БАУЫРЫН ТІЛДІ

Қақ жарып өтті. ~ Қандай көңілді кеш, бақытты шақтар. Аспанда жұлдыздар жымыңдайды. Қап-қараңғы түннің бауырын тілген әппақ нұр жұлдыздай ағып барады. Ж.Шәк.

БАУЫРЫН ТІЛДІ Read More

БАУЫРЫН ТАРТТЫ

Малдың ағымен күн көрді. ~ Ене бауырын тартқылап емген екі емшектей – екі дария аузынан қағылғалы кәрі теңіздің ендігі тағдыры тұйыққа тірелді. Т.Сәу. ~ Ел ортасындамыз ғой. Бауырын тартып отырған мал аман болса, өзегiмiз тала қоймас. Т.Сәу. ~ Есiк алдындағы бақшалықты тырмалап, жалғыз сиырдың бауырын тартып өз өлмес күндерiн өздерi көрдi. Т.Сәу.

БАУЫРЫН ТАРТТЫ Read More

БАУЫРЫН КӨТЕРДІ

Аяғына тұрды. ~ Совхоз жаңа салынған пәтер беріп еді, алмадым. Шеттен келген бала-шағасы көп бір жігітке бердік. Балалар осы үйде бауырын көтерді. Ескі тымағымды киіп, боқшасын арқалаған Асқатымды жетектеп, ана табалдырықтан аттағаным санамда әлі сайрап тұр. М.Қаб. ~ Мәрзия Алматыда тұратын інісі Нардың үйіне барып, айлап жатып қайтатын, сол жақтан «босанып», нәресте екі айға толғанда, «анасы» бауырын көтерген соң Асаталға бір-ақ оралған. Ә.Тар.

БАУЫРЫН КӨТЕРДІ Read More

БАУЫРЫН ЖАЗДЫ

Еркін көсілып, шабысын үдетті. ~ Омырауды ашып тастап, әнмен баурын жазып алған ақын әрберден соң қара өлеңге басты. Ж.Айм. ~ Менің бақытыма қарай осы кезде күй аяқталды да, бауырын жазып, көкке көтерілуге айналған аққу қайтадан жерге қонды. Ә.Нұрш. ~ Кешеден бері қаңтарылын тұрған поезд бауырын жазып, жүрісін түзеп алды, бірақ елге қарай асығып келе жатқан әйелдердің ішінде оған қуанғаны болмады. Ә.Нұрп. ~ Тап қасынан баяу, тәтті әуез аймалай жөнелді. Әйелдің ыстық үні бірде мұңайып, бірде еркелеп, бабына келіп бауырын жазған сайын баурап барады. Н.Дәутай.

БАУЫРЫН ЖАЗДЫ Read More

БАУЫРЫ ТІЛІНДІ

Іші-бауыры ауырды, өзегін өрт шалды. ~ Сен қыздiкi не жатыс. Екi күн жыладың-сықтадың – жетпей ме осы! Байың ба едi ол сенiң сонша, бауырың тiлiнiп, басыңа қара жамылатындай! Т.Сәу.

БАУЫРЫ ТІЛІНДІ Read More

БАУЫРЫ ТАҚЫР

Ізін басатан бел баласы жоқ. ~ Тойғанбай қамшы салудың орнына теріс қарап кетті. Тойғанбай Еспермен байларда бірнеше жыл бірге жалға жүрген, бала-шағасы жоқ, ыңыршағы айналған, бауыры тақыр кедей еді. Әлі де Тойбайдың отыншысы болатын. Б.Қыд.

БАУЫРЫ ТАҚЫР Read More

БАУЫРЫ СЫЗДАДЫ

Өкініш өзегін өртеді, жаны ашыды. ~ Өйткені, әлгі күнгі Подлипки ауылында сержант Зухты жөнді тыңдап алмай, қуып шыққаны үшін бүгін таңертеңнен бері қиналып, оқтын — оқтын бауыры сыздай берген. М.Кәр.

БАУЫРЫ СЫЗДАДЫ Read More

БАУЫРЫ СУЫҚ ҚАРА ЖЕР

Өлген адамның барары — қара түнек суық көр д.м. ~ Елден кісі келіп, Жамалды Байжандарға апарып берген соң, ертеңіне бауыры суық қара жерге тапсырды. М.Дул. ~ Бұл сөзге қимаған жүрек те бар. Бауыры суық қара жерден әлдебір рахым тілеген дәрменсіз өтініш те бар сияқты естілді. М.Әу. ~ Төлеш. Отыр. Тоқтап. Аттың, әкем! Шешемді бауыры суық қара жер алды (Дәмеш жылайды.) М.Әу.

БАУЫРЫ СУЫҚ ҚАРА ЖЕР Read More

БАУЫРЫ ҚҰТСЫЗ

Өзінен тараған ұрпағы жоқ, баласы тұрмайтын адам туралы. ~ Ау оның баласы, ұлы бар ма еді? Ой, сол шіркінде ұл түгіл қыз да жоқ. Бауыры құтсыз сәурік емес пе. С.См. ~ Осындай ел басына іс келгенде Жігіт жоқ қыза шабар намыс бермей. Айғырдай бауыры құтсыз Қосалбайдың Артынан сымпиды ғой құлан ермей. І.Жан.

БАУЫРЫ ҚҰТСЫЗ Read More

БАУЫРЫ ЖҰҚА, ЖҮРЕГІ ЖҰМСАҚ

Елжірек, көңілшек, қайырымды. ~ Күндіз кісі көзінше маңайлай алмаса да, қыбырлаған құмырсқаға қиянат қылып көрмеген бауыры жұқа, жүрегі жұмсақ жігіт өзіне тиесілі жанның иесіз малдай іргеде жатқанына қынжылатын. Ү.Жлк.

БАУЫРЫ ЖҰҚА, ЖҮРЕГІ ЖҰМСАҚ Read More