БИТ ШАҚҚАН ҚҰРЛЫ (ШАҚҚАНДАЙ) КӨРМЕДІ

Еш әсер етпеді, міз бақпады, елеген жоқ. ~ Сонша кәрленіп зілмен-ақ ұрып едім, мына ұры онымды бит шаққан құрлы да көрмеген сыңайы бар. Ж.Сәм. ~ Ұзақты күн ит пен мысықтай ырылдасып жатса, бұған да әйелдің кезекті сандырағы ғой деп сүлесоқтау ғана қолы бір сілтер еді, турасына көшкенде оны бит шаққан құрлы көрмес еді. Қ.Жиен. ~ Нәсілсіз туған Қараман Қолындағы қамшымен Тас төбеге салады. Батыр туған Ер Қосай Бит шаққандай көрмеді, Ұрғанына шыдады. «Ер Қосай». * Мұрныңа жеткізбек түгілі қайда жеткізсең де, бит шаққан құрлы ойыма ала ма екем. Ж.Айм. ~ Сырттан келгенді көк
желкеден берді-ай келіп, ол. Келуші оның ұрғанын бит шаққандай көрмеді. Б.Қыд. * Өндіршектеген өлермендерге ескертудің бит шаққан ғұрлы әсер етпегені ме? Е.Зейіп. ~ Лап етіп ең бағана, Кәні, зарар қылғаның? Бит шаққандай болмады, Осы ма Әли дәрменің. «Зарқұм».

БИТ ШАҚҚАН ҚҰРЛЫ (ШАҚҚАНДАЙ) КӨРМЕДІ Read More

БИТ ТЕРІСІНДЕЙ

Тым аз, жұқа. ˆ Мақтанышы да өтірік, мазағы да өтірік деп Мәскеудің зиялы жұртын жақтырмайтын ағамыз қашанда саяқ жүретін. Білетіні бит терісіндей болса да жалғанды жалпағынан кешкендей терісіне сыймай шіреп отыратындары да рас. Қ.Ысқ.

БИТ ТЕРІСІНДЕЙ Read More

БИТ ТЕРІСІН БИЯЛАЙ ҚЫЛДЫ (ЖАСАДЫ)

Жоқтан бар жасайтын, не нәрсені де пайдаға жарата алатын пысықтық туралы. ~ Ауылдағы
кексе қатындар шаруаға қырбай келіндеріне ұрысқанда, «Жидіген, шірік күң! Ана
Алтынайды көрмеймісің, бит терісін биялай қып отырғанын!.. Қазақтың қатыны сондай
келеді» деп ұрысатын… Ж.Айм. ~ Батпа әрі көрікті, әрі бит терісінен биялай жасайтын
шебер болады C.Бег. ~ Егер қазақ «мал таппас еркек болмас құрарын айт» деген
болса, сол тапқанды басын біріктіріп үйелмен жасайтын, яғни бит терісін биялай жасайтын
әйел. Б.Қыд. ~ Мысық мұртын ширатып қой- ып,үй ішін ұры көзімен тінте қарады. «Бит
терісін биялай ететін пысық әйел-ау. Өзіміздің жаман қатынымыз әкеп бергенді де жөндеп
ұқсата білмейді». Ө.Кәр.

БИТ ТЕРІСІН БИЯЛАЙ ҚЫЛДЫ (ЖАСАДЫ) Read More

БИТ ІШІНЕ ҚАН ҚҰЙҒАН

Әккі қу, алаяқ, қулық-сұмдығына құрық бойламайтын зымиян адам. * Қанша сақ, қанша ұтқыр болсаң да зымияндықтың бит ішіне қан құйған неше түрі бар екенін біле берермісің. Б.Қыд. * Бірақ бит ішіне қан құйған сұмдардың судан құрғақ, оттан күймей шығатынын да кездестірдім. Кейде солардың дегені болып кететін жағдай да көп. Б.Қыд. ~ Мына бұлтарысты ойлап тауып отырған бит ішіне қан құйған Дәмет кемпірдің сұрқия бұлтағы барын тексеріп, жауаптарын қағазға түсіріп милиция қызметкері нәрселерді қаттап өз кеңсесіне алып жүретін болды. С.Бег. * … шаш ал десе бас алған, Голощекиннің асыра сілтеуінің құлы болғандардың, кейбірі өз құлқынының құрғамауы үшін, астындағы жұмсақ, күмпілдек креслодан айырылып қалмай, жақтауына жармасып отыратын сатқын, бит ішіне қан құйған зымияндардың ісі еді. Б.Қыд. * Міне, інім, бит ішіне қан құйған қанқұйлы, зымиян тап жаулары да іштен ірітуді ойлап, барлық жолды, барлық өткелек-өтімдіні пайдаланып жатты. Б.Қыд.

БИТ ІШІНЕ ҚАН ҚҰЙҒАН Read More

БИЛІК ҚҰРДЫ

Үстемдік етті. ~ 1335-1410 жылдар арасында шаңырақ көтерген Жалайырлар Ордасы Ахметпен аяқталады. Олар билік құрған жетпіс жылдан астам уақытта сол өлкелер өсіп-өркендеген, гүлденген, дейді барлық тарихшылар. Б.Тоғ. ~ Осы ауылсовет қарамағында тағы бір тап жауымыз тұрады. Ол — бұрын патша заманында бай болған, билік құрған Пахраддин… С.Ел.

БИЛІК ҚҰРДЫ Read More

БИЛІК АЙТТЫ

Әлдебір даулы мәселенің кесімін айтып, төрелік етті. ~ Көшпелі қазақтар арасындағы хан елдің бас әкімі саналып, жалпы басшылыққа ие болғанымен ел ішінің дау-дамайын бітіріп, екі жақты татуластырып, төрелік, билік айтатындар билер болған. С.Мұқ. ~ Бұл сонда нақты өмірде болған, белгілі бір қоғамнын мүддесін қорғап, саналы түрде қилы– қилы қимыл– харекет қылып, билік айтқан тарихи тұлғаға жасалған қиянат емес пе? Т.Жұр.

БИЛІК АЙТТЫ Read More

БИІККЕ (КӨККЕ) САМҒАТТЫ

Ой-қиялын шарықтатты; аспанға талпындырды. * Әжемнің «осылай болған екен» деген сөздері мені бірде ғасырлардың шыңырауына сапар шектірсе, бірде құс қанатындай демеп ілгері ұмтылдырды, биікке самғатты… Б.Мом. * … облыстық байқау ән әлеміне бұрын танылмай келеген талай талантты таныстырды, өнер өлкесіне сәт сапар тілеп, биіктерге самғатты. БАҚ * Желтоқсан көшесінен бастау алып, қала орталығына дейін біріңғай қаздай тізілген көліктер Қазақстанның байрағын көкке самғатты. БАҚ

БИІККЕ (КӨККЕ) САМҒАТТЫ Read More