БАС ҚУСЫРДЫ

Үйленді, отбасын құрды. ~ Онан кейін әкем аяғымды шырмады. «Бас қусыру» үлкен мақсат болды. Бір үйдің шаруа жүзіндегі сүйенген азаматы болдым. Егін, пішен, арық-тоған, жаз жұртпен бірге тіршілік ету, аз малды қыстан аман алып шығу мойнымда болды. І.Жанс.

БАС ҚУСЫРДЫ Read More

БАС ҚОСЫС (ҚОСУ)

Жиылыс; мәжіліс; той-томалақ. ~ Бесжылдықтың айқындаушы жылының жомарт жазында Қаратау мен Сарыарқаның арасында ұланасыр бас қосыс болды. Т.Әл. ~ Қазақтың екі арысы сол жауда қалған ескі ұяның қақ ортасында Қаратауды айналып барып кіріп отыр. Сондықтан да Ордабасындағы бұл бас қосу, шынында, жиын емес жорық-тұғын. Ә.Кек. ~ Сөйтіп жүргенде Шеге неге екені белгісіз, малға шықты. Ждақайдың көңілі бірақ, сонда да тыншымады. Той-томалақтарда, бас қосуларда бастық басымен бұл өзінің қол астында істейтін шопан Шегеден мысы басылды. С.Ел.

БАС ҚОСЫС (ҚОСУ) Read More

БАС ҚОСТЫ

а) Үйленді, тұрмыс құрды. ~ Он алты жыл бұрын осындағы бір неміс әйелімен бас қостым. М.Қаб. ~ Көп ұзамай Досмағанбет Құсайын ұстаның аздап дімкәсі бар сары қызымен бас қосты. Н.Дәу.
ә) Жиналды, отырыс жасады, кездесті. ~ Шым шилі, сырлы керегелі, оюлы ақ үйде бас қосқан «қасқа мен жайсаңдар» босағада тұрған қыз балаға осылай көрінді. Ғ.Мұст.
~ Ырыстының туған күніне қырда трактор айдап, мал бағып жүрген жігіттер мен қалада үйлерінен ұзап шыға алмай қалған қыздар, тіпті күйеуге тиіп кеткендері де серіктерін ертіп бас қосты. С.Досж.

БАС ҚОСТЫ Read More

БАС ҚОЙДЫ

Әлдебір іске құлшына кірісіп кетті. ~ Жасырын келген күйеу түгілі, етке бас қойғанда, Әлдекей ағайлардың да аузына құм құйылып қалады. Ж.Айм. ~ Шөлдеп, қаталап келіп, көлдің шетіне бас қойды. Сіміріп жатыр, сіміріп жатыр. Е.Зей. ~ Сөмкесінен кітап алып оқуға кірісті. Екі əйел де өздерімен өздері əңгімеге бас қойды. С.Досж. ~ Келе салқын кәусарға бас қойды. Д.Дос.

  1. Көңілін аударды, ынтызар болды. ~ Осы кезде Омарбектің жүзі албырап барып, бір қуарып, бір қызарды. Ол шынымен Шалтабай өзіме бас қойып, құлдық ұрады деп ойлап, қуаныштан жанын қоярға жер таппады. Б.Қыд.
БАС ҚОЙДЫ Read More

БАС ҚАТЫРЫП ҚАЙТЕДІ (ҚАЙТЕСІҢ, ҚАЙТЕМ …)

Не ойланатыны бар, несіне миын ашытады, онсыз да бәрі түсінікті ғой д.м. ~ Бөкен орнына қайта отырды. Отырғанмен сұрақтарды пысықтауға зауқы соқпады. Бәрін біліп тұрса бас қатырып қайтеді, қазір кезегі келгенде сарнап қоя бермей ме? Д.Әш. ~ Демежанның ойлап жүргені — бұл елдің қамы емес, өз мүддесі. Өзі кірме болған соң, Төртуыл үшін бас қатырып қайтеді?.. Қ.Жұм. ~ Қазы болса, басқаға бас қатырып қайтемiз? – Сары қыз бұл не қылжақ дегендей айналасына қызараңдай қарады. Т.Сәу. ~ Мен сән-салтанат, сұлулық, әсемдік, құмарлық, талғам жолында күнәға батуға болатынын түсінем, ал мынада не қызық бар? Мұндай күнәнің кімге қажеті бар? Әйткенмен… бас қатырып қайтем!» А.Чех.

БАС ҚАТЫРЫП ҚАЙТЕДІ (ҚАЙТЕСІҢ, ҚАЙТЕМ …) Read More

БАС ҚАТЫРМАДЫ (ҚАТЫРЫП ЖАТПАДЫ)

Басын ауыртып, көп ойланған жоқ. ~ Жас жігіт албырттықпен жөргектегі екі- үш айлық сәбидің айдаладағы үйге қалай келгенін ойлап, бас қатырмады. Ү.Жлк. ~ Ол ертеңін ойлап, әсте де бас қатырмайтын. О.Бөк. ~ Өкімет басына келген маньчжур ақсүйектері халықтың қамын, мемлекеттің болашағын ойлап бас қатырып жатпады. Қ.Жұм. ~ Мұның ақыры неге соғарын ойлап, бас қатырып жатпады. Қ.Жұм.

БАС ҚАТЫРМАДЫ (ҚАТЫРЫП ЖАТПАДЫ) Read More

БАС ҚАТЫРАРЛЫҚ ІС ЕМЕС

Пәлендей шешуі қиын мәселе емес. ~ Алдияр сонда: – Бұл іс бас қатырарлық іс емес қой, – деп, бір бос бөтелкені алғызыпты да, бөтелкені өзі ұстап тұрып, екі балаға айтыпты: – Балалар сендердің қайсыларың мына кісіден туған болсаңдар, соның осы мен ұстап тұрған бөтелкеге кіріп кетесіңдер, – депті. БС «Бала патша Алдияр».

БАС ҚАТЫРАРЛЫҚ ІС ЕМЕС Read More

БАС ҚАМЫН ОЙЛАДЫ

Қара басының пайдасын күйттеді. ~ Ұлты үшін құрмет қылмай, бас қамын ойлап жүрген азаматтардың елі артта қалып отыр. Ж.Айм. ~ Күні-түні ойлағанша бас қамын, Қарайлай жүр қас-қабағын басқаның. И.Сап.

БАС ҚАМЫН ОЙЛАДЫ Read More

БАС ҚАМЫ

Қара басының мүддесі. ~ Ұлты үшін құрмет қылмай, бас қамын ойлап жүрген азаматтардың елі артта қалып отыр. Ж.Айм. ~ Өз басымның қамымен кетсем, менң» оқығанымнан елге не пайда? Бас қамымен елде талай жауыздар жүр. Олардан менің айырмам не болуы керек? Ж.Айм. ~ Иә, үнсіз, тілсіз айуаннан айырмамыз шамалы. Әркімнің ойлағаны — бас қамы, тыныштығы». С.См. ~ Бас қамын жалғыз жасаған, Жапалақ жатыр жауында. Т.Әл.

БАС ҚАМЫ Read More

БАС ҚАЙҒЫСЫ

Басына түскен ауыртпалық, қайғы-шер. ~ Өзі білген өмір, айналасын қоршаған болмыс, бас қайғысы бар тараптан жиылып, иықтан басқандай болса да, мынау сәулелі қуаныш хабары Абайға таяныш тіректей. М.Әу. ~ Әр тоғай бауырын паналап, мал қайғысынан бас қайғысына түскен керейліктер, түн ортасында малмандай су боп, келіскен бір қосқа жиналған. С.Жүн.

БАС ҚАЙҒЫСЫ Read More