АЙ ҚАРАП, ЖҰЛДЫЗ САНАДЫ

Босқа жүрді, уақытын зая кетірді. ~ … ашу-аразы бар ағайын: «Қап, бәлем. Итбайдың бозымбай баласына сұлу қатын қайда?! Серімен ала жаздай серуен құрғанда ай қарап, жұлдыз санап жүрді дейсің бе? Ойнап-күліп қойған-дағы. Сосын қашпағанда қайтеді?!» – деп, Кедейдің терісін қан шығармай іреп-сойып жатқан шығар. Ү.Жәл. ~ Сырттағы самаладай мол жарық қалың пердені көктеп ете алмай тауы шағылған екен, оны қыз салған бетте түсінді, ал түсінген адам ай қарап, жұлдыз санап, ерігіп тұра ма, дереу іске кірісті. М.Қаб.

АЙ ҚАРАП, ЖҰЛДЫЗ САНАДЫ Read More

АЙ ҚОРАЛАНДЫ

Толған айдың қызара мұнартып көрінуі. ~ Екі үйдің аралығы бір жарым шақырымдай ғана. Бірақ, төте жол айналасы соқпа таммен қоршалған алма бағын аралап өтетін. Ай қораланып қалған. Аспан ала бұлтты. Т.Рыс. ~ Жазда күн кенеттен ысып кетсе, ұзамай жауын жауады. Ай қораланса, жаз – жаңбырлы, қыс қарлы, боранды болады. Күн қораланса, қар қалың жауады. Күн ерте күркіресе, ол – жауыншашынның көп болатынының белгісі. Осылай тізбектеліп кете береді. Ж.Баб.

АЙ ҚОРАЛАНДЫ Read More

АЙ ҚОРҒАЛАП ТУДЫ

Айдың күнге жақындап, кеми бастаған кезі. ~ Кешке оқшау шетте Шоңбай, Асылбек, Мүсірәлілер той қылушы Сәтібекті іштеріне алып, күңк-күңк сөйлесіп отырды. Ай қорғалап туатын мезгіл еді. Т.Әл. ~ Ел орнына отырған кешкі мезгіл еді. Егін орағының тұсы болатын. Далада жауын. Ай қорғалаған өлараның тұсы. С.Жүн.

АЙ ҚОРҒАЛАП ТУДЫ Read More

АЙ ҚҰШАҚ ҚАУЫП

Бірін-бірі құшағына алып, айқаса құшақтасып д.м. ~ Албырт жастың, сымбатты тұлға, сирек ажар ай құшақ қауып табысқан айырықша бақытты жан. Ә.Кек. ~ … алдарында – ішіне құйрық-бауыр салып, құдаларға ұсынған қара тегештей дөңгелек алқап, ақ шыңдар мен қара шоқылар ай құшақ қауып жатқан Маңғыстаудың қара ойы. Ә.Кек. ~ Баяғы сол алай-дүлейдің тұсында Әбілқайыр бастаған ауыр қол жыра-жықпылы ай құшақ қауып құшақтаса жығылған қазақ пен жоңғардың өлігіне толы Қаратауды шырқ айналып шықты. Ә.Кек.

АЙ ҚҰШАҚ ҚАУЫП Read More

АЙ МАҢДАЙ

Ашық, кең маңдай. ~ Ай маңдайы жарқырап, жетелеген кексе әйелді тура аялдамаға қарай сүйрей жөнелгендей болды. Ж.Аяз. ~ Шөке де оның ай маңдайына алақанын апарып, ып-ыстық денесін бауырына тартқан сайын Нүркен қойыны-қоншына еніп жабыса құнығып, еніп келеді. Б.Жұм.

АЙ МАҢДАЙ Read More

АЙ МАҢДАЙЛЫ

Ашық, ақ, кең маңдайлы, сүйкімді, сұлу, ұнамды. ~ Бағдат, Мысыр шәһәрінің бірінде бір ер жігіт, Хасен деген, бір ай десе – аузы бар, күн десе – көзі бар, ай маңдайлы, жұлдыз көзді сұлуға ғашық болған… С.Сей. ~ Дулығасын жастанып, көк сүңгісін сүтпен сүртетін қас батырдың, қарауыл тасқа қанжармен қашап жазатын сөзі емес пе бұл! Ай маңдайлы арудың жорыққа аттанған жарын күн салып күтіп тұрғанда айтатын әні емес пе бұл! Ә.Ысқ.

АЙ МАҢДАЙЛЫ Read More

АЙ МЕН КҮНДЕЙ

Бірінен бірі өткен сұлу. ~ Ай мен күндей ажарлы сұлу, қыршын жастарды да, арыстан жүректі айнымас батырларды да, әлемнен озған алаяқ, аузынан бал тамған шешен билерді де жерошақтай жер қазып, үңірейтіп бауырыңа көміп жатсаң да, бақайыңнан келмей, түк көрмегендей-aқ мыңқиып тұра бересің-ау! Шәк. ~ Жақында осы ауылға келген дуанаға бал аштырғанмын. Сол бәрін қолмен қойғандай айтып отыр: «Күйеуің екі некелі болады екен. Екінші әйелінен ай мен күндей бір ұл, бір қыз сүйеді екен» дейді. Қ.Жұм.

АЙ МЕН КҮНДЕЙ Read More

АЙ МЕН КҮНДЕЙ АҚИҚАТ

Талас тудырмайтын, айдай анық шындық. ~ Халық басына қауіп төніп, ел басына түскен қиындық – елдің рухани көшбасшысы болып саналатын жазушыны алабөтен қинайтыны аспандағы ай мен күндей ақиқат. Қ.Ерг.

АЙ МЕН КҮНДЕЙ АҚИҚАТ Read More

АЙ МЕН КҮНДЕЙ, ӘМБЕГЕ БІРДЕЙ

Теңдессіз сұлулық; кез-келген жанды, баршаны тәнті қылатын әдемілік туралы. ~ Сөйлеген тақырыбынан күңгірт еш жай қалмайтындай. Ай мен күндей, әлемге бірдей, өз денесінен нұр шашып тұратындай әсерлендірді. Қ.Шаб.

АЙ МЕН КҮНДЕЙ, ӘМБЕГЕ БІРДЕЙ Read More

АЗУЛЫНЫҢ АУЗЫНДА, ӘЛДІНІҢ АЛҚЫМЫНДА КЕТТІ

~ Мына заманда, қара құстан үйренетін жеріміз де бар– ау! – Жолбарыстай жүрек, арыстандай айбат, қасқыр мінез, түлкі
қулық керек бүгін. Әйтпесе, әлі де азулының аузында, әлдінің алқымында кетеміз. Т.Рыс.

АЗУЛЫНЫҢ АУЗЫНДА, ӘЛДІНІҢ АЛҚЫМЫНДА КЕТТІ Read More