БАР БОЛАРСЫЗ

«Есенсіз бе?» деген мағынадағы, ибамен амандасу. ~ Алдыңғы тана көз жапалақ сары қыз «Ойбай, көтек!» – деп дауыстап жіберіп, суды екі аяғымен сабалай арғы бетке қарай жүзе жөнелді де, соңғы қара торысы мойнын бұрып кейін қарап, жағада тұрған Кенесарыны көріп тоқтап қалған. Түрегеліп жүзіп, тек судан басын шығарып: – Бар боларсыз, мырза, – деп сәлем берген. Сөйткенше жағаға Кенесарының жолдастары да келген. І.Ес.

БАР БОЛАРСЫЗ Read More

БАР БЕЙІЛІН БЕРДІ

Бүкіл ынтасымен, құлақ түре тыңдап, әр сөзін аулады. ~ Сондай шеше әңгімелеріне бар бейілін беріп жүрген күндердің бірінде бұл үйге екі бөгде қонақ келіп қонды. М.Әу. ~ Өзінің аузына қарап отырған дос тобына Дәрмен бар бейілін беріп, мейірін сарқа сыр толқытты. Кейде көңілдендіріп, күлдіріп алған достарына енді келіп аса бір ауыр наласын шағады. М.Әу.

БАР БЕЙІЛІН БЕРДІ Read More

БАР БЕЙІЛІМЕН ТЫҢДАДЫ

Құлағын түріп, зейін сала тыңдады. ~ Абай әңгіме айтуға бір түрлі шешен, шебер боп барады, Ғабитхан, тіпті өзі оқып шыққан кітаптарды Абай хиқая қып айтқанда, бар бейілімен, жақсы ілтипатпен тыңдайтын. М.Әу

БАР БЕЙІЛІМЕН ТЫҢДАДЫ Read More

БАР АШУы БЕТІНЕ ТЕПТІ

Бетіне дейін қызарып, түтігіп кетті. ~ Штурвалға жармасып… өзі бір ит екен? — Сөйдеді де, ұшқыш қабағы бұрынғыдан да қатты түйіліп, түнеріп кетті, бар ашуы бетіне теуіп, көзі қызарып, кабинадан қайта қарғып түсті, түсті де, анадайда әлі ыржиып тұрған Сұлтанның қасына жетіп барып: — Больше не будешь проситься! — деп арт жағынан бір тепті. Ә.Тар.

БАР АШУы БЕТІНЕ ТЕПТІ Read More

БАЛШЫҚҚА ОТЫРҒЫЗДЫ

Алдап соқты, қиын жағдайға ұрындырды. ~ Үшеуіміздің үстімізге Үнияны аламын деп бүкіл елді аяғынан тік тұрғыздыңыз. Денесіне таңба саламын деп өзіңіздің адамгершілік қасиетіңізге нұқсан келтірдіңіз. Енді сол Үнияңыз қайда? Сізді белуарыңыздан балшыққа отырғызды да, өзі төркініне кетті де қалды. Ә.Шәр.

БАЛШЫҚҚА ОТЫРҒЫЗДЫ Read More

БАЛТАНЫҢ САБЫНДАЙ (ҚЫСҚА)

Әлдебір құбылыстың (өмірдің, күннің т.с.с.) тез өтетін қысқалығын сипаттайтын тұрақты теңеу. ~ Балтаның сабындай қысқа ғұмырда, тез сөнетін жарық жалғанда сыйластық, бауырмалдық қана жүрекке шуақ, өмірге сән береді. Ж.Шәк. ~ Балтаның сабындай қыстың қысқа күні болатын. Ертемен анам елге аттанды. Ауыл салт аттыға күндік жер. Түстен кейін оқимын. Сабаққа кеткем. Келсем, мектеп ауласының іші ығы-жығы, тағы да әскер жүргелі жатыр, тағы да күңіреніс, бала жүректі бауырдай езген зіл-батпан ауырлық. К.Қаз.

БАЛТАНЫҢ САБЫНДАЙ (ҚЫСҚА) Read More

БАЛТА ШАПТЫ

Түгін қалдырмай құртты, біржола жойды. ~ … енді ше… жас шыбықтай бүр жарып келе жатқан сүйіспендігіне балта шапқан қатыгез қолмен парапар емес пе. Д.Досж. ~ Қазақ халқының ұлттық рухының тамырына балта шабу үшін коммунистер ең алдымен осы қозғалыстың бастау көзінде тұрған Алаш көсемдерін, олардың ізбасар шәкірттерін бір қырып тастады… Р.Нұр.

БАЛТА ШАПТЫ Read More

БАЛТА САБЫНАН ОЗБАЙДЫ (АСПАЙДЫ)

Адам қанша жақсы болса да, өзін қанша артық санаса да, туған тегінен, тәрбие алған ортасынан алыстап, озып кетпейді д.м. ~ Әбділдә. Көтермейсің. Бәрекелді, балта сабынан озбайды. Жат мінезді олар бастаған соң, сен неге тұрасың? М.Әу. ~ «Шабаннан – желмес, сараңнан – бермес туады» деген, әкең екі итке ас бөліп бере алмайтын ынжық еді, балта сабынан озар деймісің, тәңірім. О.Бөк. ~ Емберген, сен бізді басынба! Біз де қатыннан туғанбыз. «Балта сабынан аспайды» деген. «Еруліге қарулы» деген және бар. Батылдық та, базыналық та екі жаққа бірдей болсын. Т.Әл. ~ Балта сабынан озбайды, Соқыр көргенін жазбайды. М.-М.

БАЛТА САБЫНАН ОЗБАЙДЫ (АСПАЙДЫ) Read More