Қандай ойы бар, не ойлап жүр, не істемек д.м. ~ Мөржан. Нарша да біліпті дейді? Шынымен–ақ менің асыраған балам жаманатты болғаны ма? Мұның не білген ойы бар? Шақыр мұнда Қарагөзді! (Қыз кетеді.) М.Әу. * Нүркенді түрлі айламен өзінен қожыратқысы келгенімен, нүркенің не білген ойы бар, кенеше жабысып, айырылар емес. Б.Жұм. ~ Ал өзімізді билеп– төстеп тұрған Шыңдубәнның не білген ойы бар? Қызыл орысқа нағып қырын қарай қалды, – Оразхан ақалақшы, орнынан көтеріліп қойып. Т.Рыск.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
НЕ БӘРІ
Бар-жоғы осы ғана д.м. ~ Жирен сары алқымынан сығып талықсып жатқанда мына көл–көсір әлем соншалық кішірейіп, не бәрі алақанның аумағындай кір–кір аспан көлеңдеп көзіне түсе берді. Ә.Нұрп. ~ Бай боп тұрған ешкім жоқ, және бір кезде, яғни біз тумастан не бәрі он– он бес жыл ғана бұрын бүкіл бір ауылдың малы тегіс бір адамның меншігі болды деген ақылымызға онша сыймайтын. С.Мұр.
НЕ БӘЛЕСІ БАР
Нендей себебі, қитұрқысы, шатағы бар д.м.* Қарқылдап жүре бермей ме, не бәлесі бар, Қияданшалар қыранның арманы құрсын? Д.Кәп. ~ Соншалық не бәлесі бар бұл кітаптың, деп кешкісін төсегіне жатып алып, әлгіні парақтаса, қыз кейбір беттеріндегі сөйлемдердің астын қызыл қарындашпен сызып тастапты. Н.Дәу.
НЕ БӘЛЕ КӨРІНДІ
Неге бүйттің, НЕ БОЛДЫ САҒАН Д.М. ~ » Түнімен дөңбекшіп күрсіне берген соң Махфузадан кейіс естіп қалды: «Саған не бәле көрінді, ішіңді өртеп бара ма, ғашық болып қалсаң — айт жасырмай!» — деп тиісті. Ә.Тар.
НЕ БӘЛЕ
Әлденеге АШУМЕН қайран қалғанда, ызалана айтылатын тіркес. ~ Үйге кірместен дабырлап сөйлеп: — Бұл не бәле?! Неткен сұмдық?! Қазақ баласының біріне-бірі бұндай жамандық еткенін қай атамнан көріп едім?! Араздығым болса да, аямас жаулығым бар ма еді ? Қайда! ? Қайда Оразбай! ?— деп, қасындағы жігітіне ұраңқайдың есігін ашқызып тұрып, осындай сөздерін айтып алып, үйге кірген. М.Әу. ~ Сиырдың мүйізін кесу деген не бәле, мұны қайдан шығардың деп тұрған боларсың. Мал жанды кісі осындай амал жасайды. Кескен абзал, әйтпесе басын құртады. Х.Ес. ~ О, түрінен айналдым. Үрпиіп жүдеп кетіпсің ғой өзің, — деп шешесі оны жас баладай әуектетіп, бетінен сүйді. — Осы сендердің әйелдерің тамақ бермей ме? Не бәле бұл? Қ.Жұм. ~ Сен Асқардан туған ұл болсаң, бұлай деуге тиіс емессің. Ескі жол деген не бәле, жаңа жол тұрғанда? Екеуінің алыс–жақыны бірдей… Т.Әбд.
НЕ БӘЙГЕ АЛАСЫҢ
Не ұтасың, қандай пайда табасың. * — Мен асарымды асап, жасарымды жасаған адаммын, — деді Назарға қарап. — Мені қорқытып, не бәйге аласыңдар. Кедей десең, кедеймін, батырақ десең, батырақпын. Артель алғаш ашылғанда мүше едім, содан мүшемін… Т.Әбд.
НЕ БЕТІҢДІ АЙТАСЫҢ (НЕ БЕТІН АЙТАДЫ)
Не дейді, қалай ақталады д.м. ~ Ал, мына кісіге не бетіңді айтасың? Тіпті ең үлкен сый, сыпайы, маңғаз ісісі өзі, осы кісі. Тұрысын қарашы! Әнекей тіпті жазығы жоқ. Ал, не дер екенсің енді! М.Әу. ~ Ал әкесінің көзін көрген, әкесінің қаны тамыр-тамырында бүлкілдеп соғып тұрған, әкесінің сөзін сөйлеген адамға не бетін айтады? М.Қаб. ~ Бәлем, күні ертең Сейсен шөптен уыс-уыс қып ақша алады, алады да, екі қалтасын толтырады. Сонда Ержан не бетін айтады? М.Қаб.
НЕ БЕТІМЕН (БЕТІММЕН)
Қайтіп қараймын; ұят емес пе; ұялмай-қызармай қалай (әлдебір іске) дәті барады д.м. * Жан апасынан мәңгілік айырылып, басы қаралы, жүзі жаралы болып отырып, не бетімен бай іздегені? Ж.Айм. * Тірі қалып, Құдай жазып, көретін күн болса, күйеуіне не бетімен жолықпақ!.. Ойпырмай! Мұндай да сорлы, мұндай да масқара болған қазақта әйел бар деймісің? Ж.Айм. * Жүк дейтін жүк те жоқ, жаздық киім-кешек қана, конспект, кітаптары. Қысқы киімдерін алу үшін үйіне баруы керек. Не бетімен? Ш.Құм. * Не бетiммен көрiнемiн мына елге, Не айтамын мына ессiз қауымға? Ә.Балқыб.
НЕ БЕТІМДІ АЙТАМ
Әлдебір ұятты іс үшін қалай ақталам д.м. ~ Ертең Асқар аман келсе, не бетімізді айтамыз. Әлдекімнің әйелі болса мен оны не қылайын. С.Мұқ. ~ Шах пен маттың арасы бір-ақ адым‚ кел‚ көрсетейін» деп‚ кірген бетте шаршы тақтаны іздейтін ініме не бетімді айтамын. Қ.Түм. ~ Енді қайттім, мамама не бетімді айттым, — деді Айдай даусы дірілдеп. — Үйдегі барымыз осы еді, — енді қайттім! Қ.Ысқ. ~ — Ой, нағылет жауғыр… Сені оқуға бермей бәлеге берген екенмін. Тумай туа шөккір! .. Құдай — ай, ел алдында масқара болдым — ау. Құдама не бетімді айтам? Жоғал көзіме көрінбей! Жоғал! Н.Сер.
НЕ БЕТ БАР
Әлдебір іске ұяты жібермеу туралы. * Саған хат жазарлық менде не бет бар ? Сонда да болса әйтеуір… Баламнан қайтар, баламнан қайтпаса, құдайдан қайтар. К.Қаз. ~ Қыжым орамал жамылған әйелі көлеңдеп самауыр қойды. – Шайға қарайтын не бет бар? Қане, кім лау береді? Кім ереді маған? – деп Кәден орнынан тұрды. Т.Әл.
