БІЗ ТІЛІН СҰҚТЫ

Өткір сөзбен кекетті, мысқылдады. ~ Сөйткенмен, Сатанға Шалматай біз тілін бір сұғып қалды. Оның «Менен шығып ноғайдың байына барғанда абиырлы болдың ғой» дегенді айтқаны еді. Әркім өзі шыққан тауын биік көреді. Қашаннан бақ күндес байдың жол соқтыға ұшырағанда айтып тұрған табасы Сатанға недәуір батты. І.Жан.

БІЗ ТІЛІН СҰҚТЫ Read More

БИЯЛАЙҒА ЛАЙЫҚ

Мінезі жұмсақ, биязы. ~ Рақилаға көзі түскен жерде– ақ, япырмай, Рақила қалай жұғымды, жасы отыздан асса да, əлі жап– жас, өңі тайған жоқ. Аққұба, маңдайы да жарық, əнтек мұрыны шошағырақ болмаса, өзі де биязы, киімі құба төбел болса да, кірі жоқ, таза, бойына қонымды, не керек, қазақша биялайға лайық бір əйел. Ж.Айм.

БИЯЛАЙҒА ЛАЙЫҚ Read More

БИЯЗЫ ҮН

Жұмсақ, әдепті дауыс. * Сенің елжірей еміренуіңе хұқығым болса, ол мынау ғана: – деді ол кісілік қасиетке толы биязы үнмен, мен, Париж жастарын аздыратын бақытсыздықтан сенің жастық шағыңды аман сақтап қалғаным. О.Баль. * Манаты бір биязы үн емес, даусы қатқыл, қонаққа емес, күндегі көзтанысқа жасайтын өзімсіну бар. Қ.Ысқ. * Келіншектің биязы үні қонақтың көңілін бөліп кетті; ол ту сыртынан естілген дауысқа жалт бұрылған, аңтарылып қалды. М.Сүн.

БИЯЗЫ ҮН Read More

БИЯЗЫ МІНЕЗ (-ДІ)

Әдепті, ибалы, тәрбие көрген. * Сейілбек қошеметшіл жігіттің биязы мінезіне жан- тәнімен ризалығын білдіре … С.Ом. * Татымды асын, таза табағын ұсынып, оң қолдай орала кеткені қажет- ақ. Әрі биязы мінезі, ашық қабағы көпшілік көңіліне қонымды. Ү.Жәл. * Ол Саламаттың ынтық үнімен бірге бетіне ыстық демінің тигенін әлеуетті қолы мойнына оралып та үлгергенін сезінді; ілкіде қарамаға сыпайы, биязы мінезді, үш күннен бері ортақ тіл табысып, сыйласты боп қалған жігіттің тосын қылығына қалай, не істерін біле алмады. М.Сүн. * Ол бір биязы мінезді, ұп-ұяң, қуқыл жүзді, ашық көк көзді, өзі сәндеп қидырып жүретін тікірейген шашты адам. Э.Хэм.

БИЯЗЫ МІНЕЗ (-ДІ) Read More

БИТТІҢ ҚАБЫҒЫНДАЙ

Тым жұқа. * Бөлім бастығы былтырдан бері сақа сынды талақ тастап, өлеңге құрық сілтеген. Жуырда биттің қабығындай алғашқы жинағы жарық көрді. М.Қаб. * Сүкеңнің: «Биттің қабығындай шалбармен ұшып өлесің, сұлуынан жылуы, мына қырық жылғы мақта шалбарымды киіп ал»,- деген тілін алмағанына өлердей өкінішті. С.Елу. * Тек Абыралының «жазушы» деп, әспенсіткеніне наразы. Биттің қабығындай жинағы биыл жарық көрді — Елтай қайда, жазушы қайда?! М.Қаб.

БИТТІҢ ҚАБЫҒЫНДАЙ Read More

БИТТІ БІЛЕККЕ СІРКЕЛІ ЖЕҢ

Тең теңімен, тезек қабымен д.м. ~ МАХМҰТ: Түсінсем бұйырмасын. (Күләнға) Жеңеше, бұл не той, Қапизасы кім? КҮЛӘН: Бүкіл Қаратайды етегімен былғаған бейбақ еді, енді саңырауға тимеймін деп кертиетін көрінеді. Битті білекке сіркелі жең, бағы енді жанатын шығар! Қ.Ысқ.

БИТТІ БІЛЕККЕ СІРКЕЛІ ЖЕҢ Read More

БИТКЕ ӨКПЕЛЕП, ТОНЫН ОТҚА ТАСТАДЫ (ЛАҚТЫРДЫ)

Жоқтан өзгеге маңыз беріп, сазға отырып қалды. ~ Олар білмеді екен деп битке өкпелеп тонымызды отқа тастайтын жайымыз тағы жоқ. Ж.Шәк. ~ Ел түйелерін қомдап, үйлерін жығып, көшкелі жат–қан–ды. Битке өкпелеп тонын отқа салған Тасболатқа ашуланған Бұқар жырау аттан түспей, жанындағы серіктерімен батырдың үйінің сыртынан кеп, кәрі домбырасын қағып–қағып жіберіп, айқайға басып еді. І.Ес. ~ Тас қараңғы. Шарбақтағы екі жүз қойдың жап–жасыл төрт жүз көзінен басқа жылт жоқ. Сырттан да жоқ. Сырттан тұрмақ сайтан да жоқ. Ит адамға ес деуші еді. Бұл да өтірік боп шықты. Дұрысы — ит тойған жеріне. Битке өкпелеп тонын отқа лақтыратын қазақ итке неге өкпелемесін!.. Қ.Ысқ.

БИТКЕ ӨКПЕЛЕП, ТОНЫН ОТҚА ТАСТАДЫ (ЛАҚТЫРДЫ) Read More

БИТІН СЫҒЫП, ҚАНЫН ЖАЛАДЫ

Жоқшылық, қу тақыр кедейлік туралы. ~ Аяқ жетер жерге шейін жүріп, жан бағатын жер
қарайды. Қайда болса да мынау битін сығып, қанын жалап отырған жерден аулағырақ жер
тауып, тағы да еңбексіз бақытын сынайды. Бәл­кім еңбексіз бақыт табыларда… І.Жанс. ~
Айтпағы-есте жоқ ерте заманда битін сығып, қанын жалаған орыстың бір топ қаншырқұрсақ
қашқыны шығысты бетке алып, сандалып кетеді ғой. К.Әбдір. ~ Өзім үшін өтірік айтып
қойдым, кешіре гөр Алла! Битін сығып, қанын жалаған кедейдің баласы едім…» – деп
күбірледім мен. М.Шер. ~ Сен қуаттап отырсың, әттең енді бес-алты жылдан соң битін
сығып, қанын жалап аш-жалаңаш отырғандарын қайта айналып келіп көрер ме едім. О.Бөк.
~ Бұрылмаймыз ба? — дейді ауданнан келген уәкіл. — Бұл байғұс битін сығып, қанын жалап
отырған қу кедей, — деп ауылсовет бұрылмайды. Ш.Мұр. ~ – Кәйт-мәйт деп, онда бар
ендеше, Малжанның астына кір. О несі-ей. Еркек емессіңдер. Битін сығып, қанын
жалағаннан басқа сендерден не күтуге болады. С.Жүн. ~ Битін сығып, қанын жалаған
отырықшыларға ауыздығын қарш-қарш шайнаған арғымақтарды ойқастата мініп, қатын
құсап жалаңбұт жүрмей, ши борбайына шалбар киіп, шірене шырт түкіруді кім үйретті!?
Ә.Мекеш.

БИТІН СЫҒЫП, ҚАНЫН ЖАЛАДЫ Read More

БИТІН САЛДЫ

Әлдебір іске бар ықыласымен, жан-тәнімен беріле кірісті. ~ Манадан бері салқындау
отырған, Доға мен Балташтар да Тыпаң мен Жорғабектердің қалжыңына құлақ қойып, кейде
олармен бірге күлісіп те жіберді. Ықаң көбінесе араққа дендеді. Ет жағына келгенде Доға мен
Тыпаң «битін» салды. Ж.Айм. ~ Аяқ жетер жерге шейін жүріп, жан бағатын жер қарайды.
Қайда болса да мынау битін сығып, қанын жалап отырған жерден аулағырақ жер тауып,
тағы да еңбексіз бақытын сынайды. Бәл­кім еңбексіз бақыт табыларда… І.Жанс.. ~ Дастархан
жайып, жұмсақ еттен салма пiсiрiп қойып едi, ас үйде, кең үстелде битiн сала ас iштi. Ш.Құм.
~ Бескемпірдің жаны ашиын деді. Біреудің тегін асына битін салатын байғұс өз дүниесі
қалып бара жатқан соң қырлы стаканның қыртысына дейін жалап-жұқтап, ақыры аузы-басы
қисайып сол үйдің есік көзіндегі кушеткасына тоңқая салған. Қ.Ысқ. ~ Енді олар
Әбілқайырдың жер түбіндегі орыстан қолдау іздеп, қазақ алдындағы беделін күрт
төмендетіп алған мынандай ұрымтал тұсында Қайып баласының асығын алшысынан
түсіруге биттерін салып бақты. Ә.Кек.

БИТІН САЛДЫ Read More

БИТІ СЕМІРДІ

Көңілі көтерілді, мерейі өсіп, мәз болды. ~ Құралайға «таласып» қырқысып жатқандарды көрсе, әсіресе, құрбылары таң қалмайтын, ал, әлдекімдердің өзіне бола қанмайданға шыққанын естігенде ерке сұлудың «биті семіріп» қалатын: «Бірі өліп, бірі қалсын, не көп, жігіт көп!» Ә.Тар.

БИТІ СЕМІРДІ Read More