БАЯҒЫ ӨТКЕН ЗАМАНДА, ДІН МҰСЫЛМАН АМАНДА

Атам заманда, өте ерте уақыттарда. ~ Қашан басталып еді, мұншалықты нәзік сезім, балапан сүйіспеншілік; баяғыда, баяғы өткен заманда, дін мұсылман аманда… ол кезде Гүлия он екі, он үш жаста ғана. О.Бөк. ~ «Баяғы өткен заманда, дін мұсылман аманда», Кенді Алтайдың төрінде, Шығыс Қазақстанның Өскеменінде, облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») гәзетінің редакциясында Мәдениет бөлімінің ұзынтұра бастығы болып (құрдастарым «силаған лауазым» еді), қызметті қарағай отын жаққан пештей қыздырып жүрген кезімде бөлмеме қара мұртты жасамыс қазақ кіріп келіп: «Кіруге бола ма? Сәлеметсің бе?» — деді. Ғ.Қаб.

БАЯҒЫ ӨТКЕН ЗАМАНДА, ДІН МҰСЫЛМАН АМАНДА Read More

БАЯҒЫ ҚАРА ТАУЫҢ БА?

Ескі әңгімең, баяғы гөй-гөйің бе? д.м. ~ Жас-жастың тілеуі бір, жібектің түйіні бір… — деп, сүре сөзге салып бара жатқан соң, Күнікей күліп: —Мен бір жөні түзу сөз айта ма деп келе жатсам, баяғы Кара тауың ба? Ондайыңды бізден өзгеге айт, шырағым!..-деп бірдеңенің шетін сездіріп, тежеп тастады. Ж.Айм.

БАЯҒЫ ҚАРА ТАУЫҢ БА? Read More

БАЯҒЫ ӘНІНЕ БАСТЫ

Айтыла-айтыла таптаурын болған тақырыпты қайта қозғады. ~ Шыныңды айтшы, осы сенде үйленетін ой бар ма, жоқ па? – деді Көбей сол баяғы «әніне» басып. Ә.Асқ. ~ Тағы бастадың ба баяғы әніңді, – деп Бас дәрігер қақылдап жөтеліп, өз–өзіне келе алмай, ойбайын салып, телефон құлағын лақтырады–ай. Әсемнің басына ыстық қан шапшиды. Жанарынан ытқыған жас мөлт тамады. Д.Дос. ~ Бүгінде басшымызға ғана емес, халқымызды да басынып барады. Желтоқсан көтерілісінен кейін тәубесіне келіп, тізгінін сәл тартып еді, арада аз уақыт өтісімен баяғы әніне қайта басты. С.Дос.

БАЯҒЫ ӘНІНЕ БАСТЫ Read More

БАЯҒЫ (БҰРЫНҒЫ) ҚАЛПЫНА ТҮСТІ (КЕЛДІ)

Бұрынға жағдайына, кейпіне қайтып оралды. ~ Қазаншы баяғы қалпына түсіп, бір ауыз сөз қатпастан қамысты құзай берді. Көп кешікпей Сатанның түсінгені «сорлы, тас керен, тілсіз, мылқау екен!» І.Жанс. ~ Мүмкін апта болар, бәлки ай өтті? Табанына нық тұрып, бұрынғы қалпына келгені кешелі-бүгін ғана. Т.Сәу.

БАЯҒЫ (БҰРЫНҒЫ) ҚАЛПЫНА ТҮСТІ (КЕЛДІ) Read More

БАЯ ҚУДЫ

Малды оты мол жерлерді қуалай жайды. ~ Дастарқан жайылғанша екі шал биылғы жаз туралы кеу– кеу сөз қозғап, асықпай насыбай атысты. Нәсіп қылса, бұл өңір бая қуған малшы байитын, тіпті қора түбіндегі ақсақ тоқтыға дейін қысыр қалмас берекелі жер екенін ұзақ әңгіме етісті. Ә.Асқ.

БАЯ ҚУДЫ Read More

БАУЫРЫНАН ТАРАДЫ

Өзінен туған д.м. ~ Әуелде сүйген сұлуыңды алыпсың. Қырық бірдеңе жыл қосағыңмен қоса ағарыпсың. Өз бауырыңнан тараған бала-шағаң түгел аяқтанған. Келесі буын — немерелер анау, шұрқырап өсіп жатқан. М.Мағ,

БАУЫРЫНАН ТАРАДЫ Read More

БАУЫРЫНАН ЖАРАДЫ

Күтімі жақсы болып, бабында тұрған ат туралы. ~ Үкілеген, құйрығын түйген бауырынан жараған аттар әр жерден-ақ шығып жатыр. Б.Май. ~ Шашын дәндерменен тараған, Бектер мінген бедеудей Бауырынан жараған. Бет ажарын қарасаң, Жазғы түскен сағымдай. «Ер Тарғын» ~ Бауырынан жараған оқтаудай семіз аттар құлақтарын қайшылап, есіле аяндайды. Оқта-санда шоқырақтап желдіртіп аламыз. М.Әбд. ~ Сақадай іріктелініп бауырынан жараған жиырма ат шықты. Бәрі де мырза мен пысықтардың бір-бір қызға балап жүрген жүйріктері. Б.Май.

БАУЫРЫНАН ЖАРАДЫ Read More

БАУЫРЫНА КІРДІ

Пана тұтып, қамқор көрді, жақындай түсті. ~ Оның үстіне, Ғайша күннен-күн өткен сайын, әншейін жолдастық жүрістен гөрі істі ұлғайтып, Қасымның баурына кіріп бара жатқан сияқтанды. М.Әу. ~ Шіркін, мына Нәзипа тоқалдың өзі де оңды екен-ау, ә!? Әдемі ақ байталдай ойнақшыған әйелдің бір тазасы ғой. Екі беті албырап, екі көзі жаудырап, күлкісі сылдырап, кигені саудырап, қарашы, мұғалімнің бауырына кіріп кеткендей боп отырғанын. І.Жан. ~ Еспер үндемейді. Күніш шекпенін шешіп, тонның ішінен екеуіне бірдей кигізе жабады да, үстінен тонды тастайды. Біршама тыныстағандай болады. Әрі-беріден соң тағы тыпыршып, сонан соң Еспердің бауырына кіре түседі… Б.Қыд.

БАУЫРЫНА КІРДІ Read More

БАУЫРЫНА БАСТЫ (САЛДЫ)

а) Асырап алды. ~ Қыздан туған қыдырма атанып, күй шалып жүзік соғып, көксауыр жона тігіп, өнерін асырған Сұрапалды перзенттен күдерін үзгесін қайын жұртынан ұл алып бауырына басады. Ә.Кек. ~ Немересінің атын да өзі: «Енді түгелдендік қой» – деп, Түгел қойыпты. Ақтығының алдын бірден етегіне орап алып, өз бауырына басыпты. Ү.Жлк. ~ Бір ұлы өз кіндігінен, екіншісі Әбдікерімнің Қамбарының баласы, Қамбарды Новосібірдің түрмесінде совет өкіметі атып тастаған соң жетімсіретпеймін деп бауырына салып алған көрінеді. Қ.Ысқ.
ә) Құшағына алды, аймалады. ~ Қашанда ақжарқын, өзіңді немесе ата-анаңды бауырына басқан, балалықтың куәсі, жолға шыққан перзентін сағына күтетін ауылды білесің бе сен? Ә.Ысқ. ~ …қандай екенін айырып білерлік шама жоқ. Шырылдап жылап жатқан Бақытты бесіктен шешіп алып, бауырына басты. М.Мақ.

БАУЫРЫНА БАСТЫ (САЛДЫ) Read More