Бойын күтіп, сәнденді. ~ Тірі болсам құшармын Аққудайын таранған, Өкшесіне қаранған, Ай маңдай аппақ паңды да. Тірі жүрсем мінермін, Арқар таң күпшек санды да. Д.Бабат. ~ – Жердің түбі екен ғой! – деді өкшесіне қаранған таспа бел қара торы әйел автобустан түсіп жатып. Ә.Асқ. ~ Бұл маңайдың қауметіне ұқсамайды. Шаштарын таранып, өкшесіне қаранған қалалық тасыраң біреулер. Ә.Асқ.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ӨКШЕСІН КӨТЕРДІ
Көтерілді, бойын тіктеді, алға ұмтылды. ~ — Бұл дүние бәрімізден өтер!- дейді, Өлмей тұрып өкшеңді көтер!дейді. — Шаһарын Стамбулдың көрмеген жан: «Дүниеге келдім деуі — бекер!»- дейді. И.Шорм. ~ Міне, осы оқиғадан соң албан Жақыпберді өкшесін көтеріп, өзі бастаған қазақ көшімен бірге Қытай жеріне, Кетпен жотасы төңірегіне қарай тез жылыстаса керек. Ұ.Досп.
ӨКШЕСІН БАСТЫ
Соңынан ерген ізбасары. ~ Көзге жас көрінгенменТәжімұрат уатком ағасының өкшесін басып жүрген адам-ды. Х.Ес. ~ Ол — әкемнің өкшесін басып жүрген аталас ағайыным. Н.Сер. ~ Ықас орнынан атып кетті. – Әне, – деді өлердей қуанып. – Біздің болашағымыз қандай кемел! Ағаларының өкшесін басып, егемен еліміздің жас жеткіншектері желкілдеп өсіп келеді. Р.От.
Артынан ерді, ізімен жүрді. ~ Қақ алдындаадырналарын шірене тартып садақшылар, одан кейін сұп-суық көк алмастарын көкке көтерген қылышкерлер мен найзагерлер тұрды. Олардың өкшесін баса, кісендеулі құлдар мен олжалар артылған ұзын-шұбақ керуен жүреді. Ә.Кек. ~ Үлкенге жол беріп, көнбеген соң ақыры әнтек тартына, салам бере ішке енген жігіттің өкшесін баса әжесі де кірді маңдайшадан еңкейіп. С.Үс.
3. Жасы шамалас, жасы таяу адамдар туралы. ~ Ол әкемнің өкшесін басып жүрген аталас ағайыным. Н.Сер. * Бұлар да біреудің көзінің ағы мен қарасы ғой, осылардың өкшесін басып өсіп келе жатқан өзімнің де қызым бар емес пе, ұят-обал ғой деген ойдан адасып қалғандаймын. Т.Сәу. ~ Осы орайда апамыздың өкшесін басып келе жатқан сіңілісі — Роза апайға тілек білдіру жолын ұсыналық. З.Төл
ӨКШЕСІН (ЖЕРГЕ) ҚАДАДЫ
Жүрісін тоқтатты, аттан түсті. * Сол төрт атты шаттан шығып, ылдиға түсе өкшелерін қадады.Ж.Айм. ~ Зәресі қашқан наварлық оңтайлы шақты таңдады, Жерге қадап өкшесін, құйындайын аунады. Жын ойнақтан ғайып боп жасырынды, жалдады. М.Мақ.
ӨКШЕСІ ҚИСЫҚ
Істеген ісінде немесе тұла бойында, мінез-құлқында әлдебір кемшілік бар д.м. * Біздің елде бастықты сынайтын қауқар қайдан болсын. Басшының, редактордың, көсемдердің өкшесі қисық деген кісімен шәт-шәлекейі шыға ұрсысып, жаудай жағаласып балам жүр ғой. Д.Дос. * «Басқан аяғын аңдып, жұмысқа кешігіп келгенін, ертерек сұранып кеткенін… өкшесі қисық болса… аурудан әлденені дәметсе… тіпті әжетхана қағазын жөнсіз пайдаланса… қойшы әйтеуір, қалың дәптер ашып, жаза бер, жаза бер. Д.Дос. * … әкім-бастықтың бір ауыз сөзін жерге тастауға еш құдіреті жетпейді: жақсылық жасаған кісіні жүрегіңнің төрінде ұста, бір қайырға — мың мінажат, әкімнің өкшесі қисық деген кісі оңбайды, деген уағыздар өз аузынан шыққан. Д.Досж.
ӨКШЕСІ ҚАНАМАДЫ
Құрсақ көтермеді, нәрестелі болмады, бала таппады. ~ Жас та болса кеудесіне жабысып, солып қалған емшектен не сүт шықсын, содан болар, баласы зар жылауық. Өкшесі қанап көрмеген Елизавета Сергеевна қоңыз жұтып қойғандай тыжырынды. Т.Ах. ~ Көжектің кемеліне келген өмірін ойсыратып тұрған бір арман бар еді. Он бес жыл отасқанда әйелінің өкшесі қанап көрмеді. Т.Ах.
ӨКШЕСІ ЖЕРГЕ ТИМЕДІ
Жанын салып жүгірді, зыр қақты. ~ Әбдіжапардың қызыл қарындашы да, көк қарындашы да Есенқұл сияқты: бастығының даусы зілсіз шықса — керең де, ащырақ естілсе — өкшесі жерге тимей зыр қағып тұр. Қ.Ысқ. ~ Қуанып кеткен Түгел жалма-жан әйелдің арқасындағы қапшыққа жармасты. Қапқа жүн салған сияқты. Жеп-жеңіл. Қуаныштан Түгелдің өкшесі жерге тимей, зыр қақты. Ү.Жәл. ~ — Есің дұрыс па?! Мына жақта жұрт қызылшеке болып жатса!.. Дереу квартбюроға жүгір! Өкшең жерге тимесін!.. Қ.Ысқ.
ӨКШЕСІ БАСҚАЛАРДАН БИІК
Өзгеден артық. ~ Ал өзінде жан қалған жоқ байқұстың. Әдетте айтпағанмен, әр әйел өз күйеуінің өкшесінің басқалардан биік болғанын қалайды екен ғой! Ес қалмады шіркінде! С.Нұғ.
ӨКШЕҢДІ КӨТЕР
Түрегел, орныңнан тұр. ~ — Қан жеген қара ауыздар енді бізге «ақ ауыз» деген атақты таға алмайсыңдар. Көтер өкшеңді. Ана, құдайларыңа айт. Забойдың бәрі тіреусіз құлағалы тұр, тез ағаш берсін, бар, жөнел! Ә.Әб. ~ Биылғы оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылмастан бұрын дәл осы орында Сапар дейтін бала отыр еді, Дырдан: — Әй, бала, жалпимай, жоғалт көзіңді бұл жерден, — деп қоңқ етті. — Неге? — деді Сапар жұлып алғандай. — Неге-негеде шаруаң болмасын. Бұл орын мына ағаңдікі, көтер өкшеңді. О.Әуб.
ӨКШЕЛЕП ҚУДЫ
Соңынан қалмай қуды. * Бұл жолы қанша айбарақ жасағанмен, көпке топырақ шаша алмады. Артынан он-он бес жігіт өкшелеп қуып келеді. О.Сәрс. ~ Күнәһарды иықтан лақтырып ол кенеттен, Самғады төмен жартастан әлдеқалай себеппен; Жылдамырақ өкшелеп ұрыны қуған төбеттен. М.Мақ. ~ Үйге жеткенше әлдекім арт жағынан өкшелеп қуып келе жатқандай болып, сәл аялдаса жон-арқасына келіп жармаса кетердей сезіліп, жауырын ортасы терши шымырлап, буындарынан жан қаша, дәрмені құрып, таусылып бітті. С.Үс. ~ Оспандар Қыстаубай ішінде Сары Сүлеймен ауылын шауып кетті. Оспандарды ала жаздай жау өкшелеп қуып жүрді. Ел ішінен бізден тіл алып тұрды. Ж.Шәк.
