Талай қайталанған жағдай туралы. ~ Сәлиманның бұл сөзді айтуы бір бұл емес, оны күнде қайталайды. Б.Қыд. ~ Үйде мұндай жағдайлар бір бұл емес. Мен небәрі он алтыдамын. Не көрдім десейші. Кішкентайымнан естіп өскен сөздерімнің түрі анау. Онсыз да екі-үш күнде үйде айқай-ұрыс. Ә.Ысқ.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
БІР БОРША ЕТ
Бір асуға жетер-жетпес шамалы ғана ет. * Жаңабай жапты да кейін шегінді, бір нəрсені зерттегендей келді де, қазанды ашты. Қатын қалт- қалт етеді. Олай- бұлай сүзгенде шөмішке бір- екі борша ілінді. Жаңабай шөмішті тастай беріп қатынға бір түйіліп қарады да, тысқа шықты. Ж.Айм. ~ Ол пісірген нан алмадай қып-қызыл. Сіз Әлиман жеңгемнің қолына бір уыс ұн, бір борша ет қана әкеп беріп, қараңызшы. Ол одан не істер екен. Бір үйдің іші лықа тоятын, дәмі ауыздан кет¬пей¬тін шикеспе істеп береді. Б.Соқ.
БІР БОЛСА ДА БІРЕГЕЙ
Жалғыз болса да көптен артық, ерекше, аз болса да саз. * Жарық шамдай жарқылдап жанған, қалқам, Жылы суға қолымды малған, қалқам, Бір болса да бірегей болып туып, Сыртымда асқар пана болған, қалқам. С.Мұқ.
БІР БІЛМЕСТІК БОЛДЫ (КЕТТІ, ҚЫЛДЫ)
Бір қателік жасады, аяғын шалыс басты. ~ Ханның күреңітіп отырған беті қайтадан қуарып кетті. – Мақұл… Бұл мәселелер турасында ойланайын. Бір білместік болса, болған шығар… Ә.Кек. ~ Әкесінің бекерден– бекер «нервісін» қоздырғанына қызы да іштей өкінді. — Бір білместік болған шығар, — деді ақырында бәтеңкесінің тұмсығымен сызды топырақты сызғылап тұрып. Қ.Жиен. ~ Сонау қиянға Сүйінғара деп сабылғанша, бірден саған келсемші” деп, іштей егіліп кетті. – Уа, Әлеке! Жолы үлкен ағайым едің. Мен адасыппын. Қасымдағы бауырым сен тұрғанда, мен ақылдасуға Сүйінғараға барыппын. Ініңнен бір білместік кетіпті, – деп ақтарыла салды. М.Әбд. ~ Оны өлтірсеңдер, мына кішкентай балаға кім пана болады? Бұлар жансыз емес. Бұған сенбесеңдер, мен кепіл болайын. Бір білместік қылған екен. Енді ешқайда қашпас. Бір кезек қателігін кеше көрің. Ү.Жлк.
БІР БІЛЕМ
Алақандай, қайрақ тастың көлеміндей ғана. ~ Бір білем қазы, қақталған тауық, кәріс салатының екі-үш түрі, тұздалған саңырауқұлақ, минералды су, шырын… шағын дастархан аузы-мұрнынан шықты. Т.Сәу. ~ Бір қалта дәрі- дәрмегі бар, тандырға жапқан торт таба нан мен бір білем колбасаның шетінен де тістемепті. Қ.Ысқ.
БІР БІЛЕК
Білектей. ~ Ақбөкені ауып, арқары іргедегі полигон уынан арам өлген түлей түз, тарғыл тауда неғылған аңшылық?! Ақыры, сілелері қатып, азықтары түгесіліп, соңғы бөтелке, бір білек колбасамен ауылға тақай кеп, Сасықкөлдің тұсына ат шалдырған. С.Сағ.
БІР БИЕДЕН АЛА ДА, ҚҰЛА ДА ТУАДЫ
Әр адамның өзіндік ерекшелігі болады, бес саусақ бірдей емес д.м. мәтел. ~ Ал Жәнәділде бұл жігердің бірі де жоқ. Бір биеден ала да, құла да туады деген міне осы. Аға сұлтан екі баласын да жек көреді. Өз қолымен ажалға айдап салуға бар, бірақ төркіндері мықты, адуынды әйелдерінен ғана именіп жүр… І.Ес. * Зейнел– Нәби қиялданып кетті. Бес саусақ бірдей емес. Бір биеден ала да, құла да туады. Мынау Назарқұл ағасы Ноғайқұлдың көлеңкесінде күн көріп жүр. Сөйте тұра оны жалпақ жұрт сыйлайды. «Мата даңқымен бөз етеді» деген осы. Т.Әл.
БІР БИДАЙДЫ ЖАРЫП ЖЕДІ
Бір-бірінен ештеңе аямады, барын бөлісті. * Ойлап қараса, балалар үйінде Елтай жетімдіктің тақсіретін тарта қоймапты. Бәрі де бір бидайды жарып жеген, ортақ одеял жамылған көген көздер еді. М.Қаб. * Бір бидайды жарып жейтін тату-тәтті тұрмыстың табалдырығы биік, тым биік-к — соны ұқ. Кеңсенің некесіне тіркелдің, ал өмірдің некесінен әлі өтпегенсіңдер — осыны түсін, Елтай қарағым. М.Қаб.
БІР БӘЛЕГЕ ҰРЫНДЫ
Өзі барып әлдебір қауіпке, кесірге басын сұқты. ~ Мырзабектен басталған әңгімені жорға Жұмабекке тіреп, сенің жаңағы сұрағыңнан сырт айнала бергенімді айтам да… Иә, Жәмеш пен Мырзабек аңға барған сол күні олардың бір бәлеге ұрынып қайтқанын өзім де сезгенмін. Д.Әш. ~ Байбақ әзілге мән берген жоқ. ─ Қайдағы бір жыным ұстап, бір бәлеге ұрынар кезде үстуші еді, – деді тағы да кіржиіп. Т.Әбд. ~ Осыны жан дүниесiмен түсiнгендiктен, қылышынан қан тамған қызыл идеологияға дауыс көтермек түгiлi тiктеп қарауға жүрек дауаламайтын тұста бауырларының мына көзсiз батырлығына арқасы шымырлады. «Әй, бiр бәлеге ұрынып кетпесе…» деп, iштей қобалжыды. Ә.Ыб.
БІР БЕТПЕН (КЕТТІ)
Алған бетінен қайтпай, сол бойында. ~ Бүгін Әлидің келіп жетуі тергеудің бетін бұрарлық басқаша ықпал әкелген. Дау аяғы бастық алдында бастапқы қалыбмен әбігертіп, бұрылып кетуге де ықтимал. Олай болса, сұрақшының да бір бетпен кете беруіне жол даңғыл емес. Ж.Ахм. ~ Қайтпас жағына беттеп кеткен сертшіл кеуде көмейінде қылғынтқан ащы түйіншекті зорлықпен жұтып, бір бетпен ұзаққа әкете беретін. Ж.Ахм.

