БАТҚАН КҮНМЕН БІРГЕ БАТТЫ

Өмірі батқан күнмен бірге қиылды. . ~ Астындағы болдырған Көкжорға да тұрып қалады. Бекежан болса, оның сыртынан жасырын келіп атады. Егер Бекежан бетпе-бет келсе, Төлеген бой бермес еді дейді жыр. Сонымен, Төлеген батқан күнмен бірге қапыда өледі… С.Қасқ. ~ Сен барып бәрін түгелдеп, қалдырмай айт! Егерде мені шынымен Боранбай баласына сатса, міне, бір тәңірге аян болсын, мына батқан күнмен бірге батайын, тәңір алдында қолым жағаларында болады! С.Сей. ~ Ол жадыраған сайын Сәлімнің жаны қысылып, бар үміті сонау қарағайлы қырқадан асып кеткен күнмен бірге батып бара жатқандай түнере түсті. Ә.Әб.

БАТҚАН КҮНМЕН БІРГЕ БАТТЫ Read More

БАТА БҰЗДЫ

Берген уәде-сертінен бас тартты; атастырылған адамымен некеден бас тартты; құдалықтан айныды. ~ Көтібар (естіп қап қайта қаптап). Не дейді, мына мұндар бата бұзды! Жібермен, олда оңбайын, бұл қос қызды. М.Әу. ~ Екі–үш күннен соң Үбиан Аюбайға бармаймын деп қиғылық салып еді, бұл жолы әкем айбаттанып кетті: — Екінші рет бата бұзып, есектің миын жеді деймісің мені. Елге қайта–қайта қарабет болар жайым жоқ. Бұл кезде Аюбай да ауылына барып біраз талқыдан өткен соң ашылып, сөз қадіріне жеткендей болса керек. Б.Мом. ~ Жаманды– жақсылы құда десiп, құйрық– бауыр жескен, қалыңын да жартылай алысқан адамым бар едi. Екi жастың бiрiне келгенде қалай ғана бата бұзайын!» дейдi. К.Сег.

БАТА БҰЗДЫ Read More

БАТ-БҰТТАДЫ

Быдықтап, түсініксіз бірдеңелерді айту туралы. ~ Қарттың белгілі «екі айыр тілі» жанды жерден дәл қадалады. Аурудың жазығы не, сондықтан оның сөз шығындағысы келмейді. Ал анау жиырыла, уыттана түседі, кемпірді әншейіндегісіндей бат-бұттата алмағандығына күйеді. Ж.Нәж.

БАТ-БҰТТАДЫ Read More

БАСЫТҚЫ АЙТТЫ

Сабырға шақырды, уатты. ~ Серікбай келіп, Әділдің кеткенін айтқан соң, айдаладағы бұлақтың басында бес- алты адам шулап, жылап, кейде біріне- бірі басытқы айтып жатқанын ойлаңыз. Шәк.

БАСЫТҚЫ АЙТТЫ Read More

БАСЫРҚЫП ТАСТАДЫ

Еңсесін басып тастады, шаршатты. ~ Бекболат сыртқы есікті ашып тысқа шықты. Аурухананың төрт қабырғасы, табыт төсегі, сасық дәрісі басырқып тастаған екен, күні жарқыраған, әуесі саңғыраған, көгерген көк аспанды көргенде, бойы да кеңіп, жадырап, реңі шырайланып, ажарланып, ойы да көтеріліп, шарықтап елге қарай бет қойды… еліне тезірек қайтқысы келді. Ж.Айм.

БАСЫРҚЫП ТАСТАДЫ Read More

БАСЫП ӨТТІ

Әлдебір аумақтың үстімен жүріп өтті, кесіп өтті. ~ Жүретұғын жолыңда Құлан өтпес шөлі бар, Оны да басып өтесің, Қыран өтпес қия бар, Оны да басып өтесің. «Ер Төстік». ~ Қуғын көрген қашқындар, әккі ұрылар ең әуелі басып өткен құдықтарын былғап кетуші еді. Б.Тоғ.

БАСЫП ӨТТІ Read More

БАСЫП ОЗДЫ

Қуып жетіп, алдына шықты, артта қалдырды; басқалардан асып кетті, мерейі үстем болды. ~ Сүгір осы тартыстан, осы шертістен жаңылмаса, «Телқоңыр» бұрынғы күйлердің бәрін басып озатындай. Т.Әл. ~ Қарақшыға жүз құлаштай қалғанда, Ұлықбек аттары ұмтылып кеп кетті. Шалды басып озып əкесінің атымен қатарласа түсті. Э.Хэм. ~ … бар жоғын үстіне жапсырып тойға бара жатқан мұжықтар мен қатындарды арбакеш басып озды. И.Бун. ~ Келдібай таласқа қызынып алған сияқты: — Қуып жетіп, басып озды деген осындай болады! Демесіні факелінен айрылған соң аңсады ғой, бұл кісі, — деді. Ғ.Сл.

БАСЫП ОЗДЫ Read More

БАСЫП КІРДІ

Біреудің жеріне сұраусыз енді. ~ Дарап патшаны қуып, соғдылықтардың жеріне басып кірген кезеңде Ескендір Зұлқарнайынның мүйіз тіреген бір мүйісі осы қол болса керек- ті. С.Шайм. ~ Республика алаңындағы қанды оқиға жамалып- жасқалып, жаңа тон киіп жетіпті ауылға. «Студенттер құрал алып, үкімет үйіне басып кірген». Т.Рыск.

БАСЫП КІРДІ Read More

БАСЫП АЛДЫ

Жаулап алды, тартып алды, иемденіп кетті. ~ Оның Грекияны (Көне Юнан) жаулағандағы түп мұраты — қондыгер-қаңлы, басына күн туғанда аунай салатын Еуропаның құт қонған жасыл жазира жайлауларын басып алу. Т.Әс. ~ Бұдан кейін бөгелместен көршілес тағы екі селоны босаттық. — Немене, Сіздер селоны басып алғанда немістерұйықтап жатыр ма еді? А.Жақс. ~ Бегедай сұлтан Алтайдың бір жақ шетін билеп жатқан көршісі Әрін сұлтанға кісі шаптырады: «Қалмақтың қалың қолы басып алмақшы. Шаңырағыңды шағып, күліңді шашамын деп қаһарын төгіп келеді. Ж.Сәм.

БАСЫП АЛДЫ Read More

БАСЫҢДАҒЫ БӨРКІҢДЕЙ БІЛ

Әлдебір сөздің ақиқаттығына күмән келтірме д.м. ~ Дұрыс болса не тұрыс бар, онда Өтеулі, біз кеттік. Біз айтқаннан кейін Құлышовтар қайда барушы еді, екеуін де кіргіземіз артельге. Темір мұны басыңдағы бөркіңдей біл,— деді. Х.Ес.

БАСЫҢДАҒЫ БӨРКІҢДЕЙ БІЛ Read More