БАСЫ БАПАНҒА КЕТТІ

Құрдымға кетті. ~ Өзіңе айтайын дегенім – адам құрсағынан арымайды, құлағынан ариды дейтіні тегі рас екен. Осы бір қысыр әңгіме мешелге жөтел боп қосылып, мені әбден діңкелетіп бітті. Өзім де сезіп жүрмін, осы жаздан шығу– шықпасым екіталай сияқты… әйтпесе басым бапанға кетсе де көнбес едім. Ә.Асқ..

БАСЫ БАПАНҒА КЕТТІ Read More

БАСЫ БАҚЫРДАЙ ҰЛ

Балпанақтай, сүйкімді. ~ Сол жылы Мәлике егделеген шағында, ержеткен ұл мен қызының алдында екіқабат болып қалғандығына ұялып, қымсына жүріп, басы бақырдай ұл тапты. Ғ.Біл. ~ Ай- күні толып Айнамкөз басы бақырдай ұл тапты. Ұлан- асыр той болды. Шілдехана күзеткен жастар оған тағы да ән айттыра алмай қойды. Қ.Мүб.

БАСЫ БАҚЫРДАЙ ҰЛ Read More

БАСЫ БАЙЛАУЛЫ

Өз еркі өзінде емес, басы бос емес. ~ Әу баста көнген сыңай білдіріп, келе-келе: «ойланып қарасақ, реті келіңкіремейді екен, қызымыз жас, басы байлаулы көрінеді, олай да былай екен» деп әңгіменің соңын пышыратып жіберетіндері де жоқ емес» деп ойлады. Т.Нұрм. ~ Әйтеуір Саламаттың іңкәрлігіне таңдана жүріп, бөтен біреуге қимасын сезеді. Сезеді де: «бетім- ай»,— деп ұялған да болады. «Әйелі, бала- шағасы бар, басы байлаулы еркек емес пе? М.Сүнд. ~ Бүгін таңертеңнен бері: «Айжанды айттырғысы келіп, бірақ басы байлаулы қызға қолы жетпей өкініште жүрген Сатының бір мырзасы бар екен. Қ.Жұм.

БАСЫ БАЙЛАУЛЫ Read More

БАСЫ БАЙЛАНДЫ

Еркінен айрылды, үкімі кесіліп, тағдыры шешілді.
~ Жануардың құйрығы кішігірім қазандай екен. Өлімге басы байланғанын іштей сезіп тұрған сияқты. Т.Рыск.

БАСЫ БАЙЛАНДЫ Read More

БАСЫ АШЫҚ

а) Әлі шешуін таппаған, дүдамал. ~ … байтақ жеріміздің экологиясы қазіргі кезде бірінші орында тұрғаны, ең басты мәселеге айналғаны басы ашық мәселе. Ж.Баб. ~ Шәуіркөл аз үйлі сойырқасқа берілді. Енді Шөмішкөл, Ақшатау сияқты бір-екі көлдің басы ашық тұр. Осы жерде Рахметәлі килікті. З.Шүк.
ә) Күмәнсіз, айдан-анық. ~ Қолға бар дерек жиналып түскенше, көп айыптар молайып құралғанша, мынау басы ашық айқын айыбы туралы әдейі көлгірсіп, өтірік нанған кісі болып, жеңіл ғана жауап алғызған. М.Әу. ~Үкіметтің жауымен күресу оңайдың оңайы. Ол басы ашық нәрсе. Ал Назармен күресу оңай емес. Т.Әбд.

БАСЫ АШЫҚ Read More

БАСЫ АУЫРЫП, БАЛТЫРЫ СЫЗДАДЫ

Денсаулығы сыр берді, науқастанды. ~ Старший деген аты бар, біреудің басы ауырып, балтыры сыздаса да, Мұратқа келеді. Тек, сол жақсылықты жұрт түсінсе де! Қ.Ысқ.
~ Жас келді. Басы ауырып, балтыры сыздайтын болып жүр. З.Шүк. ~ Бүгін басы аман, бауыры бүтін ел, ертең, басы ауырып, балтыры сыздамасын біле бермейді. Ғ.Мүс.
~ Қартайған шақтарында күйі не болады? Басы ауырып, балтыры сыздаса жанында болсам, ақырғы шақтарында бастарын сүйеп қолымнан сусын берсем деймін, енемді осы бетке қайта әкеліп алайық! Ғ.Біл. ~ Ал, мына ноғайларға жүргенде тағы алысқа кетесің. Бас ауырып, балтыр сыздаса шет жер, жат ел, өлім бар да қаза бар деп, біреудің біреу басын сүйеп, сүйегін көмуге зар, болады… І.Жанс.

БАСЫ АУЫРЫП, БАЛТЫРЫ СЫЗДАДЫ Read More

БАСЫ АУҒАН ЖАҚҚА

Бағыт-бағдарсыз, жөн-жосықсыз, қайда болса, сонда. ~ Ұзақ үркін сапарында баспанасынан айрылып қаңғып қалған мүскін ғарыптар сынды басы ауған жаққа тәлтіректеп жөнеп берді. Ғ.Біл. ~ … алдындағы ағашта келденеңдей байлаулы тұрған қара қасқа аттың үстінен бір-ақ секіріп басы ауған жаққа лаға жөнелді. О.Бөк. ~ Сең соққан балықтай есеңгiреп не iстеп, не қоярын бiлген жоқ. Басы ауған жаққа қарай сенделiп жүрiп келедi. Т.Сәук.

БАСЫ АУҒАН ЖАҚҚА Read More

БАСЫ АРТЫҚ

Керегі шамалы, шамадан тыс, пайдасы жоқ. ~ Біреуі басы артық ақша қуалаған, енді біреуі бас артық күн қуалаған маусымдық жұмысшылар мен шабашниктер өріп кетті. В.Расп. ~ Өлім жазасы деген керемет нәрсе ғой. Өлгендер ешуақытта опық жемейді. Өлгендер ешуақытта басы артық сөздерді оттай алмайды. Ч.Дикк.

БАСЫ АРТЫҚ Read More

БАСЫ АМАН, БАУЫРЫ БҮТІН

Уайым-қайғысыз, төрт құбыласы түгел. ~ Еліміздің ұйтқысы болып келе жатқан әдет-ғұрпы бар. Сендей ақылды адамдар сол ұйытқыны бұзбас болар. Бүгін басы аман, бауыры бүтін ел, ертең, басы ауырып, балтыры сыздамасын біле бермейді. Ғ.Мүс.

БАСЫ АМАН, БАУЫРЫ БҮТІН Read More

БАСЫ АЙНАЛДЫ

а) Елітті, еркінен айрылды; тым масаттанды. ~ Жұрт дабыра болып, баталы сөздер борап кетті. Ғұмыры көрмеген қошеметтен Әтікенің басы айналды. Б.Нұрж. ~ Қыз тағы да сыңғырлай күлді. Махаббаттан басы айналған хор қызындай еді. О.Уайльд.
ә) Масаттанды, кеудесіне нан пісті. ~ Биліктегілер өздерін биіктемін деп ойлайды. Солай ойлаған соң да бірде болмаса, бірде бастары айналады. Басы айналған адам, әрине, құлайды. Құздан құлаған құлжадай. И.Сап.
б) Шаршағаннан, ауырғаннан болатын әлсіздік, лоқсық қысу туралы. ~ Адам адасқанда басы айналар білем,— дейді Нұрша.— Дегізердің төбесін көріп тұрып, қалай жүрудің ретін таппадық. Т.Әл.

БАСЫ АЙНАЛДЫ Read More