ~ Түсінетін ештеңе жоқ, – деді шығып бара жатқан Жайынбек бетін бұрып, – Түрме ісінің бәрі жасырын. Оның да басы екеу емес. С.Жүн. ~ Оныкі де дұрыс. Басы екеу емес. Аяқ астынан контр болып шығу кімге қолайлы.— Б.Қыд.
~ Өзі сүйкеніп қыт-қыттаған мекиенді баяғыда-ақ желкесінен басып күлге бір аунатып алса, бап еді, бірақ Аманбаевтың қорығына түсетіндей басы екеу емес. Т.Сәу.

БАСЫ ЕКЕУ ЕМЕС Read More

БАСЫ ДАУҒА ҚАЛДЫ

Әлдебір шатаққа, жанжалға қалды. ~ Егер Сәргелді бір амалын тауып тоқтатпаса, мұның түбі үлкен шуға айналарын, Бағиланың жүрегіне жазылмас жара түсерін, ең соңында, Жасынның да басы дауға қалып шаңырағының шырқы бұзыларын түсінді. Д.Ис.~ Ал егер түсінде жалаңаш адамдарды көрсе — көп ұзамай есінен адасады, заң адамын көрсе басы дауға қалады, тағы тағылар. Д.Ис.

БАСЫ ДАУҒА ҚАЛДЫ Read More

БАСЫ БҰЙДАЛЫ

Айттырылып қойған қыз туралы. ~ Бұл ауылда қызға барарда Ақеркенің алдынан өтпейтін бозбала жоқ. Бірақ, атаның батасын алған, басы бұйдалы тәуір көретін қайын сіңлісін қайдағы бір қаңғырған сері бойдаққа қимады. Ү.Жлк.

БАСЫ БҰЙДАЛЫ Read More

БАСЫ БОС ЕМЕС

а) Айттырылып қойғвн, құда түсілген. ~ Жәмештің бүгінгі хәлі, бұрынғыға қарағанда, көп өзгерген. Бұл күнде оның басы бос емес, ол қазір де күйеуі келіп жатқан қалыңдық. М.Әу. ~ Шынында да Айшараның басы бос емес, бала кезінен құдаласқан жері бар болатын. Ж.Сәм.

ә) Ерлі-зайыпты. ~ Шешесі басын шайқады. − Жоқ. Оның басы бос емес екенін мен білетінмін. Бірақ біз бір-бірімізді шынайы сүйдік. О.Уай.

БАСЫ БОС ЕМЕС Read More

БАСЫ БОС

Өз еркі өзінде; үйленбеген, күйеуге тимеген т.т. ~ Өзі жас, өзінің басы бос əйелге топты еркектің ортасында жүру оңай ма. С.Досж. ~ Мүмкін тез маған үйлене қоймадың дей ме? Е, үйленбесе зорлай ма? Еркі өзінде, басы бос еркек емес пе? М.Сүн. ~ Айтпады деме, бұның аяғы насырға шабады. Әйтеуір дәтке қуат, Әйімгүлдің басы бос. Күйеуі болғанда қандай дауға душар болар едік. С.См.

БАСЫ БОС Read More

БАСЫ БӘЛЕГЕ ІЛІНДІ

Қиын жағдайға, кесірге тап болды. ~ Почта талапты Әділхан! – Не деген сұмдық! Неткен қастық! – Аяспайтын жаулық қой! Қазынаның қағазын жойып, Тәкежан басы бәлеге ілінсін дегені ғой! М.Әу.

БАСЫ БӘЛЕГЕ ІЛІНДІ Read More