БАСЫ ҚАЗАНДАЙ

Бас пішіні тым үлкен, қазанбас. ~ Басы қазандай, өзі төртбақ болғандықтан ба, Бураш деген аты жаңа таныстарының арасына сіңе қоймады, орысша жақсы білетін станса балалары оған ілкіден «квадрат» деген айдар тақты, сол есім өзіне қона кетті. Ә.Тар. ~ Екі бүркіт биікке самғап ұша
жөнелді. Ертеңіне күн шығып келе жатқан мезгілде бүркіттің біреуі бет–аузы қожыр–қожыр, екі иығына екі кісі мінгендей, басы қазандай, шүңірек көз қара кемпірді Толыбайдың алдына әкеліп тастады. М.Әбд.

БАСЫ ҚАЗАНДАЙ Read More

БАСЫ КЕТТІ

Қуғынға ұшырап, жаза тартты, мерт болды. ~ Менің әкем, жаппай қырғынға ұшыраған халық кегін қайтарам деп, Голощекинді өлтірмек болған екен, талабының өзі ерлік қой! Сол жолда өзінің басы кетті… Б.Тоғ. ~ Үкіметке шағымданып, арыз айтамын» деп қорқытады. Түйе түгіл тоқты сойғанның басы кетіп жатқан заман. Ү.Жлк. ~ Ел болайын депті ғой. Мұнан артық қайтеді, тәйір- ау! Бұрын бүйтіп ұлтын мақтап, өлең айтқан қазақтың басы кететін. Т.Рыск.

БАСЫ КЕТТІ Read More

БАСЫ КЕТСЕ ДЕ

Не болса да, қандай қауіп төнсе де. ~ Баймағамбет аса тура мiнездi. Басы кетсе де шынын жаңылып, жалған айтуды бiлмейдi. М.Әу. ~ Қайтсе де қара қылды қақ жаратын туралықтан басы кетсе де бір жазбайтын Темірдің ақ сөйлеп, ашығын айтатынына сеніп келетін. Ү.Жлк.

БАСЫ КЕТСЕ ДЕ Read More

БАСЫ КЕТКЕН ЖЕРГЕ (ЖАҚҚА) АЯҒЫ КЕТТІ

Басы айналып, аяғын әзер басты. ~ Айдалада өрісте ешкінің айранын ішіп, аунай түсіп, басы кеткен жерге аяғы кетіп ұйықтаған шал күн екіндіге таянып, кешкіріп қалғанда бір-ақ тұрыпты. Б.Қыд. ~ Бірін бірі жаңа көргендей кенеше қадалып ұзақ сүйісті. Ақыры аңсарына жетіп тынған олар, басы кеткен жаққа аяғы кетіп, бара жатыр екен. Н.Сам.

БАСЫ КЕТКЕН ЖЕРГЕ (ЖАҚҚА) АЯҒЫ КЕТТІ Read More

БАСЫ КЕТЕДІ

Жаңсақ басса, опық жейді, зардап шегеді, жаза тартады. ~ Апасы да оны жасырады, айтпайды. «Әкеңнің де басы кете ме» деп қорқам дей береді. С.Мұқ. ~ «Егер мен сенбесемші… Әй, дегенмен ештеңеге, ешкімге сен- бейтіндер жалғанды жалпағынан басып жүр- ау. Әйтпесе, бір сөзден қате жіберсе, басы кетпей ме газеттегілердің», – деп ойлады Қойшы. Т.Әбд.

БАСЫ КЕТЕДІ Read More

БАСЫ ЗЕҢГІДІ

Басы айналып, мең-зең күйге түсті. ~ Енді аздан соң жұмысқа араласып кетіп еді; бойы бусанып, тула бойы дыз-дыз қайнап, басы зеңгіп жүре берді… Ғ.Сл. ~ Кеше ыстықтап кеп бақырашпен сенедегі үлкен ағаш бөшкеден мұздай су ішкен; сонан ба бүгін күнұзағына басы зеңгіп, тамағы жұтындырмай жүр. М.Сүн. ~ Басы зырқылдай зеңгіп, көз алды кілегейленіп одан арғысы есінде жоқ. Д.Дос.

БАСЫ ЗЕҢГІДІ Read More

БАСЫ ЖҰМЫР ПЕНДЕ

Қарапайым, жұрт қатарлы адам. ~ Сөйлестім. Дәл айтуға менің де батылым жетпеді, оспақтап айтқаныма түсінген — түсінбегенін шамалай алмадым, басы жұмыр пенде емес пе, көмекейі бос сияқты. С.Мұқ. ~ Осы бір тәуліктің ішінде қаншама бақытты кеудеде қуаныштың оты маздап жанбады, қатал тағдыр қаншама басы жұмыр пендесін қайғының қара суығында бүрсеңдетпеді. Осы соңғы топқа мен де қосыламын. Б.Соқ. ~ Елеусіз басы жұмыр пендені осынау жер шарына ұқсатады. Сыртынан қарауға оңай да, ішіне кіруге киын. Т.Әл. ~ Жалғыздың жары құдай деген, Қараман да мен сияқты басы жұмыр пенде шығар. Тағдырдың бұйрығын тәуекелге салып көрейін… А.Сей. ~ Абылайдың өмір соқпақтарының ұзын-ырғасы осындай. Әрине, басы жұмыр пенде ретінде ол кемшіліктен де ада болмаған. С.Ақт.

БАСЫ ЖҰМЫР ПЕНДЕ Read More

БАСЫ ЖОҚ, АЯҒЫ ЖОҚ

Белгісіз, жөн-жосықсыз. ~ Жұмыс үстінде Өкембай әндетіп ыңырсып отырады да, басы жоқ, аяғы жоқ бір сөзді қойып қалады: — Шіркін, Мәскеуді бір көрсе! Б.Соқп. ~ Осы кісінің аты-жөнін де жөндеп біле бермеймін. Рабайсыз далиып жатқан осынау басы жоқ, аяғы жоқ қазақ даласының қай жерінен, қай елінен екені жөнінде де хабарым жоқ. Ә.Нұрп. ~ Біраздан соң тіпті ыңылдап ән сала бастады. Басы жоқ, аяғы жоқ көңілді әуен. О.Сәрс.

БАСЫ ЖОҚ, АЯҒЫ ЖОҚ Read More

БАСЫ ӘҢКІ-ТӘҢКІ БОЛДЫ

Есінен адасқандай халге түсті. ~ Ойдан ой қуған сайын басым әңкі-тәңкі болды. Оның үстіне мұрнымнан су ағып, мүлде берекем кетті. Қас қылғанда қол орамалым жоқ болып шықты. Шабаданда бар еді, бірақ оны қаптаған елдің алдында қалай ақтарасың. Дж.Сэл. ~ Оның түнде келіп көрінуі оны үрейлендіретін, — үш аптаға созылған осы сапарда оны ұйықтамады деуге де болады, содан да ол екеуі кездесіп, сонан кейін некелескен, өткен күзде бірге жолға шыққан мына мүлгіген тып-тыныш қалаға басы әңкі-тәңкі боп мас адам секілді келіп еді. В.Наб.

БАСЫ ӘҢКІ-ТӘҢКІ БОЛДЫ Read More