НОҚТА КӨРМЕГЕН Қолға үйренбеген, асау. ~ Қазақ елінің түкпір-түкпірінен жиналған шабандоздар кілең асауларды үйретті. Ноқта көрмей, бұлқынған асаулардың мойнына бұғалық салудан басталатын бұл додада ержүректер мен шеберлер ғана жарыстың көшін жалғастырды. Б. См.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
НОҚТА КИДІ
Тәуелді болды, еркінен айырылды. ~ Құрық емес, қоршау емес, мен сенің Ноқта киген сықпытыңнан қорқып ем. С.Елу. ~ Көрші мемлекеттер арасына шекара жүргізіліп, ел екіге айрылғаннан бері асау бастарына ноқта киіп, ендігі күндері тек Еженханға қарап қалған қазақтар, амал жоқ, алдағы тіршіліктің қамын ойластыра бастаған! Қ.Жұм. ~ Болысса иiлместi Тәңiр иер, Таланса тар ноқтаны тағы киер. Көсеудiң екi басы бiрдей ыстық, Қай ұшын ұстаса да қолы күйер. Н.Айт. ~ Ол уақтарда Серiк есiрткiбедекшiлiкпен айналысып, пайдаға белшеден мелдектеудi көздегенiмен, нашақорлықтың ноқтасын киемiн деп ойлады ма?.. Ә.Ыб. ~ Сонда сол қармақтан бұлар құтыла ма, жоқ әлде тұтылып, қайтадан тұтқын ноқтасын кие ме? С.Дос.
НОҚТА АҒАСЫ
Басшы, ел ағасы. ~ Ат басына ауыздықсыз кигізілетін тұрман — ноқта. Оған «шылбыр» бау ғана (ноқта болмаса, жүгенге де) тағылады да, тоқтағанда атты сонымен байлайды. Қазақта «ноқта ағасы» — үлкен, басшы мағынасында қолданылады. Олай дейтіні, көне заманда әке балаларына енші бергенде көш алдына жүретін ноқталы түйені үлкен ұл жетектеген. Содан «ноқта ағасы» атанған. С.Мұқ. ~ Осы жолғы еркек тоқты – құрбандық мен болайын. Оның үстіне Арғынның ноқта ағасы деген атым бар, – деп ырыққа көнбей тұр. Қ.Жұм.
- Жүз ішіндегі жолы үлкен ру. ~ Арғынның кіші рулары өзара бас қосқанда «Ноқта ағасы» деп жолды Тарақтыға береді… Ұлы жүздің «Ноқта ағасы» — Жалайыр. С.Мұқ~ Сондай-ақ Орта жүз қазақтары тарақтыны ноқта ағамыз, десе, Ұлы жүз қазақтары жалайырды «ноқта ағасы» деп дұрыс таныған. Т. Қалил. ~ Онда да тұнып тұрған ескі тарихтың таңбалары тасқа қашалып қалғандай. Ұлы жүздің ноқта ағасы жалайырдың Ескелді, Балпық, Қабан жырау атты үш әулиесі бар емес пе? Ұ.Досп.
НОҚ ЖАСАДЫ (ДЕДІ)
Қабақ түйді, ұнатпай қарады. * Бұл кісінің сөзіне қарағанда, редактор оған ылғи да ең өзекті, проблемалы мақаланы қорытуды тапсырады. Оған қоса: «Сенімнен қалыпсың, қарағым, артыңды қысып, жайыңа отыр» дегенді ымдап ноқ жасады. М.Қаб. * Мұны саған неге тәптіштеп отырмын, балам? Сүкеңнің сыры маған мәлім. Баяғы мілиса кезіндей екі сөздің біріне келмей ноқ деуі ықтимал. М.Қаб.
НОҒАЙ ҚҰМАН
Жез құман. * Қазандық жанында тұрған шілтерді жез шылапшынға шошақ, ноғай құманмен қолына су құйып, жуды да, екі баласын жетектеп үлкен жаққа өтті. Ж.Нәж. ~ Көп кешікпей жез шылашпын, қаз мойын ноғай құман ұстап сары келіншек кеп кірді. М.Сүн.
НОБАЙЫН КЕЛТІРДІ
Жөн-жобасын ұқсатты. ~ Қос алақандай ғана шәйі орамалдың шет-шетіне өрнек жүгіртіп, дәл ортасына жүрекшенің нобайын келтіріп ке- стелеп өз есімін жазған-ды. Ө.Кәр. * Өзім нобайын келтіріп, қолдан жасап алған қалақ «домбырамды» тыңқылдатып, үй ішіне маза бермейтінмін. Ү.Жәл. ~ Шөже тасқа бедерлеп жатқан суретгі бір нобайға келтіріп, ауылға кештетіп қайтты. К.Жүн. ~ Мана таңнан тұрып кірпіш құятын үш-төрт қалыптың нобайын келтіріп қойған. Ө.Кәр.
НОБАЙЫ ТҮЗУ
Жөні дұрыс, іске жарамды. * — Труба түбіндегі жапырық тас үй — мехцех. Бұл әншейн келешегіне қарай қойылған ат, әйтпесе нобайы түзу бір механизм жоқ. Ғ.Мұст. ~ Өйткені мыналардың бəрі күні бұрын келісіп алғандай-ақ Арманның əкесін жер- көкке сыйғызбай мақтап, ал шешесін өлердей даттап сөйлейді. Бірде-бірі шешесі хақында нобайы түзу сөз айтар емес. Н.Кел.
НОБАЙЫ БІЛІНДІ (БАЙҚАЛДЫ)
Түр-тұрпаты біршама айқындала бастады. ~ Алда қарауытқан қора көрінді. Жобасы үйге ұқсай ма деп көзін сүртіп қарай берген. Жақындай келе нобайы білініп, төрт құлағы көрінді. К.Жүн. ~ Үміті оянғалы бір жыл- дан асты. Әр нәрсенің нобайы байқалады. Ө.Кәр.
НІЛІН ЖОҒАЛТПАДЫ
Бастапқы әдемі реңін сақтап қалды. ~ Жиделердің гүл жарған кезі. Тырнақтай ғана майда, сарғыш гүлдер әлі нілін жоғалтпай, көк жасылданып тұрған ұзынша жапырақтарды көлегейлеп, алыстан сап-сары боп көздің жауын алады. Ж.Шағ.
НІЛДЕЙ БҰЗЫЛДЫ (БҰЗДЫ)
НІЛДЕЙ БҰЗЫЛДЫ (БҰЗДЫ) Көңілі оқыс өзгеріп, бұлқан-талқан ашуланды. * Жақында досым Дидахмет Әшімхановтың «Жетпіс апа» аталатын тамаша әңгімесін оқып шыққан соң нілдей бұзылдым. Қ.Ергөб. * Мұны көрген басшының қабағы қалыңдап, көңілі нілдей бұзылды. О.Сәрс. * Жаңа ғана жайдары, күлімдей өзін қызықтаған бейтаныс үш жанның сәлдің арасында неге нілдей бұзыла, жүздерінің суық тарта қалғанын сары күшік түсінген жоқ. М.Сүнд. * — Биыл ол кісі, апамды айтам да, «өлсем де сендермен жайлауға бірге барам, жаз бойы жандарыңда болам» деп, жап-жақсы отыр еді. Бар ойын нілдей бұзған колхозбастық болды ақыры. Д.Әшім.
