БАСТАН (басынан) КЕШТІ (КЕШІРДІ)

Басынан өткерді, көрді. ~ Алғаш рет дәл қазіргісіндей бір азапты бастан кешті; іштей өзін аяусыз талап жеген … Н.Дәу. ~ Бадырақ бастан кешірген өмірін баян қылды. І.Жан. ~ Көңілі талай күнгі кірбеңінен жадырағандай. Барлық тіршіліктің жетімсіреткен жүдеу күйін шаққандай, бойы жазылып, бастан кешіріп жүрген халін айта бастады. М.Әу,

.Өмірде басынан өткерген оқиға, жәйт, сезім, заман т.т. туралы. ~ Ойлап отырса, содан бері ол талай-талай қуанышты да, қайғыны да басынан кешірді. С.Ом. ~ Бір сәтте нешетүрлі күйді бастан кешірдім, тіпті миым ойлауды ұмытып қалғандай болды. Ж.Шам. ~ Қолындағы микрофонды қыса ұстап, әуезді саздың иіріміне шым-шым батып бара жатқандай бір ғаламат сезімді бастан кешірді. А.Үс. ~ … кешегі алдынан жан баласы өтпейтін Сталин дүрбелеңін, берідегі жуан жұдырығымен ауаны түйгіштеп «кускинь мать!» — деп кіжініп сөйлеген Хрущев, жазылған парақты қолынан сұсытып әзер оқыған Брежнев, сосынғы тәуелсіз ел боп ес жию кезеңін бастан кешірді. Д.Дос.

БАСТАН (басынан) КЕШТІ (КЕШІРДІ) Read More

БАСТАН КЕШКЕН (кешпеген)

Өмірде өз басынан өткен (өтпеген) оқиға туралы. ~ Шынында солай ма? Бастан кешкен өмірден бір мысал. 3-4 жастар шамасындағы бұтымызды енді-енді жаба бастаған сәбиміз. Жаз кезі. С.Елу. ~ Мен өзімнің соңғы күндері бастан кешкен хәлімді көз алдыма осылай әкелемін. Дауыл сапырып өтті, жан қалды. Енді ес жиып, ойлауыма, өзіме өзім есеп беріп, толғануыма болады! Б.Соқ. Көріп-білмеген, өз басынан өтпеген. ~ Жадау жаның жұмақ самалы желпігендей жадырайды. Бұл сезім, бұл күй бұрын-соңды сен бастан кешпеген шапағат. Алланың шапағаты. С.Елу. ~ Сүйтіп, алты күнді артқа салған жұрт аң-таң. Бұл Арал Арал болғалы, бұл өңірдің ер-азаматтары қолына бір таяу, қос ескек ұстап, қара қайықты суға салып, талап қылған арғы-бергі заманда өмірі бастан кешпеген сұмдық оқиға боп еді, жұрт теңселіп кетті: – Тәңірге не жаздық? Ә.Нұрп. ~ Бастан кешпеген белгісіз қатерді күту ауыр екен. Тұла бойдағы күшті сарқып, жігерді кеміре түседі. Т.Ахт.

БАСТАН КЕШКЕН (кешпеген) Read More

БАСТАН ЕРІК, МАЛДАН САДАҚА КЕТТІ

Барынан айрылды д.м. ~ Қанша заманнан бері қорлық-зорлықтың астында бастан ерік, малдан садақа кетіп, торғайдай тозуға айналғанда құдай мұндай қуанышты күндерге жеткізіп, Алаш партиясы біріккенде қуанысып, өкілдер бірін-бірі құттықтасты. С.Сей.

БАСТАН ЕРІК, МАЛДАН САДАҚА КЕТТІ Read More

БАСТАН ЕРІК КЕТТІ

Ырқынан айрылды, біреуге тәуелді болды. ~ Қанша заманнан бері қорлық-зорлықтың астында бастан ерік, малдан садақа кетіп, торғайдай тозуға айналғанда құдай мұндай қуанышты күндерге жеткізіп, Алаш партиясы біріккенде қуанысып, өкілдер бірін-бірі құттықтасты. С.Сей.

БАСТАН ЕРІК КЕТТІ Read More

БАСТАН АЯҚ

Түгел, түк қалдырмай, бәрін. ~ Мен енді бұдан әрі шыдай алмайым. Кетем ол үйден, — деді. — Саған айтпай жүр ем, — деп, өзінің шеккен азабын бастан аяқ жыр қылды. Н.Сер. ~ Жібек оның біріне де қарсы дау айтпайды. Қарсы қояр дәлелі де болмаса керек. Тек көгеріп-сазырып, бастан аяқ байбалам сала ғайбаттай берген. С.Им.

БАСТАН АЯҚ Read More

БАСТАН АСАДЫ

Өте көп, жетерлік, толып ~ Төрт тарабы бірдей бітеу дуал. Бау іші – кең дүние. Азық- түлік – бастан асады. Илеу – үлкен. М.Мағ. ~ Балаларға бас- көз бол. Мені іздеме. Жұмыс бастан асады. Ай¬дың соңы, атшот. Естіп тұрмы¬сың?! Дауыс екпінін күшейтті. Қ.Жиен.

БАСТАН АСАДЫ Read More

БАСПА-БАС (АЙЫРБАС, САУДА)

Бірге бір, алғаны мен бергені тең д.м.. ~ Жаңағы тазы ит иесінің сол қызға көзі түсіп сұрағанда, Педот баспа-бас айырбасқа салады. М.Әу. ~ Шалдың мөлиген көзi мен сыбырлаған сөзiне етi үйренiп кеткенмен, ар-ожданы былай баспа-бас саудаға түскенде, қорланып жаны ышқынған Сәбира: Т.Сәу. ~ Сонда Ақсарыбай сөйлейді: – Қосай да жас, қыз да жас, Мал алмаймын баспа-бас. Айғырды мін де, аулақ қаш, Тынышымды алдың, Қодар нас. «Ер Қосай». ~ Шыныңмен кеткенің бе, Құлагерім! Қасымда қасынысып тұрар едің. Баспа-бас қызға бермес жануарым! Басылар өлгенімше қайтып шерің?! І.Жанс.

БАСПА-БАС (АЙЫРБАС, САУДА) Read More

БАСҚАСЫН БЫЛАЙ ҚОЙҒАНДА

Өзгесін айтпағанда. ~ Сейілбек қошеметшіл жігіттің биязы мінезіне жан- тәнімен ризалығын білдіре: ─ Басқасын былай қойғанда, мына шалқыған көлін айтсайшы! Бұл да болса даланың ерекше бір көркі емес пе, шіркін!.. — деді. С.Ом. ~ Басқасын былай қойғанда, кейінгі жылдары Қызылорда мен Ақтөбе облысы үкіметке қанша астық берді десеңші! Ә.Нұрп. ~ Солай бола тұрғанымен, дәрігер, пікірімнің дұрыстығын мойындауыңызға тура келеді, өйтпеген жағдайда адам айтса нанғысыз алуан-алуан фактіні алдыңызға шаш етектен келтіріп жайып салам да, сізді өзіммен келісуге мәжбүр етем. Басқасын былай қойғанда, жаңа ғана өзіме мистер Джабез Уилсон айтып берген оқиғаны алайық. Шыным сол, мұндай таңғаларлық хикаяны өмірі естіп көрмеппін. А.К.Дойл.

БАСҚАСЫН БЫЛАЙ ҚОЙҒАНДА Read More

БАСҚАРУ ТІЗГІНІ

Билік ету мүмкіндігі. ~ Ақылды Айғаным босағасын аттағаннан бастап-ақ Уәлі билеп кетеді. – Содан бастап, – дейді білетіндер, – елдің басқару тізгіні Уәліде емес, Айғанымда болды. С.Мұқ.

БАСҚАРУ ТІЗГІНІ Read More