Posted in

ӨҢ-ТҮС ЖОҚ

Қатты қобалжып, аппақ қудай болып, абдырап тұр. * «Шынымен бір оқ атпай-ақ өткені ме?» деп, Хансұлу тізгінді қысып қарысып қалған уысын әрең жазып, төңірегіне қарады. Жұртта өң-түс жоқ. Есеңгірегендей қалыпта. С.Елу. * Тап, намаздағыдай болып өзі қолын да құлшынып алыпты. Өң-түс жоқ, әппақ қудай. Ж.Ахм. * Шалқар келді. Өң-түс жоқ, қалтырап тұр. Дүйсенбайдың хал үстінде жатқанын айтты. З.Шүк. ~ Дәуіңде өң-түс жоқ, сілтіге малып алған сүйектей боп-боз. Көзі бақырайып, ерні дір-дір етеді. Т.Сәу.

Posted in

ӨНЕРІН ТӨКТІ  

Қолынан келгенін аянбады. * Ақаңның сыбызғы тартуы жаннан бөлек-тін. Ғасыр куәсіндей біршама жасқа келсем де ондай сыбызғышыны әлі көргем жоқ. Сол жолы Ақымжан бар өнерін төкті.  Ж.Баб.

Posted in

ӨНЕР ҚУДЫ

Өмірін өнерге арнады; өнер жолына бет бұрды. ~ Жас өмір надандықта өткен босқа, Оқымай, өнер қумай жазы-қыста. Білімнен ат-тонымен қашқан қазақ Сайлауға таласуға қандай ұста. М.Жұм. ~ Сен әнші емес, саясаткер болуың керек. – Болар ем, о баста өнерді қудық өрлетем деп… Тағдырымыз керітартар болды. А.Алт. ~ Асқар арғы беттен алғаш келе қалғанда Құлжа қаласынан таңдап тапқан, шығардажаны бір досы еді ғой Таңжарық? Бірі —  ақын, біреуі — әнші, гармоншы дегендей өнер қуған тең тұстастар еді- ау! Т.Рыс. ~ Ит тірлікке қолды бір сілтеп, өнер қуып, ән-жырдың соңына түсуге – қарт әке-шеше қолбайлау. Ендігі сиқы мынау. Бай аулының басыбайлы құлы есепті – құны төлеулі етікшісі. Ү.Жәл.

Posted in

ӨНЕ (ӨН) БОЙЫН ҮРЕЙ БИЛЕДІ

Қорқыныш бүкіл бойына тарады. ~ Ақыры Кураренің өлімінен бастап, басынан кешірген оқиғалар есіне түскенде, қайтадан жүрегі қозғалып, өне бойын үрей биледі. Т.Әб. ~ Көздері ұясынан шыға алақтап орнынан қалай атып тұрғанын сезген жоқ. Өне бойын үрей биледі. Т.Әб. ~ Жылқы кісінейді. Қара дауылда дүрліге шапқан қалың жылқының шошынып шыңғыра кісінеген даусы келеді құлағыма. Алды апан ба, ор ма, өн бойын үрей билеп алған жануарлар опыр-топыр орғып, шыңғырып кісінеп барады. Ғ.Мүс. ~ Жылқы кісінейді. Қара дауылда дүрліге шапқан қалың жылқының шошынып шыңғыра кісінеген даусы келеді құлағыма. Алды апан ба, ор ма, өн бойын үрей билеп алған жануарлар опыр-топыр орғып, шыңғырып кісінеп барады. Т.Ахт.

Posted in

ӨНЕ (ӨН) БОЙЫ

Бүкіл денесі, тұла бойы. ~ Сатанның өне бойықаңтардағы жылымға түскендей сұп-суық болды. І.Жан. ~ Қарт осынау, ылғи да естіп жайлап кеп, аңдаусыз ғана өне бойын ауыр дерттей жайлап алар түпсіз ойдан серпілуге тырысқан. Ә.Әл. ~ Жайшылықтағы жайдары өңiнен тiршiлiктiң реңi қашып, шаңыта бозарды. Өне бойы қалшылдап, шыбын жанын паналатар жер таппай тiрмiзiк хал кештi. Ә.Ыб. * Ахмет естіген сайын өн бойы шымырлап, үзіліп кете жаздағандай болып, егіліп жылап отырып мынаны айтты… С.Торғ. * Мына иттің малы адамды бостан – босқа қор қылатын неме ғой. – деп ілгерінді-кейінді кетіп қара тер болып тұрған астындағы атының өн бойын бір шолып шықты. Ж.Сәм.Ылғи, әрдайым. ~ Дамыл, айла көрмейді көзі терлеп,Өзге жақпен жүре алмас, малы кернеп, Дамыл жоқта тыным жоқ көше беру, Өне бойы жағалап Ертісті өрлеп… Ә.Марғ. ~ Ал, өне бойы қарапайым солдаттардың арасында жүрген, бұрыннан да көрген өнегесі аз командирлер оның ойынша әбден тұрпайыланып кетпек. Т.Ахт.

Posted in

ӨНДІРШЕККЕ САЛДЫ

Кұшке салды. *  Сөйлегенде бас-көз демей төпелеп ұра береді, орыс тілінің не заңына, не жүйесіне қарамайды, белінен басып, қиратып өндіршекке салады.  З.Шаш.

Posted in

ӨН БОЙЫН ШЫМЫРЛАТТЫ

Бүкіл жан-дүниесіне әсер етті, тұла бойын тітіркендірді. ~ — Қайт кейін, қайт! Енді құтқара алмайсың! – далбасалаған жанашыр дауыстар онсыз да шіміркенген Еріктің өн бойын шымырлатып жіберді. Б.Ыб. ~ Сол найзағай соққысы Бағиланың өн бойын шымырлатып, қан тамырларын бір сәтке буып тастады. Д.Ис.

Posted in

ӨН БОЙЫН БАУРАДЫ

~ Аршындап адымын iлгерi басқан сайын жалынды айтылған леп өн-бойын баурап барады. Iзiнше шу еткен нөпiрдiң бiр ауыздан шыққан мақұлдау ишарасы Алматының аспанын тiтiрентiп жiбердi.  Ә.Ыб.

Posted in

ӨМІРМЕН ҚОШ АЙТЫСТЫ

Ажалы жетті, бақұлдасты. ~ Жаңа ғана өмірмен қош айтысып, өлімге басын байлаған Ержан енді сол қара түнектің ішінен үміт етті. Ә.Әб. ~ Кенет, сол заматта қыстыға ояндым. Сосын, айналасы екi күннен кейiн Найзабек аға бұл өмiрмен қош айтысты. Ә.Ыб. ~ Ал жер бетіндегі татар талқанымыз таусылып, өмірмен қош айтысқан шақта, ай біздің орындалуға жазбаған ниет-тілектерімізді өз бойына тоғыстырып, қабіріміздің үстінде қалқып жүреді. Б.Қан.

ӨМІРМЕН ҚОШТАСТЫ

Көз жұмды, қаза болды, ақтық демін алды. ~ Әуре боп опасы жоқ көңілменен, Мен кеттім, дегендей-ақ: «Түңіл менен». Сонда да үміт үзбей, қарай-қарай,Жан досым, қоштасыпсың өмірменен. М.Жұм. ~ Құдай басқа бермесін, бұл адайлардан бәрін де күтуге болады. Қараса ортада бірінің үстіне бірі текшеленіп, әлдеқашан бұл өмірмен қоштасқан өз адамдары жатыр. О.Көш. ~ Жалынғандай шыңғырып, жансауға сұраған жануардың өлерін сезіп, өмірмен қоштасар алдындағы ақтық тұяқ серпуі екенін бәрі білсе де, қолдан келер амал таба алмай дағдарған. Б.Ыб. ~ Фарихтың жүдеу өңіндегі азап таңбасы әлі өшпепті. Жас өмірмен қоштасар сәттегі соңғы қиналыстың ізі анық. Н.Ақ.

Posted in

ӨМІРІН ҚОРЛЫҚПЕН ӨТКІЗДІ

«Дөңгелегі шыр айналған заман!»- дедім. «Дүние жиған қорлықпен өмірі өтіп, Жимағандар болады аман!»дедім. «Бұ дүние көп жиылса, шаян?»- дедім. М.Ж.Көп. ~ Шойынқұлақ қолында Тұтқын болған, Күңке. Киюге киім, жеуге тамақ таппай Өмірін қорлықпен өткізген, Күңке. «Ер Төстік».